Газ тарату механизмі
Автор: Askar Jone • Сентябрь 24, 2024 • Лекция • 2,311 Слов (10 Страниц) • 16 Просмотры
Газ тарату механизмі
Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін про- цестерді басқарады. Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, үлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып үстап түрады, ал шы- ғару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жан- ған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған
[pic 1]
2.7-сурет. Газ тарату механизмінің жүмыс схемасы:
1,2-жетек шестернялары; 3-иінді білік; 4-болт; 5-клапан; 6-клапан үясы; 7-серіппе; 8-тарелка; 9-итергіш; 10-жүдырык.ша; 11-күйенте; 12-ось; 13-кронштейн; 14-штанга;
қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан түрады. Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер то- бының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді. Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы жоне жандық газ тарту механизмдер болып бөлінеді. Жандық газ тара- ту механизмі (2.7.а-сурет) кезінде клапандар (5) цилиндрдің жанына жасалған үяда (6) түрады, ал кла- пандары (5)(2.7.б-сурет) жоғарыда орналасқан газ та- рату механизмінде цилиндр басындағы үяда (6) түра- ды. Осындай клапандардың орналасу түріне байла- нысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде (2.7.а-сурет) жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен (2) үнемі тістесіп түратын шестернясы (1) бар жүдырық- ша білікшеден (10), итергіштен (9) және реттегіш болт- тан (4) қүралады. Ал клапандары жоғарыда орналас- қан газ тарту механизмде (2.7.б-сурет) осыларға қосымша штанга (14), күйенте (11) арнаулы оське (12) бекітіледі.
Осы клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінің жүдырықша білікшесінің орналасуына байланысты, жетек механизмдері де әртүрлі болады. Жоғарыда айтылғандай жүдырықша білікше төменде орналаспай, тікелей клапандар қасында орналасатын түрі бар (2.8-сурет)
Бүл механизмде жүдырықша білік (5) тікелей кла- пандар (7) үстінде түрады да оны рычагтар (3) арқы- лы қозғалысқа келтіреді. Бірақ жүдырықша білікше арнаулы тісті белдік (1) немесе шынжырдың көмегі- мен иінді біліктен қозғалыс алады.
Газ тарату механизміндегі негізгі бөлшектерге кла- пандар тобы мен жүдырықша білікшені жатқызуға болады. Механизмнің қандай орналасқанына қара- мастан, олар жүмысты мынандай ретпен атқарады.
[pic 2]
2.8-сурет. Клапандары үстінде орналасқан газ тарату механизмі:
1-белдік; 2-кергіш шкив; 3-рычаг; 4,9,10-шкивтер; 5-таратқыш білік; 6-реттегіш болт; 7-клапан; 8-кронштейн.
Иінді білік арқылы жүдырықша білікше айналмалы қозғалысқа келеді. Иінді білік екі айналған кезде жүдырықша білік бір-ақ рет айналады. Себебі цилиндр ішіндегі жүмыс циклы иінді біліктің екі айналысын- да толық орындалатындықтан, сол мезетте сору не- месе шығару клапандары бір рет қана ашылады, яғни жүдырықша клапанды бір рет қана қозғалысқа келтіруі керек.
Жүдырықша білікше айналған кезде онда орна- ласқан жүдырықшалар да айналады. Жүдырықшалар
білік осінен алшақ шығып түрады. Сол шығыңқы түсы келіп итергішті немесе рычагты итереді де оны- мен жалғасқан клапанды итеріп, оны жауып түрған үясынан алыстатып барып соратын немесе шығара- тын тесіктерді ашады.
Бір цилиндрге көбінесе бір соратын жоне бір шы- ғаратын клапандар қойылады. Кейінгі кездерде осы клапандардың санын одан әрі көбейтіп, бір цилиндр- ге үш немесе төрт клапандар қойылып жүр. Бір ци- линдрге қанша клапан болса, жүдырықша білік- шелерде сонша жүдырықша болуы тиіс. Клапандар- ды көп двигательдерде екі қатар орналасқан жүды- рықшалы біліктер қолданылады.
Алғашқы тақырыптарда, двигательдің жүмыс циклін қарағанда, поршеннің ТӨН-гі және ЖӨН-не жеткен кездерде клапандар ашылып-жабылады деп қарағанбыз. Бірақ, нағыз двигатель циклында азда- ған өзгешеліктер болды. Себебі сорылатын немесе шығатын газдар инерция қасиетінің салдарынан ци- линдрге кіріп немесе шығып үлгермеуі мүмкін. Сон- дықтанда клапандарды ертерек ашып, кешіктіріп жа- буға мәжбүр болады. Сондай кешігулер мен ертерек ашылулардың графигін газ тарату диаграммасы деп атайды. Сол диаграмма 2.9-суретте көрсетілген.
...