Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жедел вирусты гепатит А, типтік түрі, орта дәрежесі

Автор:   •  Декабрь 27, 2023  •  История болезни  •  2,278 Слов (10 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 10

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

АУРУ ТАРИХЫ

Науқастың Аты-жөні: Еділбаева Жансая Ерболқызы

Клиникалық диагнозы: Жедел вирусты гепатит А, типтік түрі, орта дәрежесі

Куратор: 4 курс  «Жалпы медицина» факультеті 446 топ студенті

Совет Шапағат Русланқызы

                 Оқытушы: Тулегенова Гулбагдан Кыдырбаевна

                                            Астана 2023

Паспорттық бөлім

  1. Науқастың аты жөні: Еділбаева Жансая Ерболқызы
  2. Жынысы: әйел
  3. Туған күні, жасы: 10жас  14.02.2013
  4. Ұлты: қазақ
  5. ЖСН: 130214402669
  6. Тұрақты мекен жайы: Ақмола облысы, Астана қаласы, Бараева 13
  7. Жұмыс орны, кәсібі,лауазымы:оқушы
  8. Кіммен жеткізілді : ЖЖ
  9. Түскен кездегі диагнозы: Тамақтан улану
  10. Негiзгi ауруының асқынуы: жоқ
  11. Клиникалық диагноз: Жедел вирусты гепатит А, типтік түрі, орта дәрежелі ауырлықта 
  12. Курация жасалған күн: 13.12.2023ж 10:26

II.        Шағымдар

Негізгі : Дене температурасы 3 күн бойы 38°С болған, кейін терісі сарғаюға шығымданады. Сарғаюмен бірге тері қышыну басталған.

Қосымша : Жүрек айну, жалпы әлсіздік, мазасыздық, шаршарыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқы бұзылысына шағымданады.

АУРУ ТАРИХЫ (anamnesis. morbi):

Аурудың басталуын салқын тиюмен байланыстырады. Алғашында ауру сипаты қатты байқалмаған, тек қана жалпы әлсіздікті сезіне бастаған.

Анасының айтуы бойынша бала аурудың 7-ші күні, сарғаюының 2-ші күні түсті. Ауру 2023 жылдың 1қарашасында жалпы әлсіздік, летаргия, тәбеттің төмендеуімен басталды. Дене қызуы 3 күн бойы 38'С болған. Ата-анасы үй жағдайында ем жүргізген. Ауруының 5-ші күні іштің ауыруы пайда болды, бір реттік құсу, зәрдің қараюы байқалды. Ауруының 6-шы

күні ата-анасы терісінің сарғайғанын байқаған, содан кейін жедел түрде жедел жәрдеммен ауруханаға әкелген.

ӨМІР ТАРИХЫ (Anamnesis vitae):

Бала бірінші жүктіліктен, босану 39-40 аптада ешқандай асқынусыз болған. Туылғандағы салмағы 3650грамм, бойы 54 см болған,5күн ауруханада жатып сосын үйіне шығарылған. Бала емшек сүтімен 1жас 5айға дейін қоректенген.

Ешқандай аллергиясы байқалмаған. 1 жасында жүре бастады.Тұқым қуалаушылық аурулары: ана жағынан да, әкесі жағынан - ешқандай

аурулар жоқ. Эндокриндік аурулар, орталық жүйке жүйесінің аурулары, онкопатология, миокард инфарктісі және инсульт, бронх демікпесі және туберкулезбен өзі және туыстары ауырмаған.

Анасы 35 жаста, жаман әдеттері жоқ.

Әкесі 36 жаста, темекі шегеді.

Екпелік статус егу күнтізбесіне сәйкес алынған.

Эпидемиологиялық анамнез

Жансая мектепте 5сыныпта оқиды. Сыныпта ешкімде ауру байқалған жоқ. Жақында мектеп асханасынан тыс аймақтан құрбыларымен бірге туған күн тойлады. Туған күнде болған құрбысы қазір қатты науқастанып жатыр. Ауруды осымен байланыстырады.

Зиянды әдеттер: зиянды әдеттері жоқ, темекі, ішімдік мүлде қабылдамайды.

Диспансерлік бақылау: ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды.

Медициналық сақтандыру анамнезі: сақтандырылған.

Мүгедектік: жоқ.

Сақтандыру полисі: жоқ.

Тұқымқуалаушылық анамнез: жоқ.

Status praesens (Қазіргі жағдай)

V.Науқастың жалпы жағдайы

Сана анық, түзу.

Положение активті.

Түскен кезде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, терісінің қышуына, ішінің ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданып келді.

Тілдің түбінде ақ жабыны бар. Бауыр - жоғарғы үштен бір бөлігі ұлғайған. Қатты, ауырады.

Көкбауыр қабырға доғасының шетінен 2 см-ге шығып тұрады,

Дене қызуы 38,5. Сатурауия 92. Оттегі концентраторы қосылған.

...

Скачать:   txt (33.6 Kb)   pdf (189.6 Kb)   docx (21.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club