Анемиялық синдромның клиникалық көріністері
Автор: Диана Кенесбекова • Февраль 26, 2021 • Реферат • 939 Слов (4 Страниц) • 551 Просмотры
ферменттер белсенділігінің өзгеруі болып келеді.
Анемиялық синдромның клиникалық көріністері
Респираторлық және циркуляторлық симптомдар:
• жедел дамыған анемия кезінде(жіті постгеморрагиялық анемия) ентікпе, тахикардия, терінің бозғылт болуы, бас айналу, аз физикалық жүктеме жасағанда әлсіздік пайда болады;
• созылмалы анемияға шалдыққанда тек ентікпе байқалады;
Кардиалық симптомдар:
• барлық анемия түрлері үшін өкпе артериясының аймағында, жүрек ұшында интенсивтілігі орташа систолылық шудың естілуі тән. Ауыр анемияға шалдыққанда шуылдар митралдық және үшжармалы қақпақшалардың аймағындада естіледі. Бұл шуылдарды жүрек органикалық зақымданғанда дамитын шуылдардан ажырату оңай.
• анемияға шалдыққанда пресистолалық және протодиастолалық типті ат шабыс ырғағы байқалады.
• электрокардиографиялық өзгерістер: ST интервалының депрессиясы және ST –сегментінің U-тәрізді деформациясы, Т-толқындардың жазыңқы болуы және инверсиясы, электрлік систола ұзақтығының өзгеруі, қарынша-жүрекшелік өткізгіштіктің бұзылуы. Анемияның ауыр жағдайларында жүрекшелердің фибриляциясы дамуы мүмкін.
Неврологиялық симптомдар:
• анемияның ауыр дәрежесіне тән симптомдар: бас ауыру, бас айналу, әлсіздік, скатома, ұйқышылдық, мазасыздық, бұлшықеттік әлсіздік және ойлау қабілетінің нашарлауы.
• бұл симптомдардың кейбіреуі ми гипоксиясының салдары болып табылады.
• парестезия В12-тапшылықты анемияға тән және перифериялық нейропатияға тән симптомдармен байланысты.
Асқорыту жүйесі:
• Асқазан – ішек жолдары ағзаларымен байланысты симптомдар анемиямен ауыратын науқастарда жиі байқалады. Кейбір симптомдар анемияны туындататын ауру салдарынан көрінеді(ұлтабардың ойықжаралы ауруы, асқазанның қатерлі ісігі).
• тіл бүртіктерінің глосситтері және атрофиясы мегалобластты және теміртапшылықты анемияға тән.
• ауыз қуысының және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының некроздануы, ауырсыну аплазиялық анемияға шалдыққанда дамиды.
• ТТА кезінде дисфагия жиі дамиды.
Несеп- жыныстық жүйесі:
• анемияның ауыр түріне жеңіл протеинурия көрінуі мүмкін.
•микроскопиялық гематурия гетерозиготалы тұқым қуалайтын орақтәрізді анемияға; изостенурия гомозиготалы да және гетерозиготалы да тұқым қуалайтын анемияға тән.
Метаболизмдік өзгерістер:
•анемияның ауыр түрлерінде метаболизмдік өзгерістер және қызба дамуы мүмкін..
•дене температурасы жоғарылайды, жиі субфебрильдік болады (38°С дейін) жіті гемолиз кезінде байқалады.
Анемияның диагностикалау принциптері
Анемиямен ауыратын науқасты емдеу, тексеру анамнез жинаудан және мұқият тексеруден басталады.
Анамнездің ерекшеліктері.
• анемиялар тұқым қуалайтын болуы мүмкін және ауто¬сомалық-доминантты, аутосомалық-рецессивті типпен арқылы беріледі немесе жыныспен тіркескен болады.
• анамнез жинау барысында науқастың дәрілік препараттарды және химиялық агенттерді қабылдағанына қабылдамағанына мән беру керек. Себебі, кейбір дәрілік препараттар анемияны және соматикалық бұзылыстарды туындатады.
• анемияның ең жиі симптомы: қызба. Оның пайда болуы инфекциямен немесе интоксикациямен байланысты.
• кейбір анемия түрлерінде науқастардың дене салмағының төмендеуі байқалады.
• Әлсіздік, шаршағыштық, апатия, мазасыздық — жалпы спецификалы емес симптомдар, қызбаның әсерінен көрінеді.
Анемиямен ауыратын науқастарды тексергенде мыналарға көп көңіл бөлу қажет:
Тері: бозғылт түсті, қызаруы, көгеруі, сарғаюы, бөртпелердің болуы, петехиялар, экхимоздар,
...