Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүргізуші-Автомобиль-Жол-қоршаған орта жүйесі

Автор:   •  Сентябрь 11, 2025  •  Лекция  •  1,366 Слов (6 Страниц)  •  1,650 Просмотры

Страница 1 из 6

№3 тақырып. Жүргізуші – Автомобиль – Жол - қоршаған орта жүйесі.

Дәріс жоспары:

  1. Автомобильдің басқа көлік құралдарының алдындағы артықшылығы.
  2. Жүргізуші – Автомобиль – Орта жүйесі.

1.        Автомобильдің басқа көлік құралдарының алдындағы артықшылығы.

Заманауи ғылыми зерттеулер мен іс жүзіндегі тәжірибе көрсетілген теріс құбылыстардың себептерін түсіндіруге және автомобильдендірудің орынсыз салдарын қысқарту және жою бойынша ұсыным беруге мүмкіндік береді. Автомобиль басқа көлік құралдарының алдында басымдыққа ие: жоғары оңтайлылығы, жолаушылар мен жүктерді «есіктен есікке» жеткізу қабілеті, басқарудың салыстырмалы жайлылығы. Автомобильдің осы басымдықтарымен автомобильдендіруді  сүйемелдейтін аталған теріс құбылыстар және бірінші кезекте  қозғалыс қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейі байланысты. Қауіпсіздіктің төмен деңгейін анықтайтын заманауи автомобиль тасымалдарының үш негізгі сипаттамалық белгілерін атауға болады:

  • автомобиль көлігінің өз параметрлеріне сай келетін жолдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
  • көлік ағындарын жол қозғалысының басқа қатысушыларынан жеткіліксіз оқшаулау;
  • жүргізушілердің жоғары емес орташа біліктілік деңгейі.

Жол құрылысы автомобильдер паркінің өсімінен артта қалуы әлемнің барлық елдеріне тән. Көлік құралдары паркінің өсуі мен КЖЖ дамуы арасындағы сәйкессіздік қалаларда ерекше сезіледі, мұнда жол құрылысы қаржылық мүмкіндіктермен ғана емес қолданыстағы жоспарлау және құрылыс салумен де шектеледі. Көшелер мен жолдардың көлік құралдарымен асыра толуы жағдайларында автомобильдендірудің барлық теріс құбылыстары көрінеді.

Қала сыртындағы жолдарда, әсіресе сонда орналасқан шағын елді мекендердің шегінде автомобильдер қозғалысы тракторлармен, көлік-арбамен, жаяу жүргіншілермен және үй жануарларымен қатар болады. Мұндай аралас және реттелмеген қозғалыс көптеген даулы жағдайлардың туындауы үшін жағдай жасайды.

Қалаларда аралас қозғалыс басым, жеткілікті дамымаған КЖЖ –дан көлік құралдарының белгілі бір түрлері үшін жеке магистральдар бөлудің нақты мүмкіндігі жоқ.

Қозғалыс қауіпсіздігі жоспарындағы маңызды проблемалар адамдардың көп бөлігінің жүргізуші болу тілегіне байланысты туындайды. АҚШ-та іс жүзінде барлық ересек халықтың жүргізуші куәлігі бар. Біздің елде жыл сайын шамамен 300 мың адам жүргізуші куәлігін алады. Алайда, дамыған материалдық-техникалық базаның болмауынан, білікті оқытушылардың жетіспеушілігінен жаңа жүргізушілерді дайындау барысы қажет етілетін дағдылар мен білімдерді қалыпастыруды қамтамасыз етпейді.

Сонымен бірге, автомобиль техникасын дамытудың заманауи деңгейінде жүргізушінің сенімділігі қозғалыс қауіпсіздігінің шешуші факторы болып табылады. Автомобильді берілген траектория бойынша бағыттау, қозғалыстағы көлік құралдарының арасындағы тиісті қашықтықтарды сақтау және интервалдарды сақтау, жолда туындайтын даулы жағдайларды шешу негізінен жүргізушіге тәуелді.

Жолдарда қозғалысқа қатысатын жаяу жүргіншілер мен адамдар басқаратын көлік құралдарының әр түрін және жол қозғалысы деп аталатын жиынтықты қамтитын күрделі әлеуметтік-техникалық жүйе жұмыс істейді.

Жол қозғалысы термині (Road Traffic, Strassenverkehr) алғаш рет 1949 жылы БҰҰ шеңберінде қабылданған Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның өтінішіне кең енгізілген, 1968 жылы өңделді, ал 1993 жылы толықтырылды.

2.        Жүргізуші – Автомобиль – Жол - қоршаған орта жүйесі.

Жол қозғалысының ерекшеліктері және проблемалары ең алдымен «жүргізуші – автомобиль – жол – қозғалыс ортасы» жүйесімен (ЖАЖО) негізделген. Одан арғы баяндауда қозғалыс ортасын (қоршаған ортаны) орта деп атаймыз.

Бұл жүйені Ортада О жұмыс істейтін ЖАЖ өзара байланысты компоненттері түрінде көрсетуге болады (1.1-сурет). Бұдан басқа, жүйенің құрылымында АЖ – «автомобиль-жол» механикалық кіші жүйесін және ЖА – «жүргізуші-автомобиль» және ЖЖ – «жүргізуші-жол» биомеханикалық кіші жүйесін, сондай-ақ ОЖ, ОА, ОЖ кіші жүйелерін бөлуге болады.

...

Скачать:   txt (20.9 Kb)   pdf (170.7 Kb)   docx (242.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club