Еттерге міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер. Финноз санитарлық бақылау
Автор: Merei Tagaeva • Апрель 20, 2022 • Практическая работа • 9,837 Слов (40 Страниц) • 231 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ атындығы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АГРАРЛЫҚ»ФАКУЛЬТЕТ
«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
Өндірістік практика бойынша есеп
Тақырыбы: Еттерге міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер. Финноз санитарлық бақылау
Жетекші: Қамбаров А.
Тобы: АП-17-8кд4
Орындаған: Нұржанова С.
Мазмұны
1.Кіріспе....................................................................................................................4
2.Практика өткен мекемеге қысқаша сипаттама..................................................6
3. СҒЗЖ тақырыбы: Еттерге міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер. Финноз санитарлық бақылау................................................................................................8
4.Ветеринария ісін ұйымдастыру........................................................................15
5.Жұқпалы емес ауруларлы балау,емдеу,алдын алу.........................................16
6.Хирургиялық ауруларды балау,емдеу,алдын алу..........................................19
7.Акушерлік–гинекологиялық ауруларды балау,емдеу,алдын алу .................22
8.Инвазиялық ауруларды балау,емдеу,алдын алу.............................................23
9.Індетті ауруларды балау,емдеу,алдын алу......................................................27
10. Патологоанатомиялық сойып зерттеу және мал өлекселерін жою............30
11.Малды союға дайындау,сою және ветеринарлық санитарлық сараптау.................................................................................................................31
12.Практика қорытындысы.................................................................................34
13.Тіршілік қауіпсіздігі........................................................................................36
14.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................37
Кіріспе
«Ветеринарлық санитария» деген түсінік ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, малға неғұрлым қолайлы сыртқы орта жағдайын туғызу және мал мен адам денсаулығын сақтауды білдіреді.Ветеринарлық санитарияның іргетасы ветеринарлық санитарлық қадағалаумен қатар жүргізілеттін ветеринариялық санитарлық шаралардан қаланады.
Ветеринарлық санитарлық талаптарды бұзушылық салдарын жойып,олардың орындалуын жолға қою үшін тиісті ветеринарлық санитарлық шаралар жүргізу қажеттігі туады. Оларға жататындар,шаруашылықтарда малдарды, өнімдерін, шикізаттарын, азық жемдерін, шикізаттарын қабылдау жинауға тыйым салу белгілі мерзімге жайылымдарды, суаттарды жабу, малды күтіп бағу кемшіліктерін жою, қораларды, аумағын тазалау, дезинфекциялау, арнаулы алдын алу немесе ветеринарлык санитарлық шараларды жүргізу, карантин енгізу, қоршаған ортаны қорғау шараларын жургізу. Көлікте малды, мал өнімдерін шикізаттарын тасмалдауға тиым салу жол үстінде ауырған малды оқшаулап, тиісті шаралар қолдану, көлік түйінділерін уақытша жабу, ауру ошағын айналып өтетін жолдар.
Ет сүт, шикізат өңдеуші кәсіпорындарында, жарамсыз өнімдерді тәркілеп жою, күдіктілерін залалсыздандыру, ауру малды союға тыйым салу, санитарлық дезинфекциялау, дератизациялау, базарды уақытша жабу.
Шекаралық ветеринариялық санитарлық бақылау нүктелерінде ауырған малды оқшаулау,шикізат өнімдерін тәркілеу, экспорт импорт алмасуын тоқтату.
Мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша, шешім ауызша немесе жазбаша бұйрық, нұсқау, акт, хаттама түрінде беріледі. Қажетті болса,лауазымды мемлекеттік ветеринария инспекторы айыпты тұлғаға ережелерді орындамағаны немесе бұзғаны үшін, өз күшіне енген ҚР заңдарына сәйкес, айтып салады.Оның шешімдерін орындау баршаға міндет,тек жоғары дәрежелі ветеринария органдары ғана бұл шешімдердің күшін жоя алады.
...