Дистрофия түрлерлері және жалпы түсінік
Автор: doszendos • Октябрь 15, 2022 • Реферат • 3,459 Слов (14 Страниц) • 236 Просмотры
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ВЕТЕРИНАРИЯ» факультеті
«КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» кафедрасы
[pic 1]
Реферат
Тақырыбы:____________________________________________
Орындаған:______________
Тобы: ______
Тексерген:_____________
Алматы 2022
МАЗМҰНЫ | |
Кіріспе........................................................................................................... | 3 |
Негізгі бөлім | |
2.1 Дистрофия түрлерлері және жалпы түсінік......................................... | 4 |
2.2 Паренхиматозды дистрофиялар............................................................ | 5 |
Қорытынды ................................................................................................. | 14 |
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................. | 15 |
Кіріспе
Дистрофия (грек.dis – бұзылу, trohe - қоректену), цитоплазманың қалыпты компоненттерін зат алмасудың бұзылған әр түрлі балланыстық (немесе зиянды) өнімдерімен ауысудың немесе олардың аралық кеңістікке жиналуының патологиялық үрдісі. Кең мағынада дистрофия деп, ұлпалардағы биохимиялық бұзылулар (мысалы, миокардтың дистрофиялары) мен қоректенудің күйзелісін атайды. Дистрофияның маңызы физиологиялық жағыдайларда кездеспейтін алмасу өнімдерінің торша аралық кеңістікке және торшаға жиналуы немесе артық мөлшерде болуынан, не болмаса, қалыптан тыс сапа мен құрылыс түрінің өзгеруінен тұрады. Ұлпалардың құрылыстық өзгерісіне әкелетін алмасу үрдістерінің бұзылуы көптеген зиянды факторлардың әсер етуі кезінде байқалады.
Дистрофияның даму себептері: Инфильтрация Декомпозиция Денатурация
Инфильтрация –қан арқылы келген затратдың жасушаға немесе жасуша аралық тінге мөлшерден тыс сіңіп қалуы.
Декомпозиция (ыдырау) қалыпты жағдайда бір бірімен берік байланысқан, бірақ та патологиялық жағдайда ыдырап, жеке-жеке көрініп қалуы.Трансформация бір заттың орнына екінші заттың түзілуі. май жіне көмірсу түзуші затратдан белоктың түзілуі.
Денатурация- белоктардың әртүрлі жағдайларға байланысты ұйып немесе бірігіп коагулянттардың түзілуі. Бейтабиғи синтез жасушалар мен тіндерде табиғи жағдайда кездеспейтін затратдың амилоид белогі мен алькогольді гиалиннің болуы.
2.1 Дистрофия түрлерлері және жалпы түсінік
Дистрофия (грекше dys – бұзу және trophe- қоректендіремін) деп, торшалар мен тоқымаларда зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын және оларда әртүрлі өзгерістер байқалатын, патологиялық процесті айтады. Осы зат алмасу процесі, әсіресе биомолекулалардың ыдырауы мен жинақталу процесінің диалектикалық бірлігі, тіршіліктің, өмір сүрудің, биологиялық негізі болып есептеледі. Организмнің қалыпты қызметі үшін құрылыс материалы есебінде белоктар да, энергия көзі есебінде майлар мен көмірсутегілер де, минералды заттар мен витаминдер де керек. Зат алмасу процесінің барысы организмнің туа біткен ферментті жүйесімен реттеліп отырылады. Патологиялық жағдайларда, әртүрлі себептерге байланысты зат алмасу процесі бұзылып дистрофия келіп шығады. Бірақ та дистрофия дегенде тек зат алмасуының бұзылуын ғана түсіну жеткіліксіз, себебі «трофика» сөзі кең мағынаға ие. Сондықтан дистрофия тек торшадағы өзгерістерге ғана байланысты емес, ол торшаны қоршаған ортаның, тіпті бүкіл нерв эндокрин жүйелерінің әсерін де қамтиды. Демек дистрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу процесін қамтамасыз етуші торшалық және торшааралық процестердің бұзылуы жатады.
...