Шпаргалка по "Зоологии"
Автор: Aidon Islam • Май 9, 2018 • Шпаргалка • 18,735 Слов (75 Страниц) • 840 Просмотры
Зоология пәні бойынша емтихан жауаптары
№1. Жалпақ құрттар (Platodes) типінің жалпы сипаттамасы. Түрлерінің алуандылығы. Құрылысы ж/е тіршілік ету ерекшеліктері. Паразиттік тіршілік етуге б/ты бейімделу ерекшелігі.
Жалпақ құрттар типіне денесінен тен қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы жан-р жатады. Ж.Қ 3 қабатты. Чыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішкі п.б. энтодерма қабаттары аралығында 3і ұрық жапырақшасы-мезодерма дамиды. Құрт-ң денесі ұзынша келген ж/е арқа-құрсақ бағытында қысыңқы. Негізгі ерекшелігі-тері-бұлшықет қапшылығының болуы. Ол эпителий мен оның астыңда орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Ж.Қ бәрі де –қуыссыз, паренхималы жан-р. А.қ.ж. эктодермальды алдыңғы ішектен н/е жұтқыншақтан ж/е тұйық бітетін эктодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі ж/е ерекше аналь тесігі жоқ. Протонефридия деп аталатын алғ зәршығару мүшесі п.б. Қан айналу ж/е тыныс алу жүйесі жоқ. Неры жүйесі бас нерв түйінінен ж/е одан дене-ңартқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өскінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Іштей ұрықтанады. Ж.Қ типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар, дигенетикалық сорғыштар н/е трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар ж/е цестодатәрізділер. Соңғы 4 кл өкілдері паразитті. Еркін қозғалатын жан-ң паразиттік тіршілікке ауысуы бірнеше бағытта өтуі мүмкін. Бұл жерде симбиоз түрі маңызды орын алады. Мыс, суда өз бетінше тіршілік етіп жүрген кішкене құрттар белгілі бір жағдайлармен өзінен ірі жан-ң денесін паналайды. Иесінің қанымен, тканьдерімен қоректенуге көшіп, олар нағыз паразиттерге айналады. Эволюция барысында балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік еткен құрттар иесі-ң ауыз қуысы мен ас қорыту жолына біртіндеп көшу процесі де болған. Филогенездегі – бұл эктопаразитизмнен иесінің ішегіне, ішкі мүшелеріне паразиттік тіршілікке көшудің негізгі жолы.
№2. Буылтық құрттар (Annelida) типінің сипаттамасы. Тіршілік ету ортасына бейімделу ерекшеліктері.
Аннелидтер н/е буылтық құрттар типі- жоғ сатыдағы құрттар, целлом қуысты жан-р. Бұлар-ң денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден н/е метамерлерден құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің 2ші қуысы н/е целом қуысы бар. А.қ.ж алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен тұрады. З.ш.ж метанефридиялы. Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұт-қ айналасы коннективадан ж/е ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Б.Қ денесі арқа-құрсақ бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше мл-ден 2,5 м дейін. Теңізде, тұщы су-да, топ-да кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар. 9000-ға жуық. Б.Қ типі 2 тип тармағына бөлінеді. Белдеусіздер ж/е белдеулілер.
№3. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы, көптүрлілігі, тіршілік ету ортасына бейімделуі
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған ж/е түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типінің түр саны буынаяқтыларға жетпейді. Буынаяқ-р типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар ж/е насекомдар жатады. Барлығына тән белгілерінің бірі – аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар д.а. да осыдан. Олар екі жақты симметриялы ж/е гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі н/е үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ н/е бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды , сондықтан буынаяқты-ң өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденеңсалалы – жолақ, тез жиырыла алады. Дара жынысты-р. Даму кезеңі әр алуан: тура даму н/е анаморфоз, алғашқы даму – проморфоз н/е эпиморфоз, шала түрленіп даму – гемиметаморфоз, толық түрленіп даму – голометаморфоз, жеткіліксіз даму – гипоморфоз, күрделі даму – гиперметаморфоз. Буынаяқ-р мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адамда, жан-р мен өсімдіктерде паразитті тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар -Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha, хелицералылар -Chelicerata, kеңірдекпен тыныс алушылар – Thacheata. А.қ.ж. 3 бөлімді: алдыңғы, ортаңғы ж/е артқы ішек. Алдыңғы ж/е артқы ішегі эктодермальды, ішкі жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы – эктодермальды ішкі безді эпителиальды клеткалармен астарланған. З.ш.ж бір түрлерінде буылтық құрттар-ң түрі өзгерген метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде – Мальпиги түтігі түрінде. Тыныс алу мүшелері желбезек, өкпе, трахея түрінде. Қ.а.ж.- көпкамералы жүрек-ң п.б.ерекшеленеді. Нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннетивасы ж/е ұзына бойлық ганглиялардан құралған. Бір ерекшелігі – орталық нерв жүйесімен қатар шеткі ж/е симпатикалық нерв жүйелерінің болуы.
...