Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туберкулездің этиологиясы

Автор:   •  Ноябрь 13, 2022  •  Реферат  •  316 Слов (2 Страниц)  •  212 Просмотры

Страница 1 из 2

Орындаған: 6-026 топ студенті Бек Мейрамхан.

Туберкулез - адам организмінің барлық ағзаларын зақымдайтын жұқпалы ауру екендігі барлығымызға белгілі. Атап айтып кететін болсақ, бұл эпидемиялық үдерістің  3 компонентін қарастыра аламыз, яғни инфекция көзінің болуы, жұғу жолдарын және де  жаңа жағдайлардың тіркелуі. Инфекцияның негізгі көзі болып, бактерия бөлуші науқас адам, сирек жағдайда жануарлардың немесе құстардың өнімдерін дұрыс өңдеуден өткізбей тұтынған жағдайларда бактерия адам ағзасына түсуі мүмкін. Туберкулезді жұқтырудың негізгі жолы ауа-тамшылы, яғни науқас адамның жөтелуі, түшкіруі арқылы жұғуы.  Сонымен қатар, әдебиеттерде сирек кездесетін алиментарлы, қатынастық, плацентралы жолдарын атап өтуге болады. Үшінші компонент бұл науқастың туберкулезбен ауырған науқаспен қатынасының тығыздығына, адамның микобактерияға деген сезімталдығы мен иммундық жүйенің мықтылығына байланысты болады.

Адамзат тарихында туберкулез микобактериясының ашылуы, яғни осы бактерияның зерттелуімен, алдын алу  мен сақтанудың  медицина саласындағы алға басушылыққа негізін салды. Қазақстан Республикасында туберкулезді эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықтаймыз. Алғашқысы инфекциялану көрсеткіші, туберкулинге тексеру арқылы оң реакция бергендердің арасында, мектептерде және балабақшаларда жүргізуге болады. Келесі сырқаттылық,  осы жылғы 100000 тұрғынның ішінде туберкулезбен жаңа ауырған науқастардың санын анықтау есебі арқылы жүзеге асырылады.  Дерттілік көрсеткіші 100 000 адамның ішіндегі туберкулездің белсенді түрімен есепте тұрған науқастардың есебі. Өлім-жітім көрсеткіштері осы жылғы  100 000 тұрғынға шаққандағы туберкулезден қайтыс болғандардың санына сәйкес келеді. Яғни, эпидемиологиялық көрсеткішердің ішінде сырқаттылыққа байланысты, дерттілік көрсеткіштері де, өлім-жітім көрсеткіштері де сырқаттылыққа байланысты болады.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (37.2 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club