Сол жақ беттің тілмесі, эритематозды форма, орташа ауырлық дәрежеде
Автор: sabitova_dilyara • Декабрь 22, 2018 • История болезни • 1,848 Слов (8 Страниц) • 1,085 Просмотры
Дерматовенерология және жұқпалы
аурулар кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д. профессор
Хайбуллин Т.Н
Ұстаз аты-жөні: Нуралинова Г.И.
Куратор: Сабитова Д.Е. 416-топ ЖМ
СЫРҚАТНАМА
Науқас: Досмагамбетов Аскар Набиевич
Клиникалық диагноз: Сол жақ беттің тілмесі, эритематозды форма, орташа ауырлық дәрежеде.Стрептодермия. Псориаз, каплевидная форма.
Асқынулар: жоқ
Қосымша аурулар: Псориаз, каплевидная форма.
Куратор-студент: Сабитова Д.Е.
Факультет: Жалпы медицина
Курсы: 4
Тобы: 416
Курация басталған күн: 20.12.17
Курация аяқталған күн: 22.12.17
Баға:
Оқытушы: (қол қою)
Тексерілген күні:
Семей 2017
1.Паспорттық бөлім
Аты-жөні: Досмагамбетов Аскар Набиевич
Жынысы: еркек
Жасы: 25.10.1965 жыл
Кәсібі: ТОО «Флессо» - слесарь
Мекен-жайы: Семей қаласы, пос. Березовка, Дружба көшесі 3үй.
Аурудың түскен күні:12.12.2017 ж, 11:05
Науқасқа жолдама берген мекеменің диагнозы: Сол жақ беттің тілмесі, эритематозды форма,орташа ауырлық дәрежеде.
Болжамалы диагноз: Сол жақ беттің тілмесі, эритематозды форма,орташа ауырлық дәрежеде.
Клиникалық диагноз: Сол жақ беттің тілмесі, эритематозды форма, орташа ауырлық дәрежеде. Стрептодермия. Псориаз, каплевидная форма.
2.Аурудың шағымы:
Түскен кездегі шағымы: Жалпы әлсіздік, сол жақ беттің ісінуі, қызаруы, қышуы.
Курация кезіндегі шағымы: Сол жақ беттің қызаруы, ісінуі, ауырсынуы төмендеген.
3.Anamnesis morbi : Науқастың айтуы бойынша, 2017жылдың 10 желтоқсан күні науқас жедел ауырған: сол жақ беттің қызарып, ісініп, ауырсынуын байқаған. Өздіген ем қабылдамаған. Жоғарыдағы шағымдардың үдеуіне байланысты 11 желтоқсан күні жергілікті тұратын жеріне байланысты № 15 поликлиникаға барып, дерматологтың кеңесін алып, жолдамамен ЖАА келіп, госпитализацияланған.
4.Anamnesis vitae
ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. Тұрмыс-жағдайы қанағаттанарлық. Отбасында екі бала, соның екіншісі. Туғандағы көрсеткіштер қалпында. Үйленген, екі баласы бар. Вирусты гепатит, туберкулез, спецификалық, венерологиялық аурулармен ауырмаған. Жақын туысқандарында тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Аллергиялық анамнезі таза. Ешқандай жарақат, операция болмаған. Жағымсыз әдеттері ішімдік ішу, темекі шегу. Басынан өткерген аурулар: сол жақ балтыр тілмесі 1980ж., псориаз 1990ж.
5. Эпид.Анамнез: Эпидаймағы таза. Инфекциялық аурулармен байланыста болған жоқ. Жұмыс істеп жүргенде, бетіне яғни көз аймағына ағаштың қанқаларының ұшуымен ауруын байланыстырады.
6.Status presents
Жалпы жағдай орташа ауырлықта, интоксикация, жергілікті қабыну процесіне байланысты. Төсектегі қалпы жақсы, есі-анық. Сол жақ бетте шеттері айқын гиперемия,ісіну. Пальпацияда ауырсынумен, жергілікті гипертермия. Тері жабындылары бозғылт түсте. Тері асты май қабатының дамуы жақсы. Арқа, іштің төменгі бөлігінде, аяқта папула-пустулезді бөртпе қабыршақтанумен. Мениниальды белгілер жоқ. Бадамша бездері ұлғаймаған. Мұрынмен тыныс алуы еркін. Кеуде қуысы цилиндр пішінді. ТАЖ 18 рет минутына. Өкпесінде анық өкпелік дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны анық.ЖСЖ 77/мин, АҚ 120/90мм.сын.б.б. Іші кәдімгі пішінді, пальпация кезінде жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы бойымен, көкбауыры пальпацияланбайды. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
...