Лекции по "Ветеринарии"
Автор: Tima Kakimov • Июнь 5, 2019 • Курс лекций • 31,897 Слов (128 Страниц) • 511 Просмотры
Дәріс №1
Пәнге кіріспе. Сойыс малдары
Ет өңдеу өнеркәсібінде шикізат ретінде ауыл шаруашылығы малдары, құстар және қояндар пайдаланылады. Ет комбинаттарында негізінен ірі қара, шошқа, ұсақ мал, жылқы сойылады. Кейбір өңірлерде түйе, бұғы, буйвол, т.б. жануарлар ет алу үшін қолданылады.
Ет өнеркәсібінде шығарылатын өнімдердің сапасы малдың тұқымына, жасына, жынысына және қоңдылығына байланысты. Ірі қара малдың өсірілетін тұқымдарының саны 50-ден асады. Өнімділігіне байланысты оларды етті, сүтті-етті және сүтті бағытта өсірілетін ірі қара малдарға бөледі. Орташа қоңдылықтағы ірі қара малдан 47-49 % ет ұшасы және 4-6 % май шикізаты алынады, ал жас малдан сәйкесінше - 48-50 және 2-4 %.
Мемлекеттік сатып алу тәртібі бойынша жас еттің және шаруашылықта амалсыздан сойылған малдың тұздалған етінің де қабылдануы мүмкін. Мұндай еттерді комбинаттарда ветеринария дәрігері қол қойған малдың амалсыздан сойылу себебін көрсететін актының қосымшасымен, куәлікпен, ветеринария лабораториясының бактериологиялық зерттеу нәтижесі қорытындысымен қабылдайды. Егер бактериологиялық зерттеу нәтижелері мен ветеринариялық - санитариялық зерттеуде ет тамаққа пайдалануға жарамды деп табылса, ол шартты түрде жарамды деп қабылданады да, ветеринариялық-санитариялық сараптаманың ережесінде көрсетілген тәртіп бойынша залалсыздандыруға жіберіледі.
Сойыс малдарының қоңдылғын анықтау.
Сойыс малдарының қоңдылық санаттарын анықтаудың негізіне бұлшық еттердің дамуы және тері асты майы жиналуы алынады. Қоңдылық категорияларын анықтау тәсілдері өте күрделі. Сондықтан да, малдарды тапсырушыларда, қабылдап алушылар да ол тәсілдерді өте жақсы білуі қажет.
Қоңдылық санаттарын анықтар алдында малдарды түр - тұлғасына, дене бітіміне назар аударып, сан мен қол еттерінің толысуына омыртқа бастарының, шонданай, сербек төмпешіктерінің білінуіне, және сербекте, шонданайда, шапта, арқада, соңғы қабырғаларда тері асты майының жиналуын төсті сипау, нұқу әдістері арқылы анықтайды.
Шошқа санатын анықтау оның денесінің түріне, арқа, бел тұрпатына бұлшық еттердің толуысына және шошқа жасы мен салмағына байланысты жүргізіледі. Тері асты майының (шелі) қалыңдығы 6 - 7 омыртқа аралығында анықталуға тиісті.
Ұсақ мал (қой, ешкі) қоңдылық санаты дене тұрпатына, еттің жетілуіне және жауырын, арқа, белдемеде, жамбаста, құйрықта май жиналуына байланысты анықталады.
Үй қояндарының қондылық санаттарын анықтау жон, сан еттерінің дамуына және тері асты майының жиналуына орай жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы құстарының санаттары кеуде және сан еттерінің дамуына, қарынындағы, санындағы (тауық мысыр тауығы, күрке тауық) және қанат асты майларының жиналуына (қаз, үйрек) байланысты анықталады. Сойыс малдары мен құстардың қоңдылық санаттары бойынша қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес болуға тиісті.
Қоңдылық санаттары.
Мүйізді ірі қараның қоңдылығы
Ірі қара мал жасы мен жынысына байланысты 5110-87 МЕМСТ бойынша 4 топқа бөлінеді.
- өгіздер мен сиырлар
- бұқалар
3. 3 айдан 3 жасқа дейінгі (жас малдар)
4. 14 күнен 3 айға дейінгі бұзаулар.
Қондылығына байланысты ірі қараны (өгіздер, бұқалар мен бұзаулар) бірінші және екінші санатқа бөледі.
Бірінші санат Бұлшық еттері жақсы жетілген. Кеудесінің тұрпаты жұмыр. Жауырыны сәл байқалады, сербек және шонданай басы домалақтанған, сандары жақсы жетілген, арқа мен омыртқа сабақтары шығынқы емес, тері астының жиналған майын құйрық түбінен, шонданай басынан, сербектен және соңғы екі қабырға тұсынан қолмен басып байқауға болады. Шап майы толысқан, серпімді, өгіздердің ұмасы ұлғайған және сипап байқағанда серпімді.
...