Туберкулездің эпидемиологиясы
Автор: AidaM • Октябрь 3, 2022 • Реферат • 399 Слов (2 Страниц) • 202 Просмотры
7016 топ студенті
Ануарбек Е.Е
Туберкулездің эпидемиологиясы
Бұл видео дәрістен туберкулездің қаншалықты өзекті мәселе екендігін көруімізге болады. Туберкулёздің халық арасында пайда болуын және де таралуын зерттейтын саланы – туберкулёз эпидемиологиясы дейміз. Ал, оның пайда болу механизмін эпидемиялық үдеріс деп атайды. Ол үш компоненттен тұрады: инфекция көзі, жұғу жолы және жаңа жағдай. Инфекция көзі болып науқастар, яғни он млн.-нан миллиардтаған бактерия бөлуші науқастар бар, солар таратушы болады; жануарлар және құстар сирек жағдайда инфекция көзі болады, яғни олардан шикідей жасалған өнімдерді тұтынған жағдайда болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін олардың етін 5-20 минут ішінде қайнату арқылы туберкулёз микобактерияларын жоя аламыз. Туберкулёз ауалы-тамшылы, алиментарлы, қатынасты және плацентарлы жолмен жұғады. Жаңа жағдайдың пайда болуына инфекцияның массивтілігі, науқаспен болған қатынастың ұзақтылығы және адам ағзасының сезімталдығы әсер етеді.
Эпидемиологиялық көрсеткіштерге инфекциялану, сырқаттылық, дерттілік және өлім-жітім жатады. Инфекциялану деп туберкулинге тексерілген адамдардың оң реакция бергендерінің пайызын айтамыз. Бұл арқылы Қазақстанда инфекциялану жағдайын анықтау физиологиялық тұрғыда мүмкін емес, сондықтан да бұл мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде жүргізіледі. Осы жылы 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулёздің белсенді түрімен алғаш рет ауырғандар санын сырқаттылық анықтайды. Ал, дерттілік жыл соңында 100000 тұрғынға шаққандағы туберкулёздің белсенді түрімен есепте тұратын науқастар санын анықтайды. Дерттіліктің ішіне жаңадан ауырғандар, бұрыннан ауырғандар және бұрын ауырып жазылғандар да кіреді. Сырқаттылық дерттіліктің ішіне кіретіндіктен, дерттіліктің саны жоғары болады. Осы жылы 100000 тұрғынға шақққандағы туберкулёзден қайтыс болғандар санын өлім-жітім анықтайды. Өлім-жітім бойынша видео дәрісте 1995-2015 жыл аралығындағы ҚР динамикасы берілген, сол бойынша 90-шы жылдарда сырқаттылық 65,8 болған, кейін экономикалық дағдарыс әсерінен ол көрсеткіш жоғарылай бастаған, ал шыңы 2002 жылы 165,1 жетіп, кейін жылдан жылға төмендеп, 2015 жылы 58,5-ке жетті. Осы бойынша өлім-жітім 90-шы жылдарда 10,1 болып, шыңы 1998 жылы 38,4-ке жетіп, 2000 жылы 1,5 есеге төмендеп, жылдан жылға азайып, 2015 жылы 3,8-ге жетті. Осы арқылы өлім-жітім сырқаттылыққа қарағанда төмен екенін көруге болады. Ал, дерттіліктің көрсеткіші 2014 жылғы көрсеткіш бойынша 125,7 болған. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан көрсеткіші жақсы болып саналады. 2006 жылғы дүниежүзілік туберкулёз сырқаттылық картасы бойынша Қазақстан 58,5 көрсеткішімен жасыл аймаққа кіріп тұр. Казіргі мақсат - көк аймаққа кіру, яғни 50-ге дейінге көрсеткішке жету болып табылады.
...