«Мейіргер-пациент» қарым-қатынастарының негізгі модельдері
Автор: bakhytzhamal62 • Сентябрь 6, 2020 • Доклад • 625 Слов (3 Страниц) • 2,052 Просмотры
«Мейіргер-пациент» қарым-қатынастарының негізгі модельдері
Мейіргер мен пациент арасындағы қарым-қатынас күрделі процесс болып саналады. Кез-келген медициналық қызметкер өз қолында ең қымбат дүние болатынын естен шығармауы тиіс. Ол қымбат дүние-денсаулық. Қоғам адамдардан құралады. Медициналық қызметкердің қолында тек адам өмірі ғана емес, жалпы қоғам өмірі, қоғам денсаулығы тұратыны бәрімізге белгілі. Денсаулық сақтау саласындағы ерекше мәнге ие, маңызды салаларының бірі- мейіргер ісі. Осы уақытқа дейін мейіргер ісі жайлы түрлі көзқарастар, тұжырымдар қалыптасқан болатын. Сонымен қатар қалыптасқан қағидалар заман ағымына қарай құбылып, өзгеріп отырды. Мейіргерлік іс деген не деген сұраққа ең алғаш рет ғылыми тұрғыдан өз жауабын XIX ғасырда Флоренс Найтингейл берген болатын. Ол «Күтім туралы жазбалар» атты кітабында мейіргерлік іс дегеніміз - «пациентті қоршаған ортаны оны сауықтыруға ықпал ету мақсатында пайдалану» деп айтқан болатын. Мейіргер болу менің ойымша қиындық тудыратын жұмыс секілді. Себебі, науқастармен тығыз қарым-қатынаста болатын адам- мейіргер. Дәрігер де науқастармен жұмыс жасайды, бірақ та дәрігердің нұсқаулықтарын орындап, тәжірибе жүзінде іске асыратын мейіргер болып саналады. Мейіргер науқаспен тиімді қарым-қатынас орната білуі қажет, тек ем-шара арқылы емдеп қана қоймай, сөз арқылы да көңілін тауып, емнің нәтижелі болуына бар күшін салады, кез-келген шиеленіскен жағдай туындаған сәтте қиындықтан құтылу жолдарын меңгеруі қажет, науқастың жағдайын эмоционалдық тұрғыдан бақылауы қажет, яғни психологиялық көмек беріп отырады. Мен тізген міндеттер бұл тек кішігірім бөлігі ғана. Бұл тұста ескеретін маңызды жайт ол - қарым-қатынас, яғни коммуникация. Қарым-қатынассыз, психологиялық жақындасусыз ешқандай емдеу жұмыстары іске аспайды, прогресс болмайды. Медицинада бұл өте маңызды. Мысалы, барлық адамның мінезі, ойлау қабілеті, пайымдауы бірдей емес. Әр адамға әр түрлі тактиканы қолдану керек. Сол себептен де, мейіргер коммуникативті біліктіліктерді меңгеруі қажет. Науқастың қайғыларын түсіну, ортақтасу, эмоционалдық жағдайына ену, яғни эмпатия секілді қабілеттерге ие мейіргерге қарым-қатынас қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Кез-келген науқас емделуге келмей жатып, ішінде белгілі бір қорқыныш немесе үрей сезімі туындайды, міне сондай жағдайда мейіргер интуитивтік тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Адамға жағымды, жүрекке жылу сыйлайтын сөздер айту арқылы мейіргер науқасты өз-өзіне тартады, науқастың өзіне деген сенімін қалыптастырады, сенім арқылы науқас бар уайымын ұмытып, мейіргерге үмітін артады. Тағы бір айта кететін маңызды жайт ол – сенім. Кез-келген қарым қатынас болсын, мұғалім мен оқушы, оқытушы мен студент, дәрігер мен пациент немесе мейіргер мен пациент арасындағы қарым-қатынас кезінде ең үлкен рөл атқаратын сенім болып табылады. Ал сенімділікті орната білу үшін адамның білімі, қабілеті, адамгершілік қасиеттері болуы қажет деп ойлаймын. Себебі менің ойымша, егер мейіргер өз ісінің шебері болса, мамандығын сүйетін, білімді, адам жанын түсіне алатын, яғни адамгершілік қасиеттерге ие болса, ондай мейіргерге кез-келген науқас сенім артады және де ондай мейіргерлерге сұраныс өте жоғары болады. Себебі, қазіргі заманда өз ісінің шебері деп айта алатын мейіргерлер өте аз. Көбінесе адамдар мейіргерлердің науқастарға деген қарым-қатынасын сөз етіп, көңілдері толмайтынын айтып, теріс пікірлерін білдіріп жатады. Бұл мейіргердің білімсіздігінен шығады деп ойлаймын. Мен қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Мейіргер ісі» мамандығында 1 курста оқып жатырмын. Біздің оқу бағдарламамыз болашақ мейіргерлерді дайындауға негізделген. Айта кететін бір жайт, оқытушыларымыз бізге үнемі қарым-қатынас жөнінде еске салып отырады. Адамгершілік қасиеттер, науқасқа деген қарым-қатынас қандай болуы қажет, коммуникация кезінде қандай дүниелерге көп мән беру керек деген секілді маңызды ақпараттарды бізге айтып отырады. Яғни, біз қазір оқудың көп бөлігін қарым-қатынасқа бөліп жатырмыз. Яғни,болашақта оқуымды аяқтап болған соң,өз мамандығым бойынша жұмыс жасайтын боламын.Менің білуімше, медицина саласында психология үлкен қажеттілікке ие. Себебі, медицина қызметкері тікелей адаммен жұмыс жасайды, ал дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынас өте күрделі процесс болып табылады. Алдыңа келген емделушінің көңіліне қарау,этиканы,субординацияны сақтау,өз-өзіңді байыпты ұстау,эмоцияға ерік бермеу секілді бірнеше талаптарды сақтауға міндеттісің. Қандай жағдай орын алса да сабырлық таныту қажет. Сондықтан да денсаулығына шағымданып келіп отырған емделушіге көңіл бөліп,тек тәнін емдеп қана қоймай,жан-дүниесімен де тығыз байланыста болып, айтқан мәселесін соңына дейін тыңдап, түсінуге, жұбатуға, барынша көмектесуге тырысу қажет. «Дәрігер-адам жанының арашасы» деп бекер айтылмаған, кез-келген дәрігер өзінің қолында адам өмірі тұратындығын ешқашан естен шығармауы қажет.
...