Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зәр айдайтын дәрілер (диуретиктер)

Автор:   •  Январь 9, 2019  •  Реферат  •  3,880 Слов (16 Страниц)  •  8,524 Просмотры

Страница 1 из 16

                     Зәр айдайтын дәрілер (диуретиктер).

Диуретиктер (зәр айдайтын дәрілер) - Furosemidum – фуросемид 0,04, 1% - 2 ml, Acidum etacrynicum - этакрин қышқылы, Dichlothiazidum – дихлотиозид 0,025, Triamterenum - триамтерен 0,05, Spironolactronum – спиронолактон 0,025, Mannitum - маннит т.б. – өкпе және ми ісінгенде, химиялых заттармен уланғанда (форсированный диурез), қан қысымы көтерілгенде қолданылады. Жанама әсері –  гипокалиямия, гипомагниемия және т.б. болу мүмкін  (Панангин, аспаркам беру керек).

Зәр айдайтын дәрілерді негізінен денедегі жиналған артық мөлшердегі суды және әртүрлі жағдайларға байланысты пайда болған дененің ісінуін жоюға қолданады. Сонымен бірге артериялық қысымды төмендетуге қолданады.

 

Зәр айдайтын дәрілер мынандай топтарға бөлінеді:

1.Бүйрек каналшалары қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер. Құрамында сульфаниламид тобы бар заттар:

а/тиазидтер: дихлотиазид (Dichlothiaside), циклометазид.

б/әртүрлі құрылымды қоспалар: фуросемид (Furosemidum), этакрин қышқылы (Acidum etacrynicum).

2.калий-магний-сақтайтын диуретиктер:

а/птеридиннің туындысы: триамтерен (Тriammterenum),.

б/альдестеронның анагонисті: спиронолактон (Spironolactonum).

3.осмостық активті диуретиктер: маннит (Mannnitum), мочевина.

Т.б. клопамид  

Дихлотиазид (Гипотиазид және т.б) - 0,025 г түймедағы – бензотиодиазин туындысы. Бұл Генле ілмегінде хлор иондарының реабсорбциялануын нашарлатады. Карбоангидраза ферментін тежейді. Калий ионының секрециясын көбейтеді. Сонымен қатар, зәр қышқылының секрециясын нашарлатады, гиперуремияға әкеліп, ол подаграны туғызуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, глаукомада диуретик ретінде қолданылады. Жанама әсерлері: гипокалиемия, әлсіреу, уратты тұздар бөлініп шығуының тоқталуы. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, подаграның асқынуында қолдануға болмайды.  

 Фуросемид (Лазикс және т.б.) 0,04 г түймедағы; 1%-2ml ампуласы № 5 түрде шығарылады. Хлор иондардың реабсорбциясын төмендетеді де ол иондармен байланысады, ал бұған керісінше калий ионының секрециясы артады, бүйрекке қан келуі күшейеді. Гипертониялық ауруларда, өкпе және ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда қолданады. Қосымша қатерлі әсерлері: терінің бөртуі, бас айналу, гипокапния. Жүкті әйелдерге, бүйректің қызметі бұзылғанда қолдануға болмайды.

Rp.: Furosemidi 0,04

        D.t.d. № 50 in tab.

        S. Таңертеңгісін 1 түймедақтан.

                              #

 Этакрин қышқылы (Аквафор және т.б.) 0,01 және 0,04 г түймедағы. Фуросемидке ұқсас келеді. Өкпенің, мидың ісінуінде, бүйрек негізінде пайда болған ісінуде қолданылады. Ұзақ пайдаланғанда гипокалиемия және гипохлоремиялық алкалоз пайда болады, бас айналу, диспепсия, диарея болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге және анурияда қолдануға болмайды.

 Спиронолактон (Альдактон, Верошпирон және т.б.) альдостерон иондарының шығаруын азайтып, керісінше калий ионының секрециясын көбейтеді. Бұл дәрі альдостерон әсер ететін рецепторларды тежеп, зәрмен бірге, хлор және судың бөлінуіне жағдай жасап, калий секрециясын төмендетеді. Бауыр циррозына байланысты пайда болған асцит, әртүрлі жағдайға байланысты ісіну, пароксизмдік миоплегияда қолданылады. Лоқсу, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, терінің бөртуі және т.б. кері әсерлері байқалады. Бауыр жетіспеушілігінде, созылмалы нефриттің нефротикалық сатысында, азотемияда қолданбайды.

Осмостық белсенді зәр шығаратын дәрілер – маннит (Маннитол және т.б.) және мочевина (Карбамид және т.б.). Бұл диуретиктер бүйрек қаналдарының ішіне кіріп, осмостық қысымды көтереді. Нәтижесінде су мен натрий реабсорбциясы төмендейді. Бас сүйектің ішкі қысымын төмендетуге, мидың ісінуін азайтуға, бүйрек немесе бауырдың жетіспеушілігінде, глаукомада қолданады. Ал бүйректің несеп шығару қызметінің бұзылуында, қан айналымының жетіспеушілігінде қолданбайды.

 Бұдан да басқа белсенділігі жеткілікті диуретиктер бар – триамтерен, клопамид және т.б.

...

Скачать:   txt (37.1 Kb)   pdf (472.1 Kb)   docx (23 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club