Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалық жастағы терінің негізгі аурулары

Автор:   •  Май 9, 2018  •  Лекция  •  539 Слов (3 Страниц)  •  831 Просмотры

Страница 1 из 3

Гемангиомалар – қызғылт не қоңыр-қызғылт түсті полиморфты дақтар,капиллярлар кеңеюімен қалыптасады. Кейде тері үстіне шығыңқы (5-31 сурет).

Ливедо-өзінше торлы не ағашбұтағы тәріздес суретті, көкшіл-қызыл не ақшыл-көк түсті, дене не аяқ терісінде байқалады; терінің ұсақ веналарының тромбозынан пайда болады(5-32 сурет).

Қабыршықтану

Терінің қабыршықтану сипаты диагностикалық маңызды(5-6 кесте).

Тіпті мүйізді қалқанша пайда болғанға дейін, қырғанда сыдырылуы қиын, мүйізделудің бұзылысы,ихтиозда байқалады.

Қабыршықтану түрі

                                Түсініктеме

Алақан және табан эпидермисінің жапырақты қабыршықтануы

Псевдотуберкулезбен және Кагасаки ауруымен ауырып тұрған науқастарда байқалады.

Пластинкалы қабыршықтану

Жаншуда, ауру басталған соң 2-ші аптасында пайда болады.

Тершеңдіктен, дисгидроз дамуында байқалады. Саусақта және алақанда ұсақ серозды сұйықтықпен толған көпіршіктер пайда болады, олар жарылып терінің дөрекі қабыршықтануын туындатады. Ұзақ төсек тәртібінде болған баланың өкшесінен байқауға болады, мұнда тері жарықтарымен және дөрекі сылынулармен жамылады.

Ұсақ қабыршақты қабыршақтану

Гипотиреозда, кейбір инфекциялық ауруларда (мысалы,қызылша).

Тері құрғақтығымен қабыршақтану

А және В дәрумендерінің аздығында, дистрофияда, ихтиозда.

Тері ылғалдығының өзгерісі.

Тері ылғалдығы баланы тым қыптап жылуын жоғарылатқанда (әсіресе ерте жастағы балаларда), жоғарғы қызбада, физикалық және эмоциональды артық жүктемеде,қатты ауырсынуда, гипогликемия эпизодтарында, тиреотоксикозада жоғарылайды.

Гипергидроз, вегатативті реттеу бұзылғанда (бұл пубертаталды және пубертаттық жастағы балаларда) қолтық астында, алақанда байқалады.

Тері құрғақтығы тер шығарудың төмендеуінен (гипогидроз) не тері майының өндірілуі төмендеуінен (ксероз) пайда болуы мүмкін. Гипогидроз сусызданғанда, ал ксероз – созылмалы интоксикацияда, дистрофияда, А және РР дәрумендерінің аздығында, ихтиозда, гипотиреозда пайда болады.

Дене температурасының өзгерісі.

Температураның жалпы жоғарлауы(гипертермия) қызбаға тән; жергілікті жоғарлауы- терінің, тері асты май-шел қабатының бұлшықеттің және буындардың жедел қабыну жарақатына тән.

Температураның жалпы төмендеуі(гипотермия) тоңғанда, қанайналым жетіспеушілігінде, жедел тамырлық жетіспеушілігінде, гипотиреозда пайда болады, ал жергілікті төмендеуі- қан тамырларының спазмында( вегататиті дистония синдромында, Рейно ауруында).

Терінің созылмалығының бұзылысы.

Тері эластикалығы(созылмалығы) организмнің жедел сусыздануында(үздіксіз құсқанда, диареяда,т.б), дистрофияның терең дәрежесінде, ұзаққа созылған ауыр инфекцияларда, кейбір тері ауруларында(мысалы,склеродермияда), гипотиреозда пайда болады.

                           Балалық жастағы терінің негізгі аурулары.

Нәрестелерде және өмірінің алғашқы жылындағы балалардың терісінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты әртүрлі аурулар жиі визикулярлы және буллезды элементтер пайда болуымен сипатталады.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (44 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club