Дәрілік шикізат, дәрілік зат және дәрілік түр туралы түсінік. Дәрілік заттар атауларының түрлері. Рецепт, оның құрылымы мен мазмұны
Автор: diaskylyshbek • Ноябрь 5, 2020 • Реферат • 6,175 Слов (25 Страниц) • 1,853 Просмотры
1)Дәрілік шикізат, дәрілік зат және дәрілік түр туралы түсінік. Дәрілік заттар атауларының түрлері. Рецепт, оның құрылымы мен мазмұны. Рецепт бланкілерінің түрлері. Дәрілік заттарды рецепте жазу түрлері (арнайы және магистралді дәрілік түрлері) және олардың сипаттамасы.
Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктердің бөліктері, жануарлардың ағзасы, минералдар, бактериялар, саңырауқұлақтар өнімдері пайдаланылады. Алғашқыда дәрілік шикізаттан әдетте өсімдіктер алынған, қарапайым әдіспен өңдеу кептіру, үгіту оларды қарапайым препараттар деп атау арқылы дайындалған препараттар қолданылды. Кейінірек өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді құрамын бөліп алу және қоспалардан балласты заттардан жартылай тазалау үшін күрделі өңдеу әдістері қолданылды. Мұндай жолмен алынған препараттар күрделі немесе галендiк деп аталды. Оларға тұндырма, сығындылар жатады. Мұндай галендiк препараттардың құрамында кездесетін қоспалар бояғыш заттар, белоктар,шырыштар дәрілік заттың әсерін әлсіретеді және парентеральды енгізуге жарамсыз.Галендiк препараттармен катар химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіптерде балласты заттардан жоғары дәрежеде тазартылған, парентеральды енгізуге жарамды препараттар шығарылады. Мұндай препараттар жаңа галендiк мысалы, лантoзид және деп аталады. Олардың құрамында осы шикізаттан дайындалған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтайтын химиялық компоненттер бар.Химияның дамуы барысында көптеген өсімдіктің құрамына кіретін биологиялық белсенді жекелеген косылыстар бөлініп алынды, олардың синтезі жүзеге асты.Табиғи заттардың химиялык кұрылымын қайта өзгерту арқылы тиімділігі жоғары жана дәрілік заттар алынды. Химиялық құрылысы өсімдіктің құрамындағы заттан өзгеше, бірак фармакологиялық әсері ұксас косылыстар синтезделді. Мысал ретінде апиын алкалоиды морфиннің синтетикалық алмастырушыларын - ауыру сезімін басатын заттар - промедол, фентанил және айтуға болады.Дәрілік түр дегеніміз қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілерден жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлері. Дәрілік түрлер консистенцияға байланысты қатты,жұмсақ және сұйық болып бөлінеді. Дәрілік заттар дегеніміз организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар. Рецепт дегеніміз дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындалып ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетіледі.Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2005 ж. 3-ақпанда Қ.Р. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен № 38бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады. Наркотикалық ,психотропты дәрілік заттарды №173 07.04.2005ж. «Қазақстан Республикасында бақылауда тұратын, есірткі құралдарды,психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ережелер бойынша жазады.Рецепт арнайы бланкте қатесіз анық жазылуы керек. Қате түзеу рұрсат етілмейді. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады. Рецептің жарамды мерзімі 7 күнге дейін. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін науқастарға тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептің жарамды мерзімі 1 айға дейін. Рецепт бланкасында “арнайы тағайындалуы үшін” деген штамп қойылады. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды. Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады:
1) Inscriptio – емдеу мекемесінің аты штампы коды
2) Datum – рецептің берілген күні
3) Nomen aegroti – науқастың аты-жөні
4) Aetas aegroti – нақастың жасы
5) Nomen medici – дәрігердің аты-жөні
6) Prаescriptiо – рецептің латын тіліндегі бөлігі 2-ге бөлінеді: Invocatio-Rp.:(Recipe:) - “ал” деген сөзінен басталады. Рецепт бланкісінде ол қысқаша түрде жазылады). Designatio materiarum – дәрілік заттардың белгіленуі, олардың мөлшері жазылады.
7) Subscriptio – фармацевтке берілетін нұсқау (қандай дәрілік формада, қанша мөлшерде, қандай қорапта беру керектігін көрсетеді.
...