Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұрғылау және оның түрлері

Автор:   •  Апрель 5, 2018  •  Реферат  •  2,306 Слов (10 Страниц)  •  892 Просмотры

Страница 1 из 10

                                                   Жоспар

        

  • Кіріспе

     Негізгі бөлім

  • Бұрғылау және оның түрлері
  • Ұңғыма туралы түсінік                                                                                                   
  • Ұңғымаларды бұрғылау тəсілдері                                                            
  1. Соққылама əдіспен бұрғылау                                                                
  2. Айналмалы әдіспен бұрғылау
  • Пайдаланылған әдебиеттер

   Бұрғылау - бұрғы жәрдемімен тұтас материалдың жоңқасын жонып алу жолымен бітелмеген немесе бітеу цилиндрлік тесік тесу процесі[1]; тау жыныстарын бұзу арқылы қимасы дөңгелек болатын кен қазбасын жасау процесі.

  Жер қыртысын геологиялық зерттеукен орындарын іздеу және барлау, жер астынан қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлі кен байлықтарды алу, батпақты жерлерді құрғату, жер асты коммуникацияларын жүргізу, т.б. көптеген жұмыстар Бұрғылау арқылы іске асырылады. Ұңғыма Бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзып қопарудың қазір қолданылып жүрген тәсілдері негізінен екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі — бұрғылау аспабының тікелей әсер етуі арқылы тау жыныстарын бұзып қопаратын механикалық әдіс, ал екінші тәсіл бойынша тау жыныстары әр түрлі физикалық (термиялықультрадыбыстық, т.б.) әсерлер арқылы бұзылады. Бұрғылаудың механикалық әдісі айналдыра бұрғылау және соққылап бұрғылау болып екіге бөлінеді. Бұрғылау аспабының түріне (шнекті, штангалы, алмасты, тісті доңғалақты, т.б.), бұрғылау машинасының түріне (перфораторлыпневмосоққылытурбиналы, т.б.), сондай-ақ, ұңғыма қазудың тәсіліне (көлбеу, тармақты, т.б.) қарай Бұрғылау бірнеше түрге бөледі. Тау жыныстарына физикалық әсер арқылы Бұрғылау тәсілдерінің ішінде термиялық Бұрғылау кең тараған. Қопарып Бұрғылау тәсілін өндіріске енгізу қолға алына бастады. Бұрғылаудың техникалық жабдықтары негізінен бұрғылау қондырғылары мен тау жынысын бұзып қопаратын аспаптардан тұрады. Ал ұңғыма Бұрғылау жұмыстары кенжардағы (забойтау жыныстарын талқандау, бұзылған жыныстарды сыртқа шығару, орнықсыз (опырылмалы) ұңғыма қабырғаларын бекіту сияқты процестерден құралады. Талқандалған тау жыныстарын ұңғыма кенжарынан үздіксіз сыртқа шығарып тұрмаса бұрғылау жылдамдығы бәсеңдеп, тіпті тоқтап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұрғылау кезінде бөлінетін ұнтақтардан тазалау үшін ұңғыманы суменбалшық ерітінділерімен үнемі жуып немесе сығылған ауамен үрлеп тұрады. Орнықсыз жыныстарды Бұрғылау кезінде ұңғыма қабырғасын опырылудан сақтау үшін әр түрлі әдістер (арнаулы ерітінді, жылдам қатаятын қоспацемент) қолданылады.

  Екінші оқпанды бұрғылау. Өнімді горизонттарды берілген координаттарға сәйкес тесіп өту (егер ұңғыманың бірінші оқпаны бұл талапты техникалық себептермен қанағаттандыра алмаған жағдайда) немесе ұңғыманы қойнауқаттың азырақ сорғытылған екінші бөлігіне бұру мақсатында ұңғыманың басты оқпанымен қатар қосымша оқпанқалыптастырылуымен сипатталатын бұрғылау жұмыстары.

  Терең бұрғылау. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, тереңдігі 4500-6000 м аралығында болатын бұрғылау ұңғымаларын жасақтау терең бұрғылауға жатады. XX ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асырылған тереңдігі 8000 м-ге, тіпті одан да астам тереңдіктерге (ең терең ұңғыма тереңдігі 12 мың м-ден астам) шейін бұрғылау шаралары "өте терең бұрғылау" деген сөз тіркесі арқылы беріліп жүр.

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (245 Kb)   docx (95.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club