Ветеринария
Автор: Nurikemal • Сентябрь 6, 2018 • Лекция • 7,814 Слов (32 Страниц) • 1,715 Просмотры
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі[pic 1]
"Ауылшаруашылық" бөлімшесі
"Малдәрігерлік істі ұйымдастыру" пәні бойынша
оқу тәжірибелік сабағының
әдістемелік нұсқаулықтар жиынтығы
Дайындаған "Ветеринария"
мамандығының оқытушылары :
Қызылорда, 2014 ж.
Алғы сөз
Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамына жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылыми пәндер кіреді. Вееринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру – арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты – мал өсіруші шаруашылықтарда ет – сүт, мал өнімдер текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Сонымен қатар мемелекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының егеменжі ел болу кезеңінде, элеуметтік – экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы өте зор. Әлеуметтік экономиканы қайта құру нәтижелі ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Ветерианрия ісін ұйымдастыруыд нашар жүргізу – шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.
Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік – экономикалық факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттін дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауылшаруашылығын білікті мамандармен қамамасыз ету, сонымен қатар материалдық – техникалық жағынан дұрыс жабдықтау.
Пән құрамында ветеринарлық даңдылық жинағының негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы, ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымддастыру. Ветерианрлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және т.б. тараулар бар.
Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу, емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс – тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.
Ветеринарлық статистика – малдардың ауруға, өлім – жітімге ұшыраушылығын, ауру таралуын, қолданылған шаралар тиімділігін және оның әр түрлі себептерге тәуелділігін зерттейді.
" Малдәрігерлік істі ұйымдастыру " пәні бойынша
оқу практикалық сабағының
"Ветеринарлық шараларды жоспарлаудың түрлері" тақырыбына
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Сабақтың мақсаты : Ауылшаруашылық малдарын жансыздандыру тәсілдерін, асептика, антисептика сипаттамасын, жансыздандыруға қолданылатын дәрі-дәрмектерді зерттеп білу.
Қажетті құрал - жабдықтар : Әртүрлі новокайн ерітінділері, кестелер, суреттер, ине түрлері, скальпель, қысқыштар, қайшылар, мақта, дәке т.б.
...