Гаструляция алдындағы дайындық
Автор: Bauken • Май 11, 2018 • Реферат • 3,365 Слов (14 Страниц) • 1,590 Просмотры
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гаструляция алдындағы дайындық.
Имплантацияның басталуы.
2. Гаструляцияның бірінші фазасы – деламинация.
3. Ұрықтан тыс құрылымдардың қалыптасуы.
4. Гаструляцияның екінші фазасы – иммиграция.
5. Гистогенез және органогенез.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұрық дамуының бөлшектену сатысында бой көрсететін жасуша белсенділігінің басым түрі – олардың митоздық бөлініуі. Эмбриогенездің гаструляция деп аталатын келесі сатысында да жалғасын табатын митоздық бөлінулермен қатар, жасуша белсенділігінің басқа да түрлері – морфогенездік қимылдар, адгезия, индукциялық әрекеттесу, өсу, дифференциялану, пішінін өзгерту және өлу процестері жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең елеулісі, сөзсіз, жасушалардың морфогенездік, яғни пішінін қалыптастырушы қимылдары. Гаструляция барысында жүздеген жасушалардың айтарлықтай орын ауыстыруы және қайтадан топтасуы нәтижесінде, болашақ организм құрылысының негізгі үлгісіне, яғни билатеральді симетрияға, полярлыққа және қабаттыққа иеленген, гаструла деп аталатын ұрық қалыптасады.
Гаструляция – бір қабатты ұрық бластуланың орталық білікті және билатеральді симметрияға иеленген үш қабатты ұрық – гаструлаға айналу процесі. Ол көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын ауыстыруы – иммиграция, бластула қабырғасы бір бетінің бластоцельге қарай ойылуы – инвагинация және т.б. әдістер арқылы өтеді. Гаструляция негізінде күрделі биохимиялық және морфогенездік үрдістер жатады. Олардың ең маңызды құрамдастары – ұрықтың әр бөліктерінде қарқыны әртүрлі болатын жасушалар пролиферациясы, дифференциялануы, өсуі, бағытты орын ауыстыруы, индукциялық әрекеттесуі. Эмбриондық дамудың екінші кезеңінде қалыптасатын ұрық гаструла (gaster – асқазан) – әуелі екі, кейін – үш ұрықтық жапырақшалы қабырғадан, ішіндегі қуысы – гастроцельден және, әдетте, оны сыртқы ортамен байланыстыратын тесігі – бластопордан тұрады. Жоғарғы сатыдағы организмдердің денесін құрайтын әртүрлі тіндер мен мүшелер осы үш ұрықтық жапырақшалардан: эктодерма, мезодерма және энтодермадан дамиды. Организмдер гаструляциясының өту әдістері, жұмыртқа жасушаларының цитоплазмасындағы сары уыздың мөлшері мен таралымына тәуелді, әртүрлі болады.
[pic 1]
Гаструляция алдындағы дайындық. Имплантацияның басталуы.
Бөлшектену нәтижесінде қалыптасқан ұрық – блоастоциста полюстерінің бірінде трофобласттың ішкі жағына бекітілген, шамамен 8 ірі күңгірт түсті жасушалардың жиынтығы – эмбриобласт (ішкі жасушалық масса, ұрықтық түйіншек) орналасады. Дамудың 6 – тәулігінде бластомерлердің бөліну қарқыны бәсеңсіп, эмбриобластта морфогенездік қимылдар, яғни жасушалар пішіндерінің өзгеруі және бағытталған ығысулары бой көтере бастайды. Нәтижесінде, эмбриобласттың бастапқы жасушалары жалпайып, ұрықтық түйіншек ұрықтық қалқаншаға айналады.
Осы өзгерістермен бір мезгілде имплантация құбылыстары да басталып, өтіп жатады. Имплантация – жатырдың кілегейлі қабығына – эндометрийге ұрықтың енуі. Адамда өтетін имплантация ұрықтанудан кейінгі 6-7-тәуліктерде басталып, 9-10-тәуліктерге дейін жалғасады. Ұрықтың имплантациясы жиірек жатырдың жоғарғы бөлігінің алдыңғы немесе артқы қабырғасында өтеді.
Имплантация – екі сатылы процесс: 1) адгезия – жатырдың ішкі бетіне ұрықтың көбінесе эмбриобласт орналасқан полюсінің трофобластарымен жабысуы, бекітілуі; 2) инвазия – ұрықтың жатыр қабырғасының тіндеріне, әдетте, денесінің болашақ дорсальді бетімен енуі.
...