Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Паллиативтік көмек. Паллиативті көмек көрсетудегі мейіргер рөлі

Автор:   •  Февраль 13, 2022  •  Реферат  •  9,658 Слов (39 Страниц)  •  2,968 Просмотры

Страница 1 из 39

Паллиативтік көмек. Паллиативті  көмек  көрсетудегі  мейіргер рөлі. Қазақстан республикасындағы паллиативтік көмектің маңыздылығы

Жоспары

1.1  Паллиативті  көмек жайында  түсінік  оның  принциптері, міндеттері

1.2  Паллиативті  көмек  көрсететін  мейірбикенің  міндеті мен  рөлі

1.3  Мейіргерлік  күтім  көрсету тәртібі

1.4  Паллиативті күтім  жасау процедуралары

1.5 Паллиативті көмекті қажет ететін науқастар  мен хоспистегі  науқастарды емдеу және күтім көрсету, төсекке жатқызу  тәртібі

1.6 Қазақстандағы бойынша паллиативтік көмекті дамыту  кезеңдері

1.7 Паллиативтік көмекті дамытудағы қиыншылықтар мен шешімдер

1.8 Қазақстандағы  паллиативтік  науқастар   ауырсынуын  басу үшін, тіркелген опиоидті анальгетиктерді қолдану әдістері

1.9 Паллиативтік бөлімдегі төсек орын қызметі және амбулаториялық күндізгі стационар қызметі

1.10 Онкологиялық паллиативтік науқастарға үй жағдайында жәрдем ұйымдастыру, күту

Паллиативті көмек жайында түсінік оның   міндеттері, принциптері.

Емделушінің өмір сапасын жақсартып, ауру ағымын жеңілдету қажет.                            Ауырсынуды басып, физикалық симптомдарды тоқтату қажет.                                         Адамның өмір жолындағы қалыпты кезеңі  ретінде өлімге деген қатынасын қалыптастыру. Әлеуметтік заңды сұрақтарды шешу. Науқасты азаптан құтқару, ауырсынуды  басуға көмектесу. Дәрі дәрмекпен химия терапиялық ем беріп, науқас өмірін ұзартуға көмектесу.

Паллиативтік  науқас отбасымен жұмыс жасау, қажетті  гигиеналық әдістерді үйрету, түсіндіру, оқыту психологиялық  көмек беру.

Паллиативті көмекті кімдер қажет етеді.

Көмек кез келген әлеуметтік топтарға арналған және әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тегін ұсынылады. Онкологиялық науқастар нашарлау кезінде және терминалдық сатыларда. Паллиативті күтімді қалай алуға болады.

Паллиатив күтімінің  көрсеткіштері:

  • Паллиативті көмекті ауырып келген науқас онкологиялық тіркеуге алынып, жағдайы нашарлаған кезде, паллиативті бөлімге аударған кезде алады.
  • Амбулаториялық паллиативті көмек.
  • Хоспистер, тегін және ақылы түрде болады.

Паллиативті күтім - ол емделуші және оның жанұясына көрсетілетін психологиялық, физикалық,  әлеуметтік, рухани қажеттілікпен қамтамасыз  ету үшін белсенді түрде көмек көрсету.

Мейірбике паллиативті күтім жасау алдында келесі қағидаларды білуі қажет.

1.Өлімді табиғи үрдіс ретінде қарап өмірді бекіту.

2.Ауруды жеңілдету, қайғысын азайту.

3.Рухани, психологиялық аспектілерді қарастыру.

4.Науқастың соңғы сапарына дейін, өмір сүруіне көмектесу.

5.Емделушінің соңғы күніне дейін, туысқандарына қолдау көрсету,  жақсылық жасау.

6.Емделушінің пікірін силау, мысалға емнен, тамақтан бас тартып жатса.

7.Мейірбикелік емдерді тиімді қолдану.

 Паллиативті көмекті көрсететін мейірбикенің міндеті мен рөлі.             

Емделушінің жай күйін бағалау, дәрігер тағайындауын уақытымен сапалы орындау,емдеу жоспарларын тұрақты бағалау, емделушімен және туыстарымен дұрыс қарым қатынаста болу арқылы көмек көрсету.Науқастың жеке бас гигиенасын қадағалап қамтамасыз ету, ойылудың алдын алу, төсек ауыстыру тәсілдерін жетік меңгеру қажет.

Емделушінің жағдайын бағалап,дәрігерге хабарлап отыруы қажет.Емделуші ренжіп ашу шақырып жатса, өз сезімдерін білдіруге мүмкіндік беру керек,кедергі жасамау керек. Әдептілік, шыдамдылық, науқасқа назар аудару, сезімталдық көрсету қарым қатынасқа көмегі тиеді.

Науқаспен сөйлескенде, оған уақыт бөлуге тырысу керек. Науқасқа өз туысына қарағандай қарау керек, оларда қорқыныш болады, үмітсіздік болады, соны жоюға тырысу керек. Науқастың өмірінің ұзақтығы емес, өмір сапасы үшін күресу керек. Бұл жағдайда науқас тамақтан бас тартып, келген туыстарын көргісі келмей, керісінше көргісі келіп өзгеріп отырады, сол шешімдерінің бәрімен келісіп отыру керек. Мейірбике науқастың тері тазалығына көп көңіл бөлу керек, терең  дем алып , арқа аяқтарына  массаж жасап, өздерін күтуді ұсынады.

...

Скачать:   txt (121.4 Kb)   pdf (243.2 Kb)   docx (48.4 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club