Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Гистологии"

Автор:   •  Июнь 19, 2020  •  Шпаргалка  •  21,181 Слов (85 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 85

1-деңгей сұрақтары

1.Цитология ғылымының анықтамасы. Цитологияның медицина үшін және гистологияны оқып білу үшін маңызы.Цитология (гр. kytos - жасуша, logos - ілім) - жасушаның құрылысы, тіршілік әрекеттері және дамуы туралы ғылым. Дәрігерге цитология ғылымының негіздерін жетік білу өте қажет, себебі, қазіргі медициналық практикада қатерлі ісіктер, қан, тұқым қуалаушылық және тағы басқа аурулардың диагнозын цитологиялық әдістер арқылы қою кең қолданылады. Сондай-ак, жасуша мембраналары мен органоидтарының құ- рылысы жайлы жаңа ғылыми мәліметтерді игеру, олардың қатысуымен организмде ететін қалыпты немесе патологиялық құбылыстарды түсіну және күнделікті тәжірибеде қолдану үшін өте қажет.

2.Гистологияда қолданылатын бояулардың түрлері, маңызы,бояулардың әр түрлеріне мысалдар келтіру.Тіннің құрама бөліктерінің әртүрлі бояуларды қабылдау кабілеттілігі олардың құрамындағы заттардың қышқыл-негіздік қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, сілтілі реакциялы құрылымдармен немесе заттармен (мысалы, гемоглобинмен) байланысатын қышқылдық (мысалы, конгоқызыл, әртүрлі қызғылт сарылар) және жасушаның қышқыл компоненттерімен (мысалы, ядро мен рибосомдардың нукленн қышқылдарымен) байланысатын негіздік (сілтілік) балаларды (мысалы, гематоксилин, метилді көк, толундинді көк, азур) ажыратады Нейтральді бояулар құрамында негіз және қышқыл бояғыш бөліктері бар, өйткені, олар негіз бояулар мен қышқыл бояулардың тұздары болып табылады. Сонымен, әрбір бояу жасушаның белгілі компонентіне спецификалық (өзіне тән, арнаулы) тартқыштық қасиет көрсетеді Қышқылдық бояулармен (мысалы, сөзіңмен) боялу қабілетін оксифилия немесе (ацидофилия (гр. немесе лат. acidus - қышқыл, philia- сүйіспеншілік, қабылдау, жұғысу) деп атайды. Бұл бояуды сіңіріп, қызғылт немесе қызылдың әртүрлі реңдеріне боялылымдар оксифильді немесе ацидофильді деп аталады. Жасуша цитоплазмасының оксифильді боялатын құрылымдарына митохондриялар, сілтілі ақуызды секреторлық гранулдар, эритроциттердің сілтілі ақуызы - гемоглобин, т. б. жатады. Негіздік балалармен (мысалы, гематоксилинмен) боялу қабілетін база- филия (гр. basis - негіз, philia - сүйіспеншілік, жұғысу) деп атайды, ал, олар- мен байланысып, көк немесе күлгін-көк түстерге боялатын жасуша күры- лымдары - базофильді) деп аталады. Оларға жататын құрылымдар - ядро (себебі, мұнда қышқылдар - ДНҚ және РНҚ көп) және синтездік белсенділігі жоғары жасушаның питоплазмасы) - мұнда РНҚ көп, өйткені, гранулды (түйіршікті) эндоплазмалық торы немесе еркін рибосомалары жақсы дамыған.Нейтральді бояулармен байланысып боялатын құрылымдар нейтрофильді (гетерофильді) деп аталады. Мысалы, қанның нейтрофильді гранулоциттерінің цитоплазмасындағы қызғылт-күлгін (қышқыл және негіз бояулармен боялған) ұсақ түйіршіктер Микроскоппен зерттеудің алғашқы кезеңдерінде бояулар жеке дара қолданылған, бірақ, бірте-бірте гистологиялық препараттарды бояуға олардың әртүрлі үйлесімдері (мысалы, негіздік бояу гематоксилин және қышқылдық бояу эозин) ең қолайлы болып шықты, сондықтан, күрделі бояулар қазіргі гистология мен патогистологияда жиі қолданылады. Кейбір негіздік бояулар (мысалы, азур П, толуидин көк) жасушаның ерекше химиялық қасиеттерге ие құрылымдарымен (мысалы, сульфатталған гликозамингликандармен) байланысқан жағдайда, өз реңін өзгертеді. Бұл құбылыс метахромазия (гр. meta - өзгерілу, chroma - бояу) деп аталады. Метахромазиялық боялатын құрылымдарға базафильді лейкоциттердің және дәнекер тіннің толық жасушаларының гранулдары, шеміршек тіннің негізгі заты жатады.

3.Жасушалық теория (авторлары,негізгі қағидалары).Жасуша - тіршіліктің ең ұсақ бірлігі болғандықтан, организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің және дамуының негізі. Жасуша туралы мұндай түсінік жаңа ғана емес, ол - 300 жыл бойы ғылымда орын алған микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан. 1839 жылы Т. Шванн және М. Шлейден өсімдіктер мен жануарлардың микроскопиялық құрылысы туралы мәліметтерді жинақтап және талдап, жасушалық теорияны жасады. Бұл теория - жаратылыстанудың негізгі зандарының бірі болып есептелінеді. Қазіргі кездегі жасушалық теорияның басты қағидалары төменде карастырылады.         1. Жасуша - тіршіліктің ең ұсақ бірлігі. Тіршіліктің жасушадан да ұсақ түрлері бар, мысалы вирустар. Бірак, олар тіршіліктің бірлігі деп саналмайды. Себебі, тірі организмдерге мына қасиеттер жинағы тән. көбеюге кабілеттілік, зат және энергия алмасу, сезімталдык, адаптация (бейімделушілік), өзгергіштік, т. б. Осы қасиеттер жинағыны ие болған ең ұсақ тіршілік түрі - тек қана жасуша. 2. Жасушаның көбеюі бастапқы жасушаның бөлінуі арқылы өтеді.Ұлы неміс патологы (дерт дамуын зерттеуші) Рудольф Вирхов айтқандай "Әрбір жасуша - тек қана жасушадан".Жасушаның бөліну механизмі - митоз 1880-ші жылдары ашылды.                                                                       3. Әртүрлі мүшелерден организмдерден алынган жасушалардың нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше вілганымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі (схемасы) ұқсас ядро, цитоплазма плазмалемма дан тұрады.Бұл-эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғандығының кепілі.                                                                                           

...

Скачать:   txt (346.8 Kb)   pdf (480.9 Kb)   docx (679.5 Kb)  
Продолжить читать еще 84 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club