Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инженерлік геодезиялық торларды жиілету әдістері туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Январь 27, 2019  •  Курсовая работа  •  5,936 Слов (24 Страниц)  •  1,831 Просмотры

Страница 1 из 24

Кіріспе

  1. Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиямен және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — географиялық координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Геодезиядағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехника және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инженерлік түсірімдерді орындау мәселелерін инженерлік геодезия шешеді.
  2. Инженерлік геодезия – инженерлік объектілерді, өндіріс орындарын, гидротехникалық, көлік – жол қатынастарын жобалауда, салу және экспуациялау, ізденіс жұмыстарында геодезиялық өлшем әдістерімен шұғылданатын ғылым.

Инженерлік геодезия жұмыстарын орындау дала және өндеу жұмыстары болып екі түрге бөлінеді. Дала жұмыстарының құрамы өлшеу және бақылау – есептік процестерінен, ал өндеу жұмыстары – есептеу және сызба процестерінен тұрады.

                    Инженерлік геодезия пәні келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Өлшеу процестері жердің бетіндегі жеке объектілер мен олардың элементтерінің нүктелерінің өзара орналасуын анықтайды. Бұл процестер жер бетінің планын, картасын және профильдерін алу үшін, сонымен қатар әртүрлі халық шаруашылық мәселелерді шешу үшін жасалынады.
  2. Есептеу процесіне өлшеу нәтижелерін математикалық өндеу жатады. Бұнда электрондық калькуляторда немесе дербес есептеу машиналарын қолданады.
  3. Графикалық процесс кезінде өлшеу және өңдеу нәтижелері сызба түрінде шартты белгілермен бейнелеп көрсетіледі.

             Геодезияда сызбалар геодезиялық жұмыстарды жүргізгендегі алынатын негізгі өнім болып табылады, олардың көмегі арқылы инженерлік есептеулер, жобалау және жобадан жерге шығару жұмыстары орындалады.

Біздің елімізде жүргізілетін барлық геодезиялық жұмыстарды ұыймдастыру үшін негізгі екі қағидаға сүйенеді: өлшеу жұмыстарын жалпыдан  жеке қарай жүргізу; орындалатын жұмыстарды жүйелі бақылаумен жүзеге асыру.

Инженерлік геодезия жұмыстарын ұйымдастыру және өңдеу кезінде өлшеуден кететін қателер біркелкі бөлінуі керек.

1 Инженерлік геодезиялық торларды жиілету әдістері туралы жалпы мәлімет

Инженерлік геодезиялық торлар жердің өлшемі мен түрін зерттеп, жоғарғы геодезияның ғылыми есептерін шешу; топографиялық түсірістер мен картографиялық жұмыстарды орындауды негіздеу, инженерлік зерттеу жұмыстары, өндірістік құрылыс сияқты жерге орналастырумен байланысты түрлі инженерлік - геодезиялық есептерді шешу мақсатында қолданылады.    

Мемлекеттік геодезиялық торлар – мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететің және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торды айтады. Мемлекеттік геодезиялық тор барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің басты геодезиялық негіз болып табылады. Ол ғылымы  және инженерлік мәселелерді шешу кезінде қорғаныс және халық шаруашылығы талаптарын қанағаттандыруы керек. Мемлекеттік геодезиялық тор пландық және биіктік геодезиялық тор болып бөлінеді.

...

Скачать:   txt (83.3 Kb)   pdf (964.5 Kb)   docx (514.5 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club