Ас қорыту және тыныс алу жүйесіндегі ақаулықтар
Автор: juldiz979797 • Октябрь 19, 2019 • Реферат • 1,767 Слов (8 Страниц) • 1,702 Просмотры
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім
- Туа біткен ақауларға жалпы шолу
- Ас қорыту жүйесінің филогенезі
- Ас қорыту жүйесінің онтофилогенетикалық даму ақаулықтары
- Тыныс алу жүйесінің филогенезі
- Тыныс алу жүйесінің онтофилогенетикалық даму ақаулықтары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I.Кіріспе.
«Мүшенің даму ақаулары» термині деп мүшенің, мүше бөлігінің немесе дененің үлкен аймағының, мүшелер қызметінің бұзылысына әкелетін морфологиялық ақауын айтамыз. Ағза жүйесінің мүшелерінің даму ақаулары - бұзылған органогенез нәтижесі. Морфогенез - бұл генетикалық ақпараттың ортаның көптеген факторларының әсерінен нақты қатаң кезеңде жүзеге асатын үшөлшемді кеңістікте және уақытта таралуы. Морфогенетикалық бағдарламаның орындалуы ұрықтанудан басталады, қүрсақішілік кезеңде, содан кейін балалық кезенде, тіпті ересек жағдайда да қарқынды жалғасады.
Туа біткен даму ақаулары келесідей бөлінеді:
а) оқшауланған (бір мүшеде, мысалы асқазан қақпасының стенозы);
б) жүйелік (мүшелердің бір жүйесі аясында, мысалы хондродиосплазиялар);
в) көптік (екі және одан көп мүше жүйесінде).
Туа біткен даму ақаулары этиологиясы бойынша келесідей бөлінеді:
а)тұқым қуалайтын;
б) экзогеңді;
в) мультифакторлы (көп факторлы).
А) Тұқым қуалаумен негізделген туа біткен даму ақаулары әсері эм- брионалды дисморфогенез түрінде көрінетін гендік мутацияларда, хромосомалық және геномды мутацияларда (хромосомалық аурулар) пайда болады. Мутациялар .белгілі локустарда эмбрионалда жэне по- стэмбрионалды кезеңдерде морфогенез үдерісін бұзуы мүмкін. Бұған тәжірибелік генетикада және клиникалық-генетика тәжірибесінде алынған көптеген дәлелдер бар. Морфогенез бүзылысы (дисморфогенез) әртүрлі дәрежеде және арнайылығы бойынша ерекшеленуі мүмкін. Белгілі локустардағы,мутациялар туа біткен даму ақауларының түқым қуалайтын синдромдарына әкеледі.
Б) Экзогенді негізделген даму ақаулары эмбрионалды кезенде органогенез жүзеге асып жатқанда тератогенді факторлар әсері салдарынан болып табылады. Олардың әсер ету механизмі көп жағдайда түсініксіз. Тератогендер цитозақымдаушы әсер көрсетуі мүмкін, мүшелер баста- масында жасушалардың жіктелуін бұзуы немесе мутациялар тудыруы мүмкін.
Тератогенді факторлар келесідей болады:
физикалық (иондаушы радиация, УК-сэулелер, температура, қысым), иондаушы радиацияньщ тератогенді әсері дәлелденген.
химиялық (химиялық заттар) дәрілік заттар (талидомид, стрептомицин, стероидты гормондар жэне т.б.), никотин, ішімдік, жеткіліксіз тамақгану (дэрумендер мен микро- элементтер тапшьшығы)
биологиялық (вирустар, паразиттің токсинді заттары, бакге- риялар). Онтогенез кезіндегі аурулар (цитомегалия, қызамық) тератогенді эсер көрсетеді.
в) Мультифакторлы туа біткен даму ақаулары деп тұқым қуалайтын және экзогенді факторлардың бірге эсер ете отырып пайда болуынан дамитын ақауларды атайды, бірақ олардың әрқайсысы өздігінен ақау себсбі болмайды.
Келесі бөлімдерде ағзаның ас қорыту және тыныс алу жүйелерінде кездесетін даму ақаулықтары жайлы сөз қозғайтын боламын.
II .Негізгі бөлім
2.1. Туа біткен ақауларға жалпы шолу
Мүше немесе жалпы организм түзілуінің бұзылыстары келесі формаларда көрінеді:
- Агенезия - мүшенің (жүрек, кол-аяк) туа бітксн толык болмауы.
- Аплазия - мүшенің нсмесе онын болігінің болмауы.
- Туа біткен гипоплазия мүшенің (бүйректер. құлақтар) толық жетілмеуі.
- Туа бітксн гипотрофия (гипоплазиялар) - жаңа туылған нәрестенің немесе ұрықтың дене салмағының азаюы.
- Туа біткен гипертрофия (гиперплазиялар) - мүшенің салыстырмалы салмағының немесс көлемінің жасушалар көлемі есебінен (гипертрофия) немесе жасушалар санының (гиперплазия) өсуінен жоғарылауы.
- Макросомия (гигантизм) - дене салмағы мен ұзындығыныц жоғарылауы.
Даму ақаулары келесі түрлерде көрінуі мүмкін (1 кесте):
Гетеротопия | мүшенің өзіне тән емес жерде орналасуы бір мүшенің тұтас қалыпты жағдайда болмауы (мидың сүр заты жасушаларының ақ затына гетеротопиясы) |
Эктопия | мүшенің ығысуы немесе оның калыптан тыс жерде орналасуы (жүрек, бүйрек эктопиясы) |
Еселенуі (көбеюі) | қандай да болмасын агзаның қалыптан артық болуы (жатырдың, несепағардың еселенуі, полидактилия) |
Атрезия | өзектің немесе табиғи тесіктің толығымсн болмауы (өңеш, анус) |
Стеноз | өзектің немесе тесіктің тарылуы (он екі елі ішектің, несепағардың стенозы) |
Персистирлену (сақталуы) | қалыпты жағдайда дамудың белгілі кезеңінде жойылуы керек (3 айдан асқан балаларда жүректің сопақ тесігінің, артериялық түтіктің персистирленуі) эмбриноналдық құрылымның сақталуы. Персистирлену формаларының біріне эмбрионалды саңылаудың (еріннің, таңдайдың, омыртқанаң қылқанды өсіндісінің, уретраның жырығы) дизрафиясын (арафия) жатқызады. |
1-кесте
2.2. Ас қорыту жүйесінің филогенезі
Ас қорыту және тыныс алу жүйелері арасында эмбрионалдық, филогенетикалық және функционалдық байланыс бар. Тыныс алу жүйесі ас қорыту жүйесінің негізінде қалыптасады да, эмбриогенездік даму барысында, бастапқы кезеңінде бірлесіп қызмет атқарады.
Төменгі сатылы желілілерде арнайы тыныс алу органдары жоқ. Сондықтан да, тыныс алу қызметін ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі – жұтқыншақ атқарады. Онда газ алмасу үшін суды өңдеуге қатысатын желбезек саңылаулары кездеседі. Оларда жақ сүйек аппараты болмайды. Ал қоректену үшін желбезек бөлімдерін ұстап тұратын арнайы органикалық бөліктер қолданылады.
...