Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемде және Қазақстанда қант диабетінің таралуы және онымен күресу жолдары

Автор:   •  Октябрь 13, 2024  •  Реферат  •  2,150 Слов (9 Страниц)  •  21 Просмотры

Страница 1 из 9

                   ҚР  білім және жоғары білім министрлігі

                   Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 [pic 1]

 

[pic 2]

 

                       Факультет : Биология және биотехнология

                  Кафедра : Биотехнология

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: “Әлемде және Қазақстанда қант диабетінің таралуы және онымен күресу жолдары.”

 

 

 

 

 

                    Орындаған: Әділ Ақнұр

                                         ​​​                    Тексерген: Асрандина С.Ш.

                                                      Алматы,2024

    Жоспар:

  1. Кіріспе

Қант диабеті ауруына түсініктеме.

  1. Негізгі бөлім

1. Қант диабеті ауруының себептері.

2.. Қант диабетінің таралуы.

3.. Статисталық көрсеткіштер.

4. Қант диабетінің алдын алу шаралары және    емдеудің заманауи тәсілі.

III. Қортынды.

Диабет – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Диабет – грек тілінен аударғанда  сүзгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

 Қант диабеті — бұл ұйқы безінің гормоны-инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жетіспеушілігіне байланысты қандағы қант деңгейінің созылмалы жоғарылауымен сипатталатын эндокриндік ауру.

        Ауру метаболизмнің барлық түрлерінің бұзылуына, тамырлардың, жүйке жүйесінің, сондай-ақ басқа органдар мен жүйелердің зақымдалуына әкеледі.Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді. Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке тіреледі. 

Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылық-тың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фосформен, қорғасынның) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі, оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді

 Қант диабеті алты категорияға жіктеледі: 1 типті қант диабеті, 2 типті қант диабеті, қант диабетінің гибридті түрлері, жүктілік кезінде алғаш анықталған гипергликемия, «жіктелмеген қант диабеті».

 Инсулинге тәуелді қант диабеті (1 типті қант диабеті) негізінен балалар мен жас ересектерде дамиды;
2. Инсулинге тәуелді емес қант диабеті (2 типті қант диабеті) әдетте артық салмағы бар 40 жастан асқан адамдарда дамиды. Бұл аурудың ең көп таралған түрі есептеледі.  

 1 типті қант диабетінде ұйқы безінің бұзылуына байланысты инсулиннің абсолютті жетіспеушілігі болады.
2 типті қант диабетінде инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігі байқалады. Ұйқы безінің жасушалары бұл процесте жеткілікті инсулин шығарады (кейде тіпті жоғарылайды). Алайда, жасушалардың бетінде оның жасушамен байланысын қамтамасыз ететін және қандағы глюкозаның жасушаға енуіне көмектесетін құрылымдардың саны  азаяды немесе мүлдем болмайды.. Жасушалардағы глюкозаның жетіспеушілігі инсулиннің одан да көп өндірілуінің белгісі болып табылады, бірақ бұл әсер етпейді және уақыт өте келе инсулин өндірісі айтарлықтай төмендейді.

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (325 Kb)   docx (539.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club