Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бидай дәнінің сұрыптары,кластары және олардың химиялық құрамы

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Контрольная работа  •  2,488 Слов (10 Страниц)  •  763 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

[pic 1]

БӨЖ №1

Тақырыбы: «Бидай дәнінің сұрыптары,кластары және олардың химиялық құрамы»

Орындаған: Молдабекова Қ.Қ.

Тобы: ТХ-19-12

Тексерген: Байысбаева М.П.

2021 жыл

Жоспар

1.Кіріспе

2.Бидай дәнінің сұрыптары

3.Бидай кластары

4.Бидайдың химиялық және физикалық құрамы

5.Қорытынды

Бидай дәнінің сұрыптары

Бидайдың түрлері. Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктіреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нагыз бидайлар жөне қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум, т.б. бидайлар). Қабықты (полба) түрлерінің масағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури, т.б. бидайлар). Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады.

Жұмсақ бидай егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жан-жағына шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы ұзынша әжімді, оның қыры (киль) жіңішке, негізіне қарай жойылып кетеді. Масақтың бет жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабанының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды немесе жылтыр (шынылы). Айдары айқын ажыратылады, қылдары ұзын.

Қатты бидай масағы тығыз, призма пішінді, бүйірі бет жағынан кең, негізінен қылтықты. Қылтықтары ұзын, параллель орналасқан. Масақ қабықшасының қыры (киль) негізіне дейін айқын ажыратылған. Масақ асты сабаны паренхима ұлпасымен толтырылған. Масағы қиынырақ үгітіледі. Дәндері сопақша, ірі жылтыр, кейде әлсіз ұнды. Айдары әлсіз дамыған, қылдары қысқа.

Жұмсақ және қатты бидайлар кең тараған, сондықтан сыртқы орта мен адамзат әсеріне көп ұшыраған. Осының нәтижесінде көптеген түршелерге тармақталған. Бидайды түршелерге ажырату үшін тұрақты морфологиялық бес белгісі — масақтың қылтықтылығы, масақша түктілігі, масақтың, дәннің және қылтықтың түстері алынған.

Қазақстанның солтүстігінде барынша көп тараған түршелерге жұмсақ бидайдан лютесценс, барбаросса және қатты бидайдан гордейформе, леукурум жатады. Бидайдың әрбір түршесі биологиялық және өндірістік ерекшеліктерімен бір-бірінен ажыратылатын бірқатар сорттарын біріктіреді. Бір түршеде жаздық та, күздік те, ерте пісетін және кеш пісетін, т.б. сорттар болуы мүмкін.

Жаздық жұмсақ бидай. Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық жұмсақ бидай — салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2°С жылылықта өне бастайды. Алайда, тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С-та 13 күнде, +10°С-та 9 күнде, 15°С-та 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгі қысқа мерзімді -10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде -1-2°С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен өнеді. Себу — көктеу кезеңінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ.К., т.б.) Целиноград ауданы жағдайында аталған кезең 10 күннен 16 күнге дейін өзгерумен орта есеппен 13 күнге созылады.

Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына оң әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Өсімдіктің жеке дамуына бұл кезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін органогенездің алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі білік, гүл шоғырының білігі қалыптаса бастайды, гүлшоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Ақмола облысы жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температура мен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену-масақтану кезеңіндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Бұл кезеңдерде жаздық бидай өсімдігі екінші жастық дәуренін ~ органогенездің 5-8 кезеңдерін (гүл дифференциациясы, жатыр мен аталықтардың қалыптасуы, түйін аралықтарының ұзара өсуі, масақтану кезеңінің аяқталуы) өтеді. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңі көбінесе шілденің алғашқы онкүндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж. сияқты) — маусымның соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі, жаздың бидай тіршілік шағының үшінші дәуренінің басы немесе органогенездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану-пісіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да, органогенездің 10-12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С. Жалпы алғанда, орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1900°С, ал оң температура жиынтығы 2200-2500°Сдейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа орта есеппен 110-115 күннен аспайды.

...

Скачать:   txt (34.4 Kb)   pdf (278.8 Kb)   docx (123.8 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club