Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қан түзуші жүйе

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Реферат  •  667 Слов (3 Страниц)  •  260 Просмотры

Страница 1 из 3

Қан – адам организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұрған күрделі жүйе. Өйткені, ұрықтану процесі, ұрықтың дамуы (эмбриогенез), ағзалардың өсіп жетілуі (онтогенез), организмді ішкі және сыртқы генетикалық бөгде заттардан (антигендерден) қорғау (иммунитет), ағзалар және ағзалар жүйесінің бір қалыпты жұмыс атқаруы, осы қанның құрамының мөлшеріне, морфологиялық және физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Үлкен адамдарда қанның жалпы мөлшері, әр адамның салмағының 7% құрайды, яғни 4-6 л. Тыныштық жағдайда қанның 50%-ы қан тамырларда айналыста болады (190-сурет), ал қалғаны кейбір ағзаларда жинақталып (депода) орналасады: бауырда (20%-ы), көкбауырда (16%-ы), тері тамырлары мен теріасты шелмайда (10%-ы).

Қанның құрамы 2 бөліктен тұрады: сұйықтық бөлігі – плазмадан (55-60%) және түйршіктік бөлігі – формалық элементтерден (40-45%). Плазманың өзі 90-91% судан, ал қалғаны (9-10%) құрғақ: органикалық (жалпы белок, фибриноген, глобулин, холестерин, глюкоза ж.т.б) және бейорганикалық (Na, K, Ca, Fe, P ж.т.б) заттардан тұрады.

Клиникада қанның формалық элементтер (клеткалық) бөлігінің мөлшерін (шамасын) гематокрит деп атайды. Қалыпты жағдайда гематокрит 40-45%-ға тең болады.

Гематокрит – төмендегі жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді:

-қанның құрамындағы эритроциттердің жалпы мөлшерін білдіреді;

-қандағы судың шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

-қан кеткен жағдайдағы аққан қанның мөлшерін анықтауға болады;

-улану кезіндегі және әртүрлі – бүйрек, бауыр, жүрек-тамыр жетіспеушілік жағдайларындағы су-тұз және қышқыл-негіздік зат алмасу процестерінің бұзылыстарын анықтауға болады.

Қанның атқаратын негізгі функциялары (191,192-суреттер):

1.Транспорттық: оттегі мен қоректік заттарды (белок, май, көмірсутегі, су, тұз, витаминдер, гормондар, Na, K, Ca ж.т.б.) организмнің барлық ағзаларына тасымалдау.

Осы функциясына байланысты қан бірнеше жеке қызымет атқарады:

-тыныс алу (респираторлық):

а) сыртқы тыныс алу (өкпенің ацинусынды жүреді) – тыныс алу жолындағы, яғни алвеоларлық ағаш қуысындағы О2-нің қанға сіңірілуі және ағзалардан тасымалданған СО2-ның қаннан тыныс алу жолдарына өтіп, сыртқа шығарылуы;

б) ішкі тыныс алу (ағзаларда жүретін процесс) – өкпелерден тасымалданған О2-нің қанан ағзаларға сіңірілуі және СО2-ның ағзалардан қанға өтуі;

-қоректік (трофикалық): барлық ағзаларға қоректік заттарды (белок, май, көмірсутегі, су, тұз, витаминдер, Na, K, Ca ж.т.б.) тасымалдау;

-шығару (экскреторлық): зат алмасудың (метаболизмнің) соңғы өнімдерін, ағзалардағы түзілген артық суды, тұздарды және бөгде заттарды (ірі бөлшекті заттарды, микробтарды, вирустарды, өлген және ісік клеткаларын ж.т.б.) ағзалардан алып шығып, шығарушы және иммундық жүйе ағзаларына тасымалдау;

-реттеуші (регуляторлық): ағзалардың жұмыстарын реттейтін биологиялық белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдайды;

-температураны реттеу (терморегуляторлық): жылуды ағзалар аралығына тарату және тері мен сілемейлі

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (45.8 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club