Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Ветеринарии"

Автор:   •  Февраль 27, 2019  •  Контрольная работа  •  856 Слов (4 Страниц)  •  565 Просмотры

Страница 1 из 4

 А

 Д

 С

 О

 Р

 Б

 Ц

 И

 Я

  1. Фазалардың бөлу шекарасында болатын процесс қалай аталады ? ( Адсорбция )
  2. Хемосорбция , кез – келген химиялық реакция сияқты 2 түрлі болады соның бірі қалай аталады ? ( Эндотермия )
  3. Адсорбция мен абсорбция процестері қатар жүргенде қатты материялдық еріген заттарды ,газдарды жұтуы қалай аталады ? ( Сорбция )
  4. Адсорбциядан өзгеше , фазалар бөлімінің бетін ғана емес , сорбенттің бүкіл көлеміне таралуы қалай аталады ? ( Абсорбция )
  5. 1915ж . мономолекулалық адсорбция теориясын ұсынған кім ? ( Ленгмюр )
  6. Адсорбция өлшемі мен ерітінді концентрациясы бар беттік  керілудің өзгерісі арасындағы қатынасты анықтайтын теңдеу қалай аталады ?( Гиббс )
  7. Егер абсорбтив абсорбентпен химиялық әрекеттесе ондай процесті қалай атайды ? ( Хемосорбция )
  8. Адсорбенттерден адсорбцияланған заттарды еріткіштердің көмегімен алып тастау қалай аталады ? ( Элюция )
  9. Кері адсорбция , яғни фазаның бөлігінен фазаның көлеміне заттың тасымалдануы қалай аталады ?( Десорбция )

Витаминдер – әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады. Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. 1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин / лат. vita – тіршілік, amin – амин / деген ат берді. Қазіргі уақытта витаминдердің30-ға жуық түрі жақсы зерттелген. Витаминдерді осы уақытқа дейін латын алфавитының үлкен әріптерімен атайды А, Д, Е, К.Витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі үлкен топқа : майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді. Бұл көпшілікке танылған жіктеу. А- витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әр түрлі ауруларға әкеледі.

Д- витамині азықтарда болмағанда, немесе жетіспегенде төлдерде рахит аурулары дамиды. Рахит /грек rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы/ – мешел / құныс/ ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Е- витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Е- витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен тканьдерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Шөп астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Ғ витамині бұл митамин қанықтырылмаған май қышқылдарына жатады.

Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 /РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады. В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. В1 витамині / тиамин. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бәрігіп, пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын ферменттер құрамына кіреді.Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді. Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда болады.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (86.4 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club