Желінсауларды анықтаудың негізгі принциптері
Автор: DauletbekMurat • Сентябрь 11, 2023 • Лекция • 1,842 Слов (8 Страниц) • 147 Просмотры
Желінсауларды анықтаудың негізгі принциптері. Клиникалық желінсауды диагностикалау жануарларды зерттеудің клиникалық әдістеріне негізделеді. Оларды міндетті түрде зертханалық зерттеулермен растау талап етіледі.
Балау анамнез деректеріне, клиникалық және зертханалық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Анамнез көмегімен шаруашылықтағы жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық ауруларға қатысты жағдайлары анықталады.
Субклиникалық желінсау аса қауіпті екені анық. Клиникалық түрімен салыстырғанда, жасырын желінсау ұзақ уақыт бойы қандай да бір клиникалық симптомдар мен сүттердің органикалық өзгеруі белгілерінсіз өтуі мүмкін.
Әдетте, зертелетін сүтте екі көрсеткіш анықталады - сүттің рН-ы және соматикалық жасушалар саны. Сүт рН-ын анықтау үшін индикаторлық тесттер (бромтимол көгі, розол қышқылы, ПЭДМ-аспабы, Уайтсайд үлгісі) пайдаланылады.
Соматикалық клеткаларды анықтау мақсатында: сүтті 5%-ды дима- стин ерітіндісімен, 2% және 10% мастидин ерітінділерімен, мастопримнің 1% ерітіндісімен, мастопримнің 2,5% ерітіндісімен, маститодиагност- пен, Ланжу мастит тестімен, Соматик тестімен, Иаішаз ЗК-Іезі экспресс- диагностикуммен, Масттест-АФ-мен қолданады.
Профессор Т.Ж.Әбдірахманов, А.Н.Ахметов (1997) желінсаудың жасы- рын түрін анықтауға жаңа диагностикалық тест-диагмаст үсынды. Диаг- маст арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіш, атап айтқанда сүттің рН-ын және соматикалық клеткалар саның бірдей анықтауға болады. Тест басқа қолданылатын диагностикумдарға қарағанда өзіндік, жасырын ауру мал санын көбірек анықтайды.
Т.Ж.Әбдірахманов, Ж.С.Бакишева, Б.Болат, Т.Г.Бакишев, 2016. Сиыр- лардың және саулықтардың желінсауын анықтау мақсатында мастит диагностикалық тестін (МТД) үсынды (19-сурет).
[pic 1]
19-сурет: Саулъщтармен сиырлардың сірі желінсауын анъщтауга арналган МДТ-тест
Түнба реакциясын қою әдісі. Реакцияны димастинмен желінсауға оң нәтиже берген сынамалармен қояды. Сауып болған сиырдан зерттелетін үрпісінен пробиркаға 10 мл сүт алып 16-18 сағат тоңазытқышқа немесе сүт үйымайтын басқа салқын жерге орналастырады. Екінші күні сынаманы қарайды және нәтижесін есептейді. Сау сиырдың секреттерінде тұнба түспейді, желінсауға шалдыққан сиыр секреттерінде кілегейлі талшықты түнба түзіледі, ал сүті сулы консистенциялы болады (20-сурет).
[pic 2]
20-сурет. Тұнба реакциясы
Желінсауларды емдеу. Сүт безіне қандай себептер әсер етпесе де қабыну дамуының механизмдері біркелкі болып қала береді. Осы кезде жүйкелердің тітіркенуі мен өткізгіштігі бұзылады, лимфо- және гемодинамикалық бұзылулар дамиды, гипертониялар, гиперос- миялар мен гиперонкиялар пайда болады, гистамин, ацетилхолин, аденозинүшфосфорлық және аденил қышқылдары жинақталады, ката- лаза, гиалуронидаза тағы басқа ферменттер жоғарылайды. Сүт безінде байқалынып жататын осы және өзге өзгерістер жалғыз антибактериалды заттар қолданылуы арқылы жойылуы мүмкін емес. Сүт безі қызметін қалпына келтіру күрделі нейротамырлық қатынастар мен трофиканы қалыптастру арқылы ғана мүмкін.
Желінсаулардың патогенетикалық терапиясы. Нейротамырлық реакцияларды қалыптастыру үшін новокаин пайдаланылады. Егер желінсау кезінде қайтымсыз іріңді ыдыраулар, некроздар, гангрена, атрофия немесе желін индурациясы түріндегі ауыр көріністер орын алмаса новокаин жақсы әсерін білдіреді. Ең қарапайым емдеу тәсілі 0,5- 0,1% новакаин ерітінідісін арасына 12 сағат салып желін ішіне 100-150 мл мөлшерінде енгізу болып табылады. Д.Д.Логвинов өзі құрастырған қысқа новокаин блокадасы әдісін қолдана отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Егу үшін резеңке түтікшемен жалғастырылған ұзын иньекциялық инесі бар шприц қолданылады. Инені артынан желін негізі мен құрсақ қабырғасы аралығында ортаңғы сызықтан ауру желін бөлігіне 1-2 см алып енгізеді де тілерсек буынына бағыттап 8-12 см тереңдікке бағыттайды. 0,5% новокаин ерітіндісін 150-200 мл мөлшерінде егеді. Қойларға 0,25% новокаин ерітінідісін 40-50 мл мөлшерінде алдынан, ешкілерге желіннің артынан егеді. Мегежіндерде желіннің әр зақымдалған бөліктің нервілеріне жеке-жеке 0,25% новокаин ерітіндісімен 20-40 мл мөлшерінде енгізеді. Қажетті жағдайда блокада- ларды 48-96 сағаттан соң қайталайды. 1% новокаин ерітіндісін құрсақ қолқа тамырына Д.Д.Логвинов әдісі бойынша енгізу оң нәтиже береді. 1% новокаин ерітіндісін 100-150 мл мөлшерінде интравенозды арасына 24-48 сағат салып егу жақсы нәтиже береді. Сірі желінсаулы жануарлар 2-3 тәуліктен соң, катаралды желінсауы барлар 4-5 тәуліктен соң, фибри- нозды 6 тәуліктен соң, іріңді-катаралды 5, геморрагиялық 6 тәуліктен соң сауығады.
...