Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнімді қабаттардың қасиеттерін сейсмобарлау 3Д және ҰГЗ

Автор:   •  Июль 15, 2020  •  Доклад  •  1,291 Слов (6 Страниц)  •  427 Просмотры

Страница 1 из 6

Бұл слайдта сіздер презентациямыздың толық мазмұнын көріп отырсыздар.Бүгін біз ауданның зерттелу дәрежесін, оның геология-геофизикалық құрылыстарының ерекшеліктерін ,өнімді қабаттарды соныменн қатар олардың қасиеттерін қарастыратын боламыз.

Қазіргі таңдағы көптеген кенорындар, соның ішінде Жетібай-Өзен сатысында орналасқан кенорындар, игерудің ең соңғы кешеніне кіріп жатыр. Осыған қатысты, кедергі болатын бірнеше факторларды атап өтуге болады. Оларға: зерттеу тереңдігінің үлкеюі, өнімді горизонттардағы коллектор қабаттарының нашарлауы, ұңғыма өнімдерінің сулануы 99%-ға дейін жетуі, көмірсутек жинақталуының әртүрлі геология-геофизикалық жағдайларының күрделенуін жатқызуға болады . Осыған байланысты геофизикалық жұмыстардың дәлділігі мен эффективтілігі төмендейді. ъ

Аталған мәселелерді оптималды шешу үшін жұмыстардың нақтылығын арттырып, күрделі құрылымды коллектор қабаттарын жете зерттеу және геологиялық құрылысын қайта зерттеу мақсатында тиімді геофизикалық комплекстерді жүзеге асыру болып табылады.Осы жағдайда ең оптималды комплекс ретінде 3Д сейсмикалық барлау және ұңғыманы геофизикалық зерттеу (ҰГЗ) деп айта аламыз.

 Өзектілігі – өнімді қабаттардың қасиеттерін сейсмобарлау 3Д және ҰГЗ деректері нәтижесіне сүйене отырып, Жетібай- Өзен сатысындағы кен орындарын геологиялық- геофизикалық модельдеудің тиімділігін арттыру

Мақсаты- алаңның геологиялық құрылымын жете зерттеу және өнімді горизонттардың сүзу- сыйымдылық қасиеттерін нақтылау мақсатында сейсмобарлау 3D және ҰГЗ деректері негізінде геологиялық модель тұрғызу

Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізілетін болады:

1. Негізгі өнімді горизонттардың шекарасын бөлу және геофизикалық деректерді кешенді түсіндіру негізінде олардың ішкі құрылысын нақтылау.

2. Триас, юра, бор шөгінді қабаттарын сейсмостратиграфилық байланыстыру.

3. Триас, юра, бор қабаттарындағы тектоникалық бұзылыстарды көрсету және оларды трассалау.

4. Жоғарғы деңгейлер бойынша негізгі геологиялық параметрлерден тұратын үш өлшемді геологиялық модельді  тұрғызу.

Жұмыстардың әкімшілік алаңы Маңғыстау облысының Ақтау ауданында оранласқан. Ауданын зерттеу деңгейі өте жоғары дәрежеде, алайда бұрын орындалған жұмыстарды талдау зерттеу алаңының перспективасы негізінен неоком және Юра шөгінділерімен байланыстырылғанын көрсетеді. Осы жұмыста триасты шөгінділердегі перспективалы объектілерді анықтау мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлінеді.ОСы жағдай жұмстың өзектілігін дәлелдейді.

Геологиясы

Бұл суреттен сіздер біз қарастырып жатқан ауданның геологиялық қимасын көріп отырсыздар. Масштабы 1:500 000. Ауданның қимасы Pz,Mz және Kz шөгінділерімен сипатталынған. Ерекшеліктеріне келетін болсақ қатпарлы-метаморфтық герциндік іргетас жоғарғы пермьді-триасты өтпелі кешен және палеозой-мезозойлық платформалық тысымен қапталған. Ең алдымен бұл қимадан үйлесімсіз жатыста түзілген Pz шөгінділерін байқай аламыз. Pz шөгінділері мен T аралығында стратиграфиялық үйлесімсіздіктің болғанын ал жоғарғы Т пен төменгі J аралығында шайылу зоналарының барын анық байқай аламыз. Тектоникалық бұзылыстардың нәтижесінде туындайтын жарылымдардың болғандығын үзік-үзік сызықтар арқылы көресіздер. Жарылымның екінші толқыны Pg-де орын алған.

Қиманың солтүстігінен антиклин құрылымды қабаттардың түзілгендігін көріп отырсыздар және де Р-Т шөгінділерінен тұратын өтпелі кешен жер бетіне шыққан. Құрамына келетін болсақ жалпы барлық таужыныс құрамы біркелкі: саздар, құмтастар, сұр-қара түсті алевролиттердің алмасып отыруымен сипатталады.

Тектоника

Бұл  ауданда Шығыс Өзен күмбезі, Негізгі күмбез, Орталық және Батыс блоктары, Хумурун және Батыс Хумурун күмбезі, Солтүстік-Батыс күмбезі, Парсумурун және Шығыс Парсумурун күмбезі және бірқатар ұсақ құрылымдар кездеседі.

...

Скачать:   txt (21.3 Kb)   pdf (522.5 Kb)   docx (441.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club