Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру

Автор:   •  Октябрь 21, 2018  •  Реферат  •  768 Слов (4 Страниц)  •  6,304 Просмотры

Страница 1 из 4

Қарағанды  мемлекеттік медицина университеті

Акушерия және гинекология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру

Орындаған: Орынбасаров Арман

Топ: 4020 ЖМФ

Тексерген: Асылбекова Н.А.

Қарағанды 2018

Акушерия – әйел туралы ғылымның бір бөлігі (гинекология сөзі gunea – әйел деген сөзден шыққан), ол ұрықтану, жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңдерге байланысты процестерді зерттейді. Акушерия термині accoucher деген француз тілінен шыққан – босану кезіндегі көмектесу  деген мағынаны білдіреді.

Акушерияның ғылыми аспектілері ұрықтанудың, эмбрион мен ұрықтың, босану қызметінің, ұрықтың құрсақтан тыс дамуға өту және жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы жеті тәуліктегі өмірінің физиологиясы мен патологиясын зерттеуге байланысты.

Акушерия физиологиялық жүктілік пен босануды жүргізуге, жүктілік пен босану кезіндегі асқынуларды анықтау мен емдеу әдістерін жасауға, асқынулар кезіндегі акушерлік тактиканы анықтауға, босандыру әдістерін жетілдіруге негізделеді, яғни болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралардың кешенінен тұрады.

Жүкті, босанушы, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге,  гинекологиялық науқастарға емдік-профилактикалық көмек көрсету жалпы медициналық тәжірибеден ерекшелене отырып, арнайы кәсіби бағытты юолып табылады.

Акушер-гинекологтардың негізгі міндеттері:

  • Ана аурушаңдығы мен өлімін азайту;
  • Перинатальды және нәрестелер аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштерін азайту;
  • Отбасын жоспарлау, жасанды түсіктердің алдын алу, бедеулікті емдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Гинекологиялық аурушаңдықты төмендету;
  • Әйелдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Ана мен нәресте денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және гинекологиялық науқастарға көмек көрсету амбулаторлы және стационарлы көмек беру қарастырылады.

Амбулаторлы акушерлік-гинекологиялық көмек

Қазіргі уақытқа дейін жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға амбулаторлы көмекті оқшауланған әйелдер кеңесінде көрсетіліп келді. Бұдан басқа, емханалардың және медико-санитарлық бөлімдердің арнайы жетілдірілген бөлімшелері бар. Ресейде жүкті әйелдер белсенді диспансерлі әдістерді қолдану арқылы бақыланады. Жүкті әйелдерге бақылау жүргізу жүктіліктің қалыптыдан ауытқуын уақытында анықтап, емхана немесе стационар жағдайында адекватты медициналық көмек беруге негізделеді. Жүктілік ағымының бақылау нәтижелері және клиникалық тексеру мәліметтері жүкті әйелдердің жеке карталарында тіркеліп, оның көшірмесі жүкті әйелдің жүкті әйелдің босану үйіне жіберілетін алмасу карталарында жазылады. Стационарда емдеу нәтижелері, босану барысы мен нәтижесі осы картада жазылып, амбулаторлы бақылайтын акушер-гинекологына қайта жолданады.

Бақылау барысында әрбір жүкті әйелдер стоматолог, терапевт, көрсеткіштері бойынша эндокринолог, окулист дәрігерлеріне қаралуы қажет.

Барлық жүкті әйелдерге емханалық жағдайдапренаталды диагностика жүргізілуі керек.

Әйелдер кеңесі мен емханардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдерінде гинекологиялық науқастарды тексеру жүргізіледі, бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, эндокринді патологиялар бойынша мамандар болады.

Стационарлық акушерлік көмек

Акушерлік стационарлар әр түрлі масштабты болуы мүмкін: аймақтық аурухананың акушерлік кереуетінен көп салалы аурухананың босану бөлімдері мен перинатальды ортлықтарға дейін.

Ана мен перинатальды өлім көрсеткішін төмендету мақсатында асқынған жүктілікпен әйелдерді кәсіби мамандандырылған көмек көрсетуге қабілетті ірі босандыру мекемелеріне жатқызу қажет. Ресейдің көптеген ірі қалаларында мамандандырылған босану үйлері ұйымдастырылған, оларда келесі патологиялармен әйелдер шағырланады:

  1. Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы;
  2. Қант диабеті;
  3. Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық;
  4. Резус-сенсибилизация;
  5. Инфекциялық аурулар;
  6. Бүйрек патологиясы.

Мұндай маманданудың оң әсері бар, өйткені босану үйі аталған аурулар бойынша ғылыми-әдістемелік орталыққа айналып, жүкті, босанушы, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көмек жоғары кәсіби деңгейде көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (395.7 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club