Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туберкулез ауруына қысқаша шолу

Автор:   •  Ноябрь 10, 2019  •  Реферат  •  993 Слов (4 Страниц)  •  716 Просмотры

Страница 1 из 4

Жоспары:

Кіріспе:

o Туберкулез ауруына қысқаша шолу.

Негізгі бөлім:

o Туберкулездың тарихы; сақтану жолдары, емдеу тәсілдері.

Қорытынды.

Кіріспе.

Туберкулез (латынша tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis complex тобына жататын және «Кох таяқшалары» деп аталатын микобактериялар.

Туберкулез микобактериялары жіңішке,түзу не сәл иіліп келген таяқшалар,ұзындығы 1-10 , ені 0,2-0,6 мкм. M. bovis және M. paratuberculosis деп аталатын ірі қара туберкулезінің ұзындығы 1 мкм-ден аспайды. Микобактериялар қышқылға, сілтіге және спиртке төзімді болғанымен, қышқылға төзімділігі абсолютті емес және қышқыл мен сілтінің дәрежесіне тікелей байланысты. 10-40 пайыз липидтерден тұрады. Дегенмен жеке түрлерінде липидтердің мөлшері бірдей емес: адамдардың микобактериясы – 16%, сиыр туберкулез таяқшасы – 11%, БЦЖ штаммы – 25%.Ағзадан тыс жерде көбеймейді,бірақ қараңғы,ылғалды,жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаң ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Ауада бактериялар 1-6 метр радиус шамасында таралады. Сүт өнімдерінде 1 жыл, кітапта 6 ай, киімде 3-4 айға дейін өз тіршілігін жоймайды, -2690С-ге дейінгі температурада төзімділік танытады.

Қазақстан ТМД елдері арасында туберкулез ауруы деңгейі бойынша алғашқы орында. 2015 жылғы мәліметтер бойынша Солтүстік Қазақстан облысында – 72,5; Ақмола облысында – 70,8; Алматы қаласында – 36,7; Оңтүстік Қазақстан облысында – 40,8 мың адамды құрайды.

Өзге инфекциялық аурулармен салыстырғандағы өлім көрсеткішінің 80 пайызы туберкулездің еншісінде. БДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде 8,8 млн адам дертке шалдығып, 2 млн науқас көз жұмады екен. Ем қабылдамаған әрбір науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20-40 жас аралығындағы адамдарды құрайды. БДСҰ болжамы бойынша алдағы 10 жылда туберкулезді 90 миллион адам жұқтырады, 30 миллион адам өледі. Ал 20 жыл ішінде тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам көз жұмады.

Негізгі бөлім.

Туберкулез ауруы адамдарға 7000 жыл бұрын белгілі болған. Б.з.д 2 мыңжылдықта Вавилонда Хаммурапи патшаның билік құрған заманында туберкулезбен ауыратын әйелдермен ажырасуға рұқсат болыпты.

Гиппократ туберкулездің белгілерін нақты сипаттап жазған болатын. Ал оның адамнан адамға жұғатынын Авиценна болжаған және оған қоршаған ортаның әсері бар екенін айтқан болатын. XX-ғасырға дейін туберкулез мүлде емделмейтін еді. Туберкулездан С. Торайғыров, Ш. Уәлиханов, А. П. Чехов, Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Ф. Шопен, Ф. Кафка, Р. Лаэннек сияқты өнер қайраткерлері, жазушылар мен зерттеушілер зардап шекті.

Кох таяқшасын 1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологі Р. Кох (1843-1910) ашты. 1890 жылы Кох ауруды емдеу тәсілі табылды деп жариялады. Ол құрамына туберкулез таяқшасы бөлетін заттары бар стерильді сұйықтық – туберкулинді бөліп шығарды. Бұл сұйықтық туберкулезбен ауырғандарда аллергиялық реакция тудыратын,бірақ ешқандай емдік қасиеттері болмады. Алайда туберкулин пробасы туберкулез диагностикасында қолдануға болатыны белгілі болды. Р.Кох туберкулезді зерттегені үшін 1905 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған.

1921 жылы Альбер Кальметт және Камиль Герен туберкулезге қарсы БЦЖ екпесін жасап шығарды. Жүргізілген көптеген зерттеулер қарама-қарсы нәтиже берді. Екпенің әсері географиялық орны мен тұрмыс жағдайына тікелей байланысты екені дәлелденді. Мысалы, 20-ғасырдың соңында Үндістанда 15 жылға созылған ауқымды зерттеу жүргізіліп, оңтүстіктің табиғат жағдайларына БЦЖ екпесі жарамсыз екені анықталды.

Туберкулезді емдеудегі басты қиындық – оған

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club