Калқанша безі гормондары организмнің
Автор: balgyn_9308 • Март 25, 2019 • Реферат • 991 Слов (4 Страниц) • 876 Просмотры
ӘОЖ 612.172.4
*Аманбай Б.Б., Кулбаева М.С., Аблайханова Н.Т., Еланцев А.Б.,
Жапаркулова Н.И., Мусабаева С.К., Артыққызы Т.
«ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІН ТЕРІДЕГІ БАН –НЫҢ БИОФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ»
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
E-mail: balgyn _9308@mail.ru
Іс жүзінде қалқанша безі гормондары организмнің барлық жүйелерінің
қызметін бақылап отырады, су–тұздардың алмасуы, жылу түзілушілік, зат
алмасудың үрдістігін, оған белоктар, майлар, көмірсулар мен витаминдер алмасулары да кіреді. Мысалы, қалқанша безінде бета–каротин негізін құрайтын өсімдіктік ізашарлары– каротиноидтардан А витамині түзіледі. Қалыпты жағдайда қалқанша безі екі маңызды тироксин (Т4) және тирицодтиронин (Т3) деп аталатын гормондарды бөліп шығарады. Тиреоды гормондар жасушалардың дамуы мен өсуін ретке келтіреді, орталық және шеткі жүйесінің қызметін, бұлшықет, көбею мүшелері,сүйек, жүрек - тамыр, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің жұмысының функциясын ретке келтіреді. Студенттердің қалқанша безіндегі физиологиялық өзгерістердің болуына бірден бір себеп – йод тапшылығы. Йод тапшылығы дұрыс тамақтанбау,йоды кем тағамдармен қоректену, экологиялық жағдайға тәуелді ағзаның физиологиялық күйінің өзгеріске ұшырауынан болуы ықтимал.
Йод профилактикасына йод препараттарын йод тапшылығы дамуы мүмкін осал топтарға – балаларға, жасөспірімдерге, жүкті жəне емізулі əйелдерге, бала туу жасындағы əйелдерге беру жатады.
Йод – қалқанша безінің гормондарының синтезі үшін негіздік бастама. Гормондар – өмір дирижерлары. Олардың ішінде қалқанша безінің құрамына йод кіретін гормондары маңызды роль атқарады.Йод – гормондар құрамына кіретін жалғыз микроэлемент,ол – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент. Ол адамға ғана керек емес, жануарлар мен өсімдіктерге де қажет, бұл йодтың жер бетіндегі бүкіл тірі материялар үшін маңыздылығының айғағы.
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде эндокринді аурулар Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінің өзекті мәселелерінің бірі. ҚР Ұлттық Генетикалық Регистрі мәліметтері бойынша Қазастан Республикасында емдік – профилактикалық ұйымдарда жыл сайын 18000 - -30000 дейін эндокринді ауруларымен ауыратын адамдар саны тіркеледі.
Қалқанша безі аурулары кең таралған, таралуы бойынша басқа эндокринді аурулар ішінен қант диабетінен кейінгі екінші орынды алады. Соңғы жылдар ішінді қалқанша безі ауруларының құрылымында айқын өзгерістер байқалады.
Дүниежүзілік статистика бойынша қалқанша безінің түрлі ауруларымен (қалқанша безі функциясының жоғарылауы немесе төмендеуі, түйіндердің түзілуі) тұрғындардың 3% көбі азап шегеді. Түйіндік түзілулер ересек адамдардың 30% - ында кездеседі, 10-30% - ында – зоб (йод тың жетіспеушілігі нәтижесіндет бездің көбеюі). Ісіктерді зерттеу бойынша Халықаралық агенттілік мәліметтері бойынша әлемде қалқанша безінің қатерлі өскіндерімен 213 мың адам ауырады, ал аурушаңдық 3,20/0000 құрайды. Дамыған елдерде аурушандық (6,10/0000) дамып келе жатқан елдерде (2,20/0000) қарағанда жоғары. Қалқанша кезде ағзадағы йод тапшылық еліміздің көп бөлігіндегі орын алып отыр.
Йод жетіспеушілік ірі тау – кен металлургиялық өндірістік – ластанған кешендерінің өнеркәсіп орындары, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Семей полигоны орналасқан аймақтарда айрықша байқалады. Минералдық және химиялық тыңайтқыштардың жалпылама қолданылуы, автомобиль сандарының екпінді өсуі және т.б. – осының бәрі адам денсаулығына әсер етуші жағымсыз факторлардың себебі болуда.
Қалқанша безі – ағзадағы кішкентай органдардың бірі болғанымен, одан шығатын гормондар ағзадағы барлық зат алмасу процестерін реттеп отырады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, сыртқы көрінісі қанатын жайған көбелекке ұқсайды. Ал салмағы бар – жоғы – 25 грамм ғана. Бірақ бұл «көбелекке» көңіл бөліп отырмасаңыз, түрлі аурулармен таныстырары сөзсіз.
...