Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Организмнің физиологиялық қызметтері

Автор:   •  Июнь 14, 2023  •  Лекция  •  36,421 Слов (146 Страниц)  •  207 Просмотры

Страница 1 из 146

№1 дәріс. Кіріспе. Организмнің  физиологиялық қызметтері.

Негізгі сұрақтар:

1Физиология ғылымның даму тарихы.

2Организмде өтетін негізгі физиологиялық  процестер

3Физиологиясаласындағы зерттеу әдістері

4Ағзаның негізгі қызметтері

Физиология деген сөз грек тілінде тірі ағзаның қызметтері туралы ғылым, немесе тіршілік тану деген мағыны береді. Физиология ағзаның тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды. Ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Адам мен жануарлар ағзасының қызметтері жайлы алғашқы деректерді көне грек дәрігерлері Гиппократ, Аристотель, көне рим дәрігері Гален жинақтаған. Ал Орта Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде X-XI ғасырда аттары әлемге белгілі ғұламалар Әбу Насыр Әл-Фараби мен Әбу Әли Ибн Сина өмір сүріп, осы уақытқа дейін құндылығын жоймаған трактаттарында  ағзаның кейбір маңызды қызметтері жайында бағалы мағлұматтар баяндаған. Физиология дербес, тәжірибелік (эксперименттік) ғылым ретінде ағылшын дәрігері Вильям Гарвей (1578-1657) зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты.
Ресейде физиология XVIII ғасырдың басында қалыптасты. Оның дамуына орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, Ф.В.Овсянников, Н.Е.Введенский және басқалар үлкен үлес қосты. И.М.Сеченов орыс ғылымының мәртебесін арттырып қана қоймай, дүние жүзінде физиология мен психологияның дамуына зор ықпал жасады, сондықтан орыс физиологиясының атасы деген құрметті атаққа ие болды. И.П.Павлов ғылымға созылмалы тәжірибелер тәсілін енгізіп, жинақтау бағытының негізін қалады.
И.П.Павловтың физиологиялық принциптері. Павлов өз өмірінің соңғы жылында иттерде шартты рефлекстер пайда болуы тәжірибелерін жүргізе отырып, олардың мінез-құлқын тексерген. Соның нәтижесінде жоғарғы жүйке қызметінде болатын үш принципті И.П.Павлов ұсынды. Олар: анализ бен синтез, детерминизм және құрылымдық принциптер. 1) анализ - талдау- дегеніміз біртұтас құбылыстардың жеке қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін тексеру; синтез- түзілу – жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді тексеру арқылы, біртұтас құбылыстарды жан-жақты түсіну; 2) детерменизм - әрбір құбылысты, әрбір процесті болдыратын себеп, сылтау; 3) құрылымдық принцип - әрбір ағзаның құрылымын оның қызметімен байланыстыру.

Физиологиялық зерттеу әдістері:  Физиологияның негізгі әдісі- тәжірибе жүргізу. Тәжірибе 3 нұсқада жүргізіледі: жедел тәжірибе, созылмалы тәжірибе және мүшелердің қызметін модельдеу.

Жедел тәжірибеде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар жасайды да, ішкі ағзаларға әсер ету арқылы оларды тітіркендіру, тамырларды қию, дәрі-дәрмектер жіберу, олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды.

Созылмалы тәжірибелер алдын-ала арнаулы операция жасалған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне фистула қойылады, бездердің өзектері сыртқа шығарылады т.б.

Функцияларды модельдеу әдісі физиологиялық болжамдардың - ағзаның өсу қарқынын, малдың сүттілігін дұрыстығын тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір қызметтерді бейнелеуге, мүшелерді уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді.

Органдарды жекелеу. Мысалы қарыннан бауырға қан құятын қақпалық венаны байлап, оның қалған бөлігін қуыс венамен біріктіріп тіксе, бауыр оқшауланады.

 Экстирпация кезінде зерттелетін органды жартылай немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бұдан соң ағзада байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оның денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының барлығы анықталады.

 Трансплантация - бір ағзадағы органды, ұлпаны орнынан басқа жерге, немесе басқа ағзаға көшіріп қондыру. Перфузия - зерттелетін, құрамы алдын-ала белгілі ерітіндіні не қанды тиісті органның тамырлары арқылы өткізу.

 Радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардағы ағзадардегі бірнеше жүйелердің қызметтерін көрсеткішін бір мезгілде электромагниттік және радиотолқындары тіркеп жазып, талдау арқылы қажетті физиологиялық ақпарат алынады т.б. әдістері.

Физиологиялық процесс дегеніміз тірі ағзада жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы – ас қорыту, тыныс алу, бөлу т.б.

...

Скачать:   txt (530.2 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (945.5 Kb)  
Продолжить читать еще 145 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club