Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы
Автор: ULAN-99 • Ноябрь 2, 2020 • Реферат • 1,112 Слов (5 Страниц) • 708 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
[pic 1]
Факультет: Жалпы медицина
Дисциплина: Жедел шұғыл медициналық көмек
Курс: 5
Тақырыбы: Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы.
Орындау түрі: Эссе
Орындаған: Бахытжан Ұлан
Тобы: 513 «А»
Ақтөбе 2020 жылы
Жүрек аритмиясы- жүрек ырғағының бұзылуы, яғни жұректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі және жиырылу функциясының бұзылу нәтижесінде дамитын қалыпты жүрек жиырылуының бұзылысы.
Жалпы, жедел жəрдем мамандарының жоспарында жүрек өткізгіштігі бұзылысының мəні зор, себебі олардың қауіптілігі жоғары сондықтан анықталған уақыттан бастап науқасты тез арада ауруханаға жеткізу қажет
Жедел жәрдемдегі қажет ететін ырғақ пен өткізгіштіктің түрлері:
- Пароксизмдік суаправентрикулярлы тахикардия;
- Жүрекшелердің 1:1, 2:1 қатынасындағы пароксизмдік жыпылықтауы не тыпырлауы;
- Қарыншалық тахикардия;
- Миокард инфарктының жедел кезеңіндегі политопты немесе жұптасқан қарыншалық экстрасистолия;
- Моргань- Адамс- Стокс ұстамасының дамуымен жүретін брадикаритмия;
- Толық АВб- блокадасы.
Диагностикасы:
Пароксизмдік суправентрикулярлық тахикардия;
Бұл кезде жүректің жиі қағу байқалады, яғни минутына 140-240 аралығына дейін жиелейді. Ұстама кенеттен басталып, немесе кенеттен аяқталу тахикардия ұстамасы, сондықтан клиникасын байқау және экгда оны тіркеу өте сирек кездеседі.
Бұл кезде экг дегі өзгерістер:
Қарыншалық пароксизмдік тахикардияда QRS комплекстері деформацияланған, ол QRS комплексі жалпақ тахикардия аталады.ҚПТ гиподиастолияның салдарынан гемодинамика бұзылыстары ауыр болады.Жүректің жиі соғуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді,соғу және минуттық көлемдер күрт төмендейді басты ағзалар ишемияға ұшырайды, үлкен және кіші шеңберлерде жүрекшелердің алдында қан іркіледі,АҚ төмендейді,ал ұстама ұзаққа созылса аритмиялық кардиогенді шок дамуы мүмкін.[pic 2]
Клиникалық көрінісі:
Клиникалық көрінісіне тән белгілер:жүректің қатты соғуы,жүрек тұсында салмақ сезіну,кеуденің ысылу,мойынның, бастың солқылдау сезімдері,әлсіздік,бас айналуы,көз алдының араңғылауы, талу, ентікпе мен жөтел.Ұстама кезінде науқастың тері жамылғылары қуқылданады,ағыл тегіл тері шығады.ЖСС минутына 160-220 шамасында,мойын веналары ісінеді,ырғақ маятник тәрізді немесе эмбриокардияға ұқсас.Тахикардия ұстамасы ұзаққа созылса, жүрек шамасыздығының белгілері өрістей түседі.
Жедел жәрдем:
- Верапамил 0,25%-2-4 мл венаға баяу баяу егу, қажетті болса 10-15 минуттан соң АҚ қадағалау арқылы қайталау;
- АТФ 1% 0.6 мл венаға 3-5 сек жылдамдықпен егу, нәтиже болмаса 2-5 минуттан соң 12мг қайталау;
- Навокаинамид 10% 5-10 мл венеға минутына 50-100 мг жылдамдықпен егу;
- Коргликон 0,06% - 1 мл венаға баяу егу 10-20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне егу. Миакардтың жедел инфартында қолдануға болмайды.
- Обзидан 0,1% 5мл венаға 10-20мл 5% глюкоза ерітіндісімен егу.
- Магния сульфат 25% 5- 10мл венаға 10-20 мл 5% глюкоза мен егу.
- Осы емдеу тиімсіз болса Реципрокты жүрекшелік не АВ – тархикардиясына тойтару үшін- өңештік электрокардиостимуляциясын жасау керек.
Қараншалық тахикардия:
Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия – жүректің жүйелі ырғағы сақталған күйде кенеттен қарыншалар жиырылуының 1 минутта
150-180 дейін жиілеп, кейін кенеттен бастапқы күйге оралуы.
Науқас адамдардың шағымдары – жүрек соғу, кейде жүректің
ауыруы, ентігу, әлсіздік, бас айналуы, жүректің тұрып қалу
сезімі және «шалыс» соғу сезімі. Кейде Морганьи-Адамс-Стокс
синдромының клиникасы болады.
Ұстама кезінде тері қуқыл тартқан, ерін көгерген,
акроцианоз, мойын артерияларының, кейде веналардың
пульсациясы көрінеді. Аускультацияда – жүрек тондары
әлсіреген, жиілеген, ырғақ қалыпты күйде. Пульсация саны
жүрек ырғағына сәйкес келеді, кейде пульс тапшылығы
(дефициті) анықталады. АҚҚ көбіне төмендейді, кейде
коллапстық және кардиогендік шоктың (аритмиялық шок)
клиникасы байқалады. Кейбір жағдайда өкпе шеменінің
белгілері болады. Аритмияның бұл түріне «спастикалық
несеп бөлу» симптомы тән емес.
...