Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдағы медицина қызметкерлерінің мәртебесі: жетістіктер мен мәселелер

Автор:   •  Июнь 23, 2023  •  Эссе  •  698 Слов (3 Страниц)  •  428 Просмотры

Страница 1 из 3

Түркістан облысы,

Сарыағаш ауданы,

ШЖҚ «Сарыағаш

аудандық орталық

ауруханасы» МКК

Аширбаев Сабит Торегелдиевич

«Қоғамдағы медицина қызметкерлерінің мәртебесі:

жетістіктер мен мәселелер».

Кіріспе: 2022 жылда Түркістанда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің 35-ші отырысы аясында ТМД - ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының басшылары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге "ТМД елдеріндегі Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін ынталандырушы жұмыс ортасын құру және күйзеліс мәселесін  шешу" тақырыбындағы ток-шоуға қатысылды. Ток-шоу аясында кеңес жұмысына қатысатын ТМД-ның сегіз елінің делегация басшылары мен ДДСҰ ЕӨБ басшысы Х.Клуге медицина қызметкерлерін ынталандыру, COVID-19 ауруының Денсаулық сақтау жүйесіне әсері, цифрландыруды және медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметінің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Өзектілігі: ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Гүлнара Батырова, Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев, Арменияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Артак Джумаян, Ресейдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Евгений Камкин, Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Абдухолик Амирзода, сондай – ақ Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру бас басқармасы басшысының орынбасары – мамандандырылған медициналық көмек басқармасының бастығы Татьяна Санукевич баяндама жасады.

 Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев ауылдық жерлерде МСАК ұйымдарында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың ынталандыру шараларын енгізу туралы хабарлады.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Гүлнар Баатырова медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін бөлу есебінен МСАК қызметіндегі кадр тапшылығын еңсеру туралы айтылды.

Жұмыстың мақсаты: ҚР ДСМ басшысы әріптестерін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру, МСАК медициналық қызметтерін көрсетудің пациентке бағдарланған моделіне қайта бағдарлау және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау туралы хабардар етіп, алдағы уақытта облысымыз үшін және ауданымыз үшін үлкен жетістіктердің бірі болмақ.

Бұл орайда Президенттіміздің халыққа арнаған жолдауында: Ең алдымен, әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өткен. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру және ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізгу, аймақтық медицина қызметкерлерінің жұмысын жандандыру болып табылады. Себебі қазір негізгі күш жалпы тәжірибелі дәрігерлерге түседі. Оның ішінде шалғай елді мекендегі дәрігерлердің жұмыс сапасын жандандыру болып отыр.

Медицина саласының ауқымды жұмысын атқаратын - аймақтық дәрігерлер. Олар тұрғындарының денсаулығын қадағалап, сырқатқа шалдыққандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қай маманға баратынын анықтап, жол сілтейді. Оқыс жағдайға тап болғандарға орталыққа жеткенше қолдан келген көмегін жасайды. Сондықтан, аймақтық медицина қызметкерлерінің алатын орны орасан зор.

Нәтижесі және қорытынды: Бүгінде медицина компьютерлік жүйеге көшуде. Яғни, сырқаттың емдеу картасы электронды түрде жүргізіледі. Науқас адамның бұрын қандай аурумен сырқаттанғаны, оған қандай ем жүргізілгені, қанша рет «жедел жәрдем» шақырғаны тіркеледі. Соған қарап, оның денсаулығының жағдайы, алдағы уақытта қандай ем жасау керектігі анықталады. Барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшкен. Бұл бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (82.7 Kb)   docx (198.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club