Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі

Автор:   •  Май 30, 2020  •  Курсовая работа  •  5,595 Слов (23 Страниц)  •  367 Просмотры

Страница 1 из 23

                                            Жоспары      

I. Ауру тарихы

II. Эпикриз

2.1. Ауру анықтамасы

2.2. Этиологиясы

2.3. Патогенезі

2.4. Клиникалық белгілері

2.5. Диагноз бен айыру диагностикасы

2.6. Емі

2.7. Алдын алу

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

   

       II. Эпикриз

       2.1  Ауру анықтамасы

       Тыныс алу мүшелерінің аурулары оларға ауру тудыратын микроорганизмдер енгенде және зиянды заттарды қолданғанда пайда болады. Олардың көпшілігі тұтылып, зарарсыздандырылады да, жоғары тыныс жолдарының сілемейлі қабығы арқылы сыртқа шығарылады. Мүшелерге енген микроорганизмдердің бір бөлігі тұмау, баспа, бронхит, өкпе қабыну, туберкулез сияқты әртүрлі аурулар тудыруы мүмкін.

       Әр аурудың өз қоздырғышы болады. Олар вирустар — ауру тудыратын бактериялар. Ауруқоздырғыштар ауру жануардан немесе инфекция тасымалдаушыдан жүғады. Инфекцияның негізгі кіреберіс қақпасы — жоғары тыныс жолдарының сілемейлі қабығы. Аурудың алдын алу шараларына жеке бастың гигиеналық ережелерін сақтау және организмді шынықтыру жатады.

        Тыныс алу жүйесінің аурулары төлдердің арасында жиі кездеседі жәнеде жұқпалы емес аурулардың ішінде ас қорыту жүйесінің ауруларынан кейінгі екінші орынды алады. Жалпы кәзіргі кездегі жеке шаруашылықтарда барлық аурулардың 20-30%-ті тыныс алу жүйесінін ауруларының үлесіне тиеді.Тыныс алу жуйесімің ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі:

         1.Төлдерді күту мен азыктандыру технологиясының  бұзылуларынан организмнің резистентгік қабілетінің төмендеуі;

     2.Микроорганизмдердің өсері.

    Тыныс алу жүйесінің ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтап, оларға тиімді ем қолданып, алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастыру үшін тыныс жолдары мен өкпенің атқаратын әр алуан қызметтерінің физиологиялық мәнін анық түсіне білу керек. Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады. Өкпенің ауамен қамтамасыз етілуінің бұзылуы тыныс алу жүйесінің жеткіліксіздігінің үш сатысымен анықталады:

      1.Ентігу   құбылысы   төлдер  организміне   тек   қатты   күш түскенде ғана білінеді;

    2.Ентігу құбылысы төлдер организміне аздап қана физикалық салмақ түскенде-ақ байқалады;

    3.Ентігу құбылысы үнемі жәй тұрған төлдерде де, физикалық салмақ түскен төлдерде де үнемі болып тұрады.

    Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:

    1.Тыныс алу  жолдарының  аурулары   (ринит,   гайморит,фронтит, ларингит, трахеит);

    2.Өкпе   мен   оның   сірілі   қабықтарының  аурулары  (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі).

   

   

     2.2 Этиологиясы

     Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы  (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және   фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.ДамуыТанаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.БелгілеріТөлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн[2,6,8].

...

Скачать:   txt (74.4 Kb)   pdf (176.4 Kb)   docx (28.6 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club