Контрольная работа по "Ветеринарии"
Автор: Nazerkw25 • Ноябрь 3, 2020 • Контрольная работа • 2,754 Слов (12 Страниц) • 402 Просмотры
- Қандай жағдайда жануарлардың вирустық аурулары өліммен аяқталады?
Вирустық аурулар — вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Вирус арқылы тарайтын аурулар малда көп кездеседі және олардың экономикалық зияны өте көп. Сондықтан да ауруды дер кезінде байқап, тез және дұрыс анықтаудың маңызы зор. Вирустық аурулар әр түрлі болып келеді. Кейбір аурудың клиникалық белгілері өте айқын болса, басқалары – елеусіз, тіпті жасырын түрде кездеседі. Осыдан аурудың өту жолдарының өте жіті, жіті, баяу және созылмалы түрлері кездеседі. Әсіресе кейбір аурулардың ерекше тобын – баяу өтетін ауруларды – сиырдың кеуекті энцефалопатиясы, қойдың скрепи, висна - маэди аурулары т.б. айта кеткен жөн. Бұл аурулар өте ұзақ уақытқа созылып, айлап, жылдап жүреді де малды шығынға ұшыратады. Аурудың жиі кездесетін түрі – малдың екі үш вирус қоздыратын аурумен ауыруы. Мысалы, ірі қараның парагрипп, ринотрахеит аурулары осыған дәлел. Вирустар тарататын ауруларды анықтау үшін аурулар туралы мәліметтерді ескерген жөн.
Ең бірінші – індеттің эпизоотологиясын білу керек. Ол үшін: Жергілікті жердегі кездесетін ауруларды, вирустардың экологиясын ескерген жөн. Мысалы, құтырықтың эпизоотологиясы үшін негізгі көзі – түлкі. Солардан барып вирус үй жануарларына жұғуы мүмкін. Мал, адам және құстың тұмау ауруларының эпизоотологиясында, эпидемиологиясында осы аурудың белгілі бір таралу заңдылығы белгілі болды. Ол заңдылықтың құстың келуі мен қайтуына, яғни ұшу мерзімдеріне байланысты екені анықталды. Ауруды анықтау мал түріне де байланысты. Көптеген вирустар малдың белгілі бір ғана түрін ауыртады. Мысалы, аусылмен қостұяқтылар, ал сүйелмен қой мен ешкі, Ньюкасл аурумен құстар ғана ауырады. Ауруды анықтау үшін, малдың жынысын, физиологиялық жағдайын да ескерген жөн.
Екіншіден – ауырған малдың клиникалық белгілерін білу керек. Вирустық инфекциялармен ауырған малда белгілі бір симптомдар пайда болады. Солардың арқасында ауруды анықтауға болады.
Үшіншіден – патологиялық – анатомиялық белгілер. Өлген малды сойған кезде қандай аурудан өлгенін білуге болады. Мысалы, классикалық оба ауырған шошқалардың кейбір дене мүшелеріне қан құйылғаны байқалады: эпикардта, эндокардта, тамағында, ал көк бауыр сыртында қатты түйіршіктер пайда болады.
Төртіншіден – ауру зертханалық зерттеулердің арқасында анықталады. Вирус жұқтыратын ауруларды зертханалық әдістермен анықтаған дұрыс. Зертханалық зерттеулер мынандай жағдайларда ауруды дұрыс анықтауға көмектеседі: бірнеше аурудың кликасы бірдей, аурудың өту жолдары әдеттегіден айрықша болған жағдайда немесе аурудың эпизоотологиясы және патологиялық – анатомиялық өзгерістері ұқсас болса.
Жануарлардың вирустық аурулары көбінесе емдеу шараларының әсері мен нәтижесі болмаған жағдайда, аурудың өтуі мен симптомдарының әсерінен және аурудың асқынуынан өліммен аяқталады
- Қандай препараттар мен әдістер лабораториялық құрал-жабдықтар, ыдыстар және жұмыс столын стерилизациялау үшін қолданылады?
Стерилизация – кез келген лабораториялық материалдарда, заттардағы патогенді жіне патогенді емес микроорганизмдерді, олардың формаларын өлтіреді. Бактериологиялық зертханаларда қоректік орталарды, шыны ыдыстарды, құрал-жабдықтарды, жұмыс столын стерильдейді. Асептикалық жұмыстарды жүргізуге жағдай жасау үшін бокс бөлмелері мен қажетті заттарды стерильдейді. Стерилизацияда физикалық және химиялық әдістерді қолданады. Олардың механизмдік әсері әр түрлі болғандықтан 2 негізгі талаптар: стерильдеуге арналған материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерінің сақталуы және толық залалсыздануы керек.
...