Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кемсітушілік және стигматизация

Автор:   •  Декабрь 7, 2021  •  Реферат  •  2,729 Слов (11 Страниц)  •  330 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Д.Серікбаев атындағы жоғары IT колледж

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кемсітушілік және стигматизация

Орындағын:8ОД 1К тобының студентті

Зауатбекұлы Нұрәли

Тексерген: Өмірзак Аружан Биахметовна

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

ДИАҚБ-Демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро

АҚЕК-Адам құқығы жөніндегі Еуропалық Конвенция (АдамҚұқығы мен негізгі бостандықтарды қорғау туралыЕуропалық Конвенция)

ЕО-Еуропалық Одақ

ӘКЖК-Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюТуралы БҰҰ-ның Конвенциясы

НКЖК-Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ Комитеті

МҚК-Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы

БҚК-Балалар құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы

АҚК-Адам құқығы жөніндегі БҰҰ Комитеті

ЭӘМҚК-Экономикалық, әлеуметтік және мәдни құқықтар жөніндегі БҰҰ Комитеті

МШТ- Мүмкіндігші шектеулі тұлғалар

МКЛРД-Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция

АСҚХП-Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті

МПЭСКП-Экономикалық, әлеуметтік және мәдни құқықтар туралытхалықаралық пакті

ЕҚЫБ-Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегіБюро

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

АҚЖКБ-Адам құқығы жөніндегі Жоғары Комиссар Басқармасы ОА- Орталық Азия

Кемістушілік

Кемсітушілік, бұл – қазіргі әлемдегі адам құқығын барынша дөрекі және жаппай түрде бұзу болып табылады. Миллиондаған адамдар оқшаулықтан, кедейшіліктен, қатыгез әрекеттерден зардап шегуде және тіптен өздерінің сенімдері немесе өздерінің кім болып табылатындықтары немесе оларды кім ретінде санайтындықтары үшін зорлық көруде. Кемсітушілік көбіне – надандық, соқыр наным мен жағымсыз таптаурындарнегізіндеорыналады. Адамдардыңкөпшілігі сырт көзгеоғаш немесе белгісіз болып көрінетін нәрселерден сескенетіндіктен, олар сырт келбеті, мәдениеті немесе мінез-құлқы бойынша жат адамдарға күдікпен қарайды немесе тіптен, оларға қарсы зорлық қолданады да. Кемсітушілік, жәбірлеу мен шабуыл жасаудан бастап қарапайым игіліктерден, көрсетілетін қызметтермен басқада құқықтардан айыруға дейін түрлі нысандарда болуы мүмкін. Кемсітушілік құрбандарын жұмысқа орналасу кезінде қыспаққа алуы немесе олардың білім, баспана мен қажетті медициналық жәрдем алу мүмкіндігін шектеулері мүмкін. Кемсітілетін топтар сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласу, бірлестіктерді ерікті құру, өзінің діни сенімін уағыздау немесе өзінің мәдени ерекшеліктерін сақтау құқықтарынан да айрылуы мүмкін. Қылмыстық әділ сот жүйесіндегі кемсітушілік, белгілі топтардың іс жүргізу нормаларының сақталуына сене алмайтындығынан және көбіне азаптаулар мен қатыгез әрекеттерге ұшырайтындығынан көрініс табады. Кемсітушіліктің барлық осындай түрлері жер-жерде кездеседі. Кемсітушіліктіңқандайдабіртүріне, әруақыттабарлықадамдардың әрқайсысына тиесілі адамгершілігі мен тең құндылығын қадірлемеу мен өзгешелігін қабылдамау дәлел болады. Сондықтан тегіне, түсіне, діни сеніміне, жынысына, жыныстық өзін-өзі сәйкестідіруіне, сексуалдық сәйкестенуіне, жасына, шектеулі мүмкіндіктеріне немесе басқа да жағдайларына орай адамды құқығынан ішінара немесе толығымен айыру орын алатын жерлерде ол кеңінен өркен жая алмайды

Кемсітушілік, жеке және сол сияқты, мемлекетттік секторларда да орын алуы мүмкін. Әдетте, ол қоғамдық құрылымдарды, институттарды, әлеуметтік қатынастар мен көзқарастарды қамтитын жаппай құбылыс түрінде көрінеді. Нәтижесінде кемсітушілік құрбандары жаңа кемсітушілікті тудыртатын оқшаулау, тең құқысыздық пен қате түсінік аясында қалады. Жер-жердегі белгілі топтардың өкілдерін экономикалық және саяси құқықтарынан айыру оларды нақты бөлектеуге әкеп соғады. Тіптен, ресми қолдау болмаған күннің өзінде де жаппай ескішілдік мемлекеттік құрылымдарға енетін қауіпті қасиетке ие, осының салдарынан кемсітушіліктің қоғамдық институттар деңгейінде бекуіне алып келеді. Мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерілетін кемсітушілік, заң деңгейінде бөлектеуге апарып соғады. Мұндай сын-тегеуріндерге жауап ретінде осы секілдінің қайталанбауы тиістігіне терең сеніммен құрылған құқық қорғау тетіктерінің халықаралық жүйесін әзірленді. Бұл жүйеде басты орын кемсітушілікке қарсы күрес алады. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының алғашқы екі баптарында көрсетілген. Мұнда «барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді» (1-бап) және «әрбір адам нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық немесе басқа да жағдаяттарына қарамастан,осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс» (2-бап) 1 . Осы құрал кемсітушілік мәселелерін адам құқығы жөніндегі халықаралық стандарттар мен халықаралық органдардың тәжірибесі тұрғысынан талдау ретінде ұсынылады. Бұл Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) аймағындағы оқырмандарүшінпайдалыдегенниеттеміз, себебі, мұндаБҰҰ-ныңадам құқықтары жөніндегі түрлі Комитеттерінің ОА-ға қатысты шешімдері келтірілген. Құралда кемсітушілік дегеніміз не; кемсітушіліктің қандай түрлері; қандай негіздері бар; кемсітушілікті жағымды әрекеттерден қалай ажыратуға болатыны, соңында, кемсітпеу құқығын қорғау үшін қандай халықаралық тетіктер мен тәртіптер бар деген сұрақтарға жауаптар берілген. Халықаралық тетіктер бөлімінде «Нотабене» Қоғамдық Қорымен 2012 жылы Ашық Қоғам институтының (Будапешт) қаржылық қолдауымен дайындалған «Азаматтық қоғамдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының шарттық органдарының тетіктерін қолдану жөніндегі нұсқаулық» пайдаланылды. Осы құрал тек студенттер, заңгерлер үшін ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның, академиялық орта мен халық өкілдері үшін де пайдала болмақ.

...

Скачать:   txt (44.4 Kb)   pdf (469.6 Kb)   docx (303.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club