Сыртқы тыныс алу
Автор: Gqziz • Сентябрь 12, 2021 • Реферат • 1,001 Слов (5 Страниц) • 523 Просмотры
Ф НАО МУК 4/3-01/1
5-қосымша силлабус:
MiF 3203 "Морфология және физиология»
Силлабусқа арналған
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық
Тақырыбы: «Сыртқы тыныс алу»
Пән: MiF 3203 " Морфология және физиология»
Блок "Жеке физиология»
Білім беру бағдарламасы 6B10102 "Жалпы медицина"
1 Курс СФО
Құрастырушы: к.м.н., ассистент профессор Салихова Е.Ю.,
аустырған ассоц.профессор Чергизова Б.Т.
Уақыты (ұзақтығы) __2____
Қарағанды 2021 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № 1 02.09.2021 ж.
Кафедра меңгерушісі, ассоц.профессор Н.Н.Наурызов
- Тақырыбы: «Сыртқы тыныс алу»
- Мақсаты: Студенттердің сыртқы тыныс алу параметрлерінің физиологиялық зерттеу әдістерін меңгеру, дем алу және дем шығару механизмдерімен танысу, қан құрамындағы газдардың тұрақтылығының сақталуын зерттеу.
- Оқыту мақсаты:
- тәжірибелік жұмыс барысында және алынған нәтижелер бойынша теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану.
- тәжірибелік жұмыстар орындау барысында ғылыми-зерттеу бағытын дамыту.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Тыныс алу жүйесі, оның қызметі туралы түсінік.
2. Тыныс алу. Тыныс алу циклы. Тыныс алудың негізгі этаптары.
3. Өкпенің және тыныс алу жолдарының қызметі (газ алмасатын және газ алмаспайтын).
4. Сурфактанттың маңызы.
5. Тыныс алу механизмі. Тыныс шығару механизмі
6. Плевра қуысындағы қысым, оның дамуы.
7. Өкпе көлемдері мен сыйымдылықтары. Сыртқы тыныс алудың зерттеу әдістері (пневмография, спирография, спирометрия, пневмотахометрия).
8. Өкпенің желдетілуінің көрсеткіштері (ТМК, ӨМЖ).
- Білім берудің және оқытудың әдістері: сыртқы тыныс алудың клинико-физиологиялық әдістерін меңгеру, шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрау, тесттілеу, жағдайлық есептердің шығару, дискуссия, зерттеу нәтижелерін талқылау.
Орындалатын жұмыстар тізімі
Жұмыс 1. Спиро С-100 спирометрінің көмегімен тыныштық жағдайдағы спирография әдіспен танысу.
Мақсаты: Спиро С-100 спирометрінің жұмыс істеу принципімен танысу. Тыныштық жағдайда тыныс алу көлемдерін графикалық тіркеу әдісімен танысу.
Жұмыс барысы: Спирометр С-100 құралымен жұмыс істеу нұсқауын қараңыз.
Қорытынды: Алынған қисықты салыңыз, тиісті белгілер жасаңыз.
Жұмыс 2. Өкпенің желдетілуін және ТМК анықтау.
Мақсаты: Қалыпты жағдайда тыныс алу кезінде өкенің желдетілуін бағалау және өкпенің қалыпты қызмет атқаратындығының басты көрсеткіші болып табылатын тыныс алудың минуттық көлемін анықтау.
Жұмыс барысы: Қалыпты тыныс алу кезінде спирометрдің көмегімен тыныс алу көлемін (ТК) анықтау. Қалыпты тыныс алу кезінде 1 минут аралығындағы тыныс алу қозғалыстарын (ТЖ) санау. Формула бойынша ТМК = ТЖ х ТК тыныс алудың минуттық көлемін анықтау. Формула бойынша АВ=ТЖ х (ТК-ӨК) өкпенің альвеолярлық вентиляциясын санау.
Қорытынды: алынған нәтижелерді қалыпты жағдаймен салыстырып, өкпенің қызметіне баға беру.
Жұмыс 3. Дондерс моделі.
Мақсаты: Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысындағы теріс қысымын, ролін зерттеу.
Жумыс барысы: Дондерс моделі шыны шөлмек түбі кесілген және резеңкемен ауыстырлған, ол дияфрагманың ролін атқарады. Шөлмектің мойны қақпақпен жабылған ол арқылы екі шыны түтікше өтеді, оның біреуіне қоянның өкпесі нгізіледі, екіншісі қуысты қоршаған ортамен байланыстырады.
1. Қоршаған ортамен байланыстыратын түтікшені жауып, резеңке мембрананы төмен қарай тартып, дем алудың жүруін көрсете отырып, өкпе көлемінің ұлғаюын бақылау.
...