Ми инсульттарын емдеудің заманауи әдістері
Автор: kkuralova95 • Декабрь 21, 2017 • Реферат • 2,811 Слов (12 Страниц) • 1,464 Просмотры
Жоспары:
I. Кіріспе
1. Ми қан айналымының бұзылыстары
2. Инсульт және оның түрлері. Геморрагиялық инсульт. Ишемиялық инсульт.
II. Негізгі бөлім
1. Инсульттің қысқаша этиологиясы, патогенезі. Клиникалық көрінісі.
2. Ми инсульттардың емдеудің заманауи әдістері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ми қан тамырлары аурулары өте кең таралған. Ми қан тамырларының дербес оқшауланған аурулары болмайды, олар әдетте жүрек – қан тамыр жүйесі зақымдануының бір бөлігі болып келеды. Сол себепті ми қан тамырларының зақымдануын, әсіресе ми қан айналымының күрт бұзылыстарын дер кезінде анықтау және оларға сапалы ем қолдану әр бір клиникалық мамандықтағы дәрігер үшін маңызды.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша өлім – жітімнің 15 %-ы ми қан тамырлары ауруларының салдарынан болады екен, яғни ол жүрек аурулары мен қатерлі ісіктерден кейінгі орында. Ауру 50 – 70 жас аралығында жиі кездеседі. Ми қан тамырлары ауруларымен науқастанғандардың 20% - ы мүгедектікке душар болады.
Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз). Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты.
Ми қан айналысына әсер ететін факторлар:
- Ми ткані метоболизмі, ең алдымен оттегі мен көмір қышқыл газы кысымы;
- Қышқыл –сілтілік теңдігі мен ми тканінің PH жағдайы, сүт және пирожүзім қышқылдарының мөлшері;
- Қан тамыр іші кысымының өзгеруі;
- Нерв жүйесінің реттеушілік қызметі.
Ми қан ағысының өздігінен реттелуі жалпы артериялық қысым (60 – 180 мм сын бағ) толқуының белгілі деңгейінде іске асады.
Артериялық қысымның деңгейі сынап бағанымен 50-60 мм аралығында болса, ми қан айналысы азаяды, ал сынап бағанымен 180-200мм – ге жоғарыласа, қан тамырларының ырықсыз керілуінен оның өздігінен реттелуі бұзылады.
Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- атеросклеротикалық бұзылыстар;
- артерио-артериалды жəне кардиоцеребралды эмболиялар;
- қан жүйесіндегі бұзылыстар.
[pic 1]
Геморрагиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- артериалды гипертензия;
- ангиомалар;
- мидың артериалды жүйесінің микроаневризмалары;
- инфекционды- аллергиялық табиғаттағы жүйелі аурулар;
- қанның гипокоагуляциясымен жүретін геморрагиялық диатез жəне лейкоздың əртүрлі формалары.
- антикоагулянттарды мөлшерден тыс қабылдау;
- мидың біріншілік немесе метастазды ісігіне қан құйылу.
Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары:
- субарахноидалды кеңістікте орналасқан артериялардың инфекционды - токсикалық, паранеопластикалық жəне саңырауқұлақтармен зақымдалуы;
- əртүрлі этиологиядағы артерииттер;
- қанның аурулары;
- ми веналары мен синустарының тромбозы;
- жыныс қатынасы кезінде, эмоционалды күштемеде, қатты жөтелгенде, дефекацияда, аяқ- астынан ауыр көтергенде артериялық қысымның тым жоғары жəне күрт көтерілуі;
- түнгі ұйқыда венозды қан айдаудың нашарлауы, ми қан тамырларының тез арада атеросклерозды бұзылыстары;
- субарахноидалды кеңістікке беткей орналасқан ми ішілік геморрагиялық үзілулер;
- ауыр алкоголды уланулар.
[pic 2]
Жіктелуі:
1. Өткінші бұзылыстар - ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
...