Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әр түрлі жастағы дені сау балалардың зәр шығару жүйесінің функциональды және құрал саймандармен зерттеу әдістері

Автор:   •  Январь 31, 2019  •  Реферат  •  1,824 Слов (8 Страниц)  •  1,627 Просмотры

Страница 1 из 8

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

     Мамандығы: жалпы медицина

     Кафедра: Балалар аурулары пропедевтикасы

     Тақырыбы: Әр түрлі жастағы дені сау балалардың зәр шығару жүйесінің функциональды және құрал саймандармен зерттеу әдістері

        Орындаған: Абуов Аманбек

        Тобы: 304 Б

        Тексерген: Туякбаев Аманжол Муссинович

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Несиеп-жыныс  жүйесін тексеру әдістері.

2. Функционалды тексеру тәсілдері.

ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

НЕСЕП ТҮЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ МҮШЕЛЕРІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Несеп жүйесін тексергенде науқастың өзінен немесе ата-анасынан сұрастырып, несеп бөлудың бұзылуы туралы мәліметтерді ұқыпты жинау керек. Ол үшін төмендегі мүмкін болатын өзгерістердің бар-жоғын анықтау қажет.

 Ауру синдромы – көбіне белі, бір немесе екі жағының да ауыратының көрсетеді. Ол тез басталып жедел немесе жәйлап үнемі ауруы мүмкін. Ауру несеп жолымен төмен жылжып, сыртқы жыныс мүшелеріне тарауы мүмкін. Жалпы белгілер – бас ауруы, лоқсу, құсу, тері және кілегей қабықтарының бозаруы.

Ісік синдромы – ісік әуелі бетте, аздап дене мен аяқ-қолдарында болады. Ісік кейде үлкен мөлшерге дейін жетеді немесе, керісінше, жасырын, білінбейтін ісіктерде болуы мүмкін. Несеп шығарғанда ауырсыну – несеп бөліне бастаған кезде, соңында немесе бүкіл несеп шығару бойына ауырсынады. Несеп шығара бастаған кезде ауырсынса уретритке, балонопаститке қатысты, егер соңында ауырсынса, циститке байланысты болғаны. Жиі несеп шығару немесе поллакурия – сұйықты көп ішкенде, ісік тарағанда, циститте болады. Кіші дәретін ұстай алмау – қуық, артқы уретра қабынғанда байқалады. Бұл жағдайда несеп бөлу жиіленеді, оны кіші дәреттің тоқтамауымен шатастыруға болмайды. Айырмашылығы – кіші дәретке отырғысы келмесе де, несеп бөліне береді. Несепті қиын шығару – қуықтан несептің еркін жүруінінің бұзылуы тарылу, тастар немесе несеп жолының ісігі, фимоз сиякты кедергі пайда болғанда, байқалады. Ішпен қатты күшеніп, несеп шығарады. Ми ауруларымен зақымдалғанда да несеп қиын шығады. Несептің кідіруі (ишурия) – қуықтың несеппен толғанына қарамастан, оның шығуына мүмкіндік болмайды. Несептің тоқтамауы. Кіші дәретке отырғысы келмесе де, қуық толса да, толмаса да несеп бөліне береді. Абсолютті және шартты болып несептің тоқтамауы екіге бөлінеді. Несептің абсолютті тоқтамауында несептің шығару актісі болмайды, себебі, несеп еріксіз бөлінеді. Экстрофияда (қуықтың іштен туа пайда болған жарылуы), тотальды эписпадияда, қуықтың жылан көзінде болады. Несептің шартты тоқтамауында несептің жартысы еріксіз бөлінеді де, жартысы қуықта қалып қояды. Ауық-ауық кіші дәретке отырғысы келеді де, кейін несеп дұрыс бөлініп шығады.

Энурез (несептің түнде тоқтамауы) – ұйықтап жатқанда еріксіз кіші дәрет жіберіп қою. Балалар арасында 5-15 % кездеседі. Сонымен қатар, бала қанша сусын ішеді, шөл бар ма, қашан пайда болғанын білу керек. Бұл өзгерістерге не себеп болғанын, жедел респираторлы вирусты инфекциямен, баспамен, жәншаумен ауырды ма? Алдын ала егу жасалған жоқ па? Олардан кейін қанша уақыттан кейін бұл белгілер пайда болды. Денесінің қызуы және диспепсиялық өзгерістер байқалады ма? Анасының жүктілік кезеңінің қалай өткенін, қалай босанғанын, оның денсаулығын білу керек. Сонымен қатар, жақын тума-туыстарында несеп жүйесінің аурулары бар- жоғын (болғанын ия болмағанын) анықтау қажет.

ҚАРАУ. Арудың хал-жағдайы, көңіл-күйі, ақыл-есі, төсектегі қалпына көңіл бөлу керек. Дене бітімінің жетілуін қадағалайды. Тері түсіне (бозару), оның құрғақтығына, ісіктің бар-жоғына көңіл бөлінеді. Жасырын ісікті анықтау үшін дене салмағын өлшеп отырады және бұл үшін Мак-Клюра-Олдричтың «күлбіреу» әдісі қолданылады. Білек терісінің ішіне жіңішке инемен 0,1 мл физиологиялық сұйық егеді, жасырын ісік жоқ болған жағдайда 1 жасқа дейінгі балаларда 15-20 минуттан соң, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда 20-25 минуттан, ал ересек балалар мен үлкен кісілерде 40 минуттан соң терінің күлбірегені жоғалып кетеді. Іштің түрі мен мөлшеріне көңіл аударады, яғни, іш шеменін анықтайды. Кейде кішкене балаларда қуық толып кеткенде, қасаға үстінде томпайып көрініп тұрады. Баланы тұрғызып немесе төсекте жатқан қалпында, оның сыртқы жыныс мүшелерін қарап, ұманың көлеміне, үрпі каналына және вульваға көңіл аудару қажет. Ер баланың жыныс мүшесін қарағанда, фимоз бар жоғын анықтау қажет. Қан қысымын міндетті түрде өлшеу керек, өйткені, бүйректің көптеген ауруларында қан қысымы жоғарлайды. Бұнымен қатар жүрек шекарасын ұқыпты тексеріп (көбіне гипертония әсерінен – солға, айқынды күрделі ісікте – барлық жаққа кеңейеді), аускультация жасау керек (көбіне жүрек ұшында І тонның зорланып күшейгені, аорта тұсында ІІ тонның акценті анықталады).

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (142.1 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club