«Акушерия және гинекология оның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша (2017-2018 оқу жылы) резидентура тыңдаушысы
Автор: salamat97 • Сентябрь 11, 2018 • Реферат • 913 Слов (4 Страниц) • 1,477 Просмотры
«Акушерия және гинекология оның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша (2017-2018 оқу жылы) резидентура тыңдаушысы Қайратова Айгерімнің
ІI жартыжылдық есебі.
Резидентураның екіншіжартыжылдық оқуын акушерия және гинекология кафедрасында құрылған жоспарға сәйкес,11.12.17-03.03.18ж аралығында «Ауруханадағы акушерия-2» дисциплина бойынша № 1 Облыстық перинатальды орталықта өттік.
№ 1 Облыстық перинатальды орталықтың құрылымы:қабылдау бөлімі,гинекология бөлімшесі,жүкті әйелдер патологиясы,босану бөлімшесі,босанғаннан кейінгі бөлімше,реанимация және жаңа туған нәрестелер патология бөлімшесінен тұрады.Гинекология бөлімшесінде 5 палата,ем шара бөлмесі,қарау бөлмесі және дәрігер бөлмесі бар.Бұл бөлімде алдымен медициналық құжаттарды жүргізуден бастап,жүктіліктің үзілу қаупімен жүкті әйелдерді,гинекологиялық сырқаттары бар түскен әйелдерді қабылдап,тексеру әдістерін жүргіздім.Көрсеткіштерге байланысты жатыр қуысына қыру жасадым.Қан кеткен немесе ауыр дәрежелі анемиясы бар әйелдерге қан тобы мен резус факторын анықтап,қажетті мөлшерде гемотрансфузия жасадым.Лапоротомдық және лапороскопиялық(тубэктомия,туботомия,овариоэктомия,цистэктомия,ампутация,экстирпация) операцияларға қатысып,бірінші ассистент болдым және операциядан кейінгі кезеңді бақылап,таңып байлау жүргіздім.Осы тәжірибелік уақытта науқастарды клиникалық талдауға қатысып, аптасына 2 рет түнгі кезекшілікке шығып,таңғы конференцияда есеп бердім.Цикл соңында емтихан тапсырдым,баға %«» алдым.
05.03.18 – 11.05.18жаралығында « Балалар гинекологиясы» дисциплина бойынша КДО ОПО емханасында өттім. Алдымен емхананың ішкі ұйымдастыру жұмыстармен таныстым. Ауруханаға дейінгі этапта акушерлік гинекологиялық көмектің жалпы ұйымдастырылудың жалпы принциптерімен таныстық. Профилактикалық қарауларды жүргізу (жатыр мойны және сүт бездері ауруларына скрининг), жүкті әйелдерді есепке алу, қалыпты жүктілікті және экстрагенитальды аурулары бар және қауіп тобындағы, ауыр акушерлік анамнезі бар, гипертензиясы бар, күні асқан жүктілерді, ұрықтың дұрыс емес орналасуы кезіндегі, сонымен қатар резус теріс қан тобындағы жүкті әйелдерді жүргізуге және құжаттарын толтырылуын үйрендім. Кәмелет жасқа толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсетудің сатысын, гинекологиялық аурулары бар қыз балаларды диспансерлік есепке алуды құжаттарын толтырып үйрендік және жүргіздім. Отбасын жоспарлау, қаламаған жүктіліктің алдын алу мақсатында кеңес жүргізуге қатыстым. Профилдеуші пәнді игеру барысында теориялық мәліметтерді дәрістер түрінде, семинар сабақтар түрінде, конференциялар мен шеберкластарға қатысу арқылы игерудемін. Мектептерде ағарту жұмыстарына қатыстық: Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі және Ақтөбе ауыл шаруашылық» колледжінің 1-2 курс қыздары арасында «Етеккір циклы.Етеккір циклының бұзылыстары» , «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік »тақырыптарында дәріс оқып, ағарту жұмыстарын жүргіздім. Түрлі маңызды тақырыптарға арналған шебер-класстарға қатыстым. Емтиханды тапсырдым ,баға % « » алдым.
14.05.18 – 25.05.18ж аралығында «Визуальды диагностика» дисциплина бойыншаМ.Оспанов атындағы БҚММУ орталығында өттік. Визуальды диагностикадағы негізгі зерттеу әдістері R-грамма, КТ, МРТ, УДЗ. Кіші жамбас қуысының және сүт безінің онкопатологиясындағы визуальды таңдау. Асқан ішек жолдарыныі қазіргі заманауи сәулелік диагностикасы. Қалыпты сүт безінің сәулелік анатомиясы. Сүйек буын жүйесі қалыпты, патологиясындағы сәулелік диагностикасы. Осы пәнді игеру барысында теориялық мәліметтерді дәрістер түрінде, семинар сабақтар түрінде қатысу арқылы игердік.Осы тәжірибелік уақытта науқастарды клиникалық талдауға қатысып, таңғы конференцияда есеп бердім. Цикл соңында емтихан тапсырдым,баға % « » алдым.
...