Туберкулездің эпидемиологиясы
Автор: 2224 • Сентябрь 27, 2021 • Эссе • 318 Слов (2 Страниц) • 547 Просмотры
Эссе
Туберкулездің эпидемиологиясы ол туберкулездің халық арасында пайда болуын және таралуын зерттейді. Эпидемиялық үдерісті үш жағдайға бөліп қарастырамыз: ол инфекция көзі, жұғу жолы сонымен қатар жаңа жағдай.
Инфекция көзі болып ең бірінщі науқастар болып табылады. Жұқпалы аурудың таралу көзі науқас адам болып табылады, микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда, санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.
Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде көп тарайды. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті өз баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруына шалдықтыру мүмкіншілігі ұлғаяды.Қазіргі таңда Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастармен тікелей байланысып емдік процестерін жүргізіп жатыр. Қазақстанда казіргі таңда туберкулезбен ауыратындардың саны төмендеуде. Науқастардың дертін дер кезінде анықтаса, жалпы тәжірибелік дәрігер өз жұмысын аса жауапкершілікпен қарап отыратын болса, тек туберкулез гана емес сонымен қатар көптеген аурулардын алдын алып, адам өміріне араша тусетін Ақхалатты абзалжан деген атаққа лайық болып, аурудын алдын алады.
...