Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық технологияларды ауыл шаруашылық саласында қолдану

Автор:   •  Октябрь 4, 2022  •  Реферат  •  636 Слов (3 Страниц)  •  169 Просмотры

Страница 1 из 3

                        [pic 1]

         

              Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

              Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Университеті




Бизнес ақпаратты басқару

Тақырыбы: Ақпараттық технологияларды ауыл шаруашылық саласында қолдану.

Орындаған: Сағынбаев Алмас Ержігітұлы

Тобы: 21.302 МБ Логистика.

Тексерген: Салыкова А.Н.

 


Алматы, 2022

Мазмұны:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

АҚПАРАТТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ШОЛУ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

        


       
КІРІСПЕ

    Ақпараттық технологияларды ауыл шаруашылық саласында қолдану тақырыбын заңнама негізінде, осы жобамды бастауды шештім.

    Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай ауыл шарушылығында жұмыс жасайтын азаматтардың  жұмыстарын  автоматтандыру және жеңілдету үшін қажет.

   Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.

   Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық экономикамен қатар құрылыс, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің  көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.

   XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып,  оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. [1]

         НЕГІЗГІ БӨЛІМ      

     Еліміздің ауыл шаруашылығын қарқынды түрде дамытып, оны жаңа деңгейге көтеріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені баршаға мәлім. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында аграрлық салаға қатысты нақты тапсырмаларды жүзеге асыру міндеттерін айқындап, «ақылды технологиялар» есебінен 5 жыл ішінде ондағы еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есеге арттыру қажеттігіне ерекше көңіл бөлді. Оның ішінде саланы цифрландыру, оны цифрлы технологияларға көшіру ерекше орын алмақ. Себебі олар бүгінгі замандағы бүкіл адамзаттың, өмірдің барлық салаларының, соның ішінде экономиканың қарқынды дамуының негізі болып отыр. Осы бағытта С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде АӨК-ті цифрландыру және соған байланысты дәл егіншілік технологиясын енгізу жолында біршама жұмыстар атқарылуда. Осыдан 3 жыл бұрын біз шетелдік инвестиция есебінен Корея университеті (Сеул қ.) және америкалық «ESRI» компаниясының көмегімен университетте «ГАЖ технология орталығын», сондай-ақ әлемге әйгілі «CLAАS» және «John Deere» компанияларының техникалық қолдауымен «Дәл егіншілік орталығын» құрдық. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша біздің университет Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде АӨК-ті цифрландыру мен дәл егіншілік технологияларын өндіріске енгізу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасауды қолға алып отыр. [2]

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (173.3 Kb)   docx (79.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club