Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұқымдар аурулармен залалдануын анықтаудың биологиялық әдісі

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Контрольная работа  •  722 Слов (3 Страниц)  •  513 Просмотры

Страница 1 из 3

Тұқымдар аурулармен залалдануын анықтаудың биологиялық әдісі

Бидай және арпа тұқымдарын талдау

Талдау үшін тұқымды дезинфекцияламай, 50 тұқымнан ұш жұмыс сынамасын алады. Бидай мен арпа тұқымдарының фузариозбен, қою қоңыр гельминтоспориозбен, альтернариозбен залалдануын Петри табақшаларында сүзгіш қағазда немесе қоректік орталарда (15%-дық сахароза ерітіндісінде немесе агар-агар) тұқымдарды өсіре отырып анықтайды. Контроль (стандарт) ретінде дистилденген су пайдаланады.

Фузариоз белгілері (Fusarium sp)

Тұқымдарды өсіру кезінде өте жұқа, нәзік, жұмсақ, тез өсетін мицелий қалыптасады, ол бастапқыда ақ немесе жарқын (малиновый) түсті болады. Кейбір кезде тұқымдар қызғылт немесе таңқурай түске боялады. Бұл саңырауқұлақтар микроконидиялар мен макроконидиялардың пайда болуымен сипатталады. Микроконидиялар бір жасушалы, 1-2 аралықты, сопақ, жұмыртқа тәрізді. Макроконидиялардың 3-9 қалқасы бар, әртүрлі формадағы, қисық, иілу және әр түрлі  өлшемі бойынша кездеседі.

[pic 1]

[pic 2]

 Мицелий*-өте маңызды орган, көліктік және қоректік функцияларды жүзеге асырады, ол саңырауқұлақтардың вегетативтік көбеюі үшін жауап береді. Споралық қатынастарға қатысады және қалыптасқан спораларды сақтауға жауап береді.

Конидиялар* - (грек konía шаңы және éidos түрі) саңырауқұлақтардың ерекше бұтақтарында пайда болатын споралар

Қара қоңыр гельминтоспориоздың белгілері (тамыр шірігі), (Bipolaris Sorokiniana, Helminthosporium sativum Pamm. King, et Bakke).

Зарарланған тұқымдарда қоңыр пигменттер пайда болады. Тұқымдар саңырауқұлақтан тұратын қалың қара ұшақпен жабылады. Конидиялар ұршық пішінді (веретеновидный) тәрізді, сәл иілген, 3-10 қалқасы бар қою-зәйтүн тәрізді, ұшында дөңгелектелген, ұзындығы 60-120 мкм және ені 15-20 мкм.

[pic 3]

Альтернариоз белгілері (Alternaria sp).

Тұқымдарда қара-сұр түсін беретін өрмекші мицелий пайда болады. Ұрықтық бөлігінде конидиялардан тұратын қара-зәйтүн қабығы дамиды. Зәйтүн немесе қара қоңыр конидиялары, кері-түйреуіш тәрізді, тізбектерде, 3-6 көлденең қалқалары бар, пішіні біртекті емес, көбінесе цилиндрлік немесе сопақ болып келеді.

[pic 4]

Бұл инфекциялар өнімнің төмендеуіне  (35-50% -ға дейін) әкелетін аурулардың қоздырғыштары болып табылады. Эпифитотия-өсімдіктердің жаппай зақымдануы, аурудың таралуы. 

Зиян келтірудің экономикалық шегі -  12 % инфекцияланған тұқым!!!

Дәнді дақылдардың тұқым инфекцияның дамуын талдау

Ұш жұмыс сынамаларының әрқайсысында өнген тұқым санын есептейді және оларды келесі зақымдалған баллдарына жатқызады:

0-тұқымдар қалыпты және қалыпты емес болып өнген, тұқымдар мен өскіндерде аурулар жоқ;

1-тұқымдар қалыпты және қалыпты емес болып өнген, саңырауқұлақтың әлсіз қону, ұрық тамырлары мен өскіндерді бояуын өзгертпей, дақтары мен қоңыр штрихтары жоқ немесе олар өте әлсіз;

2- тұқым қалыпты және қалыпты емес болып өнген, саңырауқұлақтың әлсіз қону, бірақ ұрық тамыршасында немесе өскіндерде нақты дақтар байқалады;

3-ақаулары бар өскіндер, тамырлары мен өскіндердің  өсуі тежейді, саңырауқұлақтардың қатты ұшуы (налет),  тамырлардың, өскіндердің және колеоптильдін қатты күрең түсті болып, кей жерлерде тіндер шіриді;

4-шіріген тұқымдар, өскінділер мен тамырлары шіріп, өспейді.

 Тұқым инфекцияның даму көрсеткіші (Р) мынадай формула бойынша есептеледі:

[pic 5]

Мұнда

 а - әрбір балл бойынша зақымданған тұқымдар санының орташа арифметикалық мәні;

 b - жұқтырудың тиісті балы;

 n - бір жұмыс сынамасындағы тұқымдар саны;

4- ең төмен балл

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (365 Kb)   docx (701.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club