Өт айдайтын дәрілер
Автор: yerzhanovna97 • Декабрь 4, 2018 • Реферат • 2,028 Слов (9 Страниц) • 3,076 Просмотры
Жоспар:
- Кіріспе
Өт туралы жалпы түсінік
- Негізгі бөлім
Өт айдайтын өсімдіктектес препараттар
Өт айдайтын шөптер
- Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өт (bilis -латын, fel –англ.) – гепатоциттермен өндірілетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық.Өт – ішек және асқазанның пилорикалық бөлімінің моторикасын күшейтетін қоздырғыш болып келеді,энтериттердің пролиферациясын үдетіп,ішек микрофлорасының дамуын тежейді,тоқ ішектегі шіру процестерінің алдын алады.
Өт құрамы.Өттің негізгі үлесін су алады(98%),қалған 2% өт пигменттерінен,өт қышқылдарынан,витаминдерден,аминқышқылдардан тұрады.Сонымен қоса өт құрамына органикалық емес заттар (К,Na,Ca,Fe,Cl) енеді.Өттің негізгі компоненті өт қышқылы болып табылады(67%),оның 50 біріншілік өт қышқылдары : хольді(холевая),хенодиоксихольді қышқыл,қалғаны екіншілік және үшіншілік өт қышқылдары : диоксихольді,литохольді,урсодиоксихольді,сульфолитохольді.Сонымен қатар өт құрамына фосфолипидтер,ақуыздар(иммуноглобулиндер 4,5%,холестерин 4%,билирубин 0,3%) жатады.
Организмдегі өттің маңызы.Біздің ағзамызда өт өндіру қызметін бауыр атқарады,адамда тәулігіне 1-1,5 л өт бөлінеді.Бауырдан бөлінген өт сұйықтығы өт қапшығына жиналады.Қажетті концентрациясы жинақталып,кейін он екі елі ішекке бөлінуі басталады.Өттің ішекке бөлінуі жүйке – рефлекторлы механизм арқылы жүзеге асады.Өт бөліну процесінің гуморальді факторларының маңыздысы холецистокинин (панкреозинин) болып табылады.Ол он екі елі ішекке өт сұйықтығы бөлінген уақытта ішектің кілегей қабатында өндіріледі.Өт ішектегі майлардың ыдырауына,бөлшектенуі мен сорылуына қажет.Өт ас қорыту процесіне ,астың(химустың) қорытылуына және сіңірілуіне қатысады,майлардың ыдырауы және майда еритін витаминдер А,Е,Д,К мен қажетті өнімдердің сіңірілуі үшін маңызды болып табылады.Өт тек қана секрет емес,сонымен қатар экскрет болып келеді.Өттің көмегімен ішектің моторикалы функциясы жақсарып,ағзадан токсиндер мен қажетсіз өнімдер сыртқа шығарылады.
Бауырдың және өт жолдарының,өт қапшығының бұзылыстары өттің іркілуіне және астың қорытылуының нашарлауына әкеліп соқтырады.Өттің іркілісіне алып келетін себептер:
- Уақтылы тамақтанбау (тамақ ішкенде өтқабы жиырылып босайды, ал сирек тамақтанғанда өт өтқабында ұзақ іркіледі);
- Клетчатканың тапшылығы (клетчатка өттің сұйылуына және өтқабының босауына септігін тигізеді);
- Гиподинамия;
- Өттің ағып шығуына кедергілер (іштің қатуы, Одди, Люткенс сфинктерлерінің гипертонусы, тірелген тас, папиллит, т.б.);
- Психоэмоциялық стресстер (өт жолдарының дискинезиясын туғызатын);
- Өтқабының моторикасын реттеуге қатысатын гормондар арақатынасының бұзылысы.
Өт іркілуіндегі клиникалық көрінісі: Әлсіздік,тез шаршағыштық,ашушаңдық, бас ауруы, тершеңдік, жүрек айнуы,ауызға ащы дәм келуі,тәбет төмендеуі, сирек құсу, кекіру,іш қату не тұрақсыз нәжіс, дерматит,ең жиі белгісі - іш ауруы: сыздап, тұйық, басып ауру сезімі;олар суық, майлы, қуырған,ащы тағамнан 20-30 мин өткен соң басталады.
Өт іркілуі кезінде осы симптомдармен күресу үшін қолданылатын ем:
1.Консервативті ем:өт айдайтын препараттар
2.Халықтық ем(народные средства)
3.Арнайы тағамдарды тұтыну
4.Симптоматикалық ем
Өт айдайтын препараттар 2 топқа жіктеледі.
1)өт және өт қышқылының түзілуін ынталандыратын препараттар(Choleretica,Cholesecretica)
2)өттің өт қапшығынан он екі елі ішекке бөлінуін қамтамасыз ететін препараттар(Cholagaga немесе Cholekinetica)
Өт айдайтын препараттар өсімдіктектес препараттар және медикаментозды препараттар болып бөлінеді. Өт айдайтын препараттардың пайдалы екені шүбәсіз. Олар асқорытуды жеделдетіп, ішек жұмысын жақсартады, іш қатуды төмендетеді. Сонымен қатар бактерияға қарсы күресуге ықпал жасап, аш ішекке микробтың жиналуын азайтады. Тұнба арқылы ағзадан керексіз заттар мен xолестерин шығады. Егер ем дұрыс қолданылмаса өзге дертке ұшырау қаупі бар.
...