Асқазан ішек патологиясы
Автор: Nazym122 • Май 16, 2018 • Реферат • 1,285 Слов (6 Страниц) • 1,505 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Асқазан ішек патологиясы
Тексерген:Оразалиева С.Б.
Тобы:ВС-403
Орындаған:Байзақ Н.С.
Семей 2017
ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды.Қазіргі кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен жүргізіледі – гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және люминисцентті микроскопия, т.б.
Патологиялық анатомия – торшалар мен өрмелердегі өзгерістерді зерттеу арқылы патологиялық процестер мен аурудың мәнін ашатын ғылым.
Жалпы патологиялық анатомия сырқаттық процестерді жалпы типтік тұрғыдан, сырқаттық процесстердің тіркестерін белгілі бір мүшенің құрылымдық және функциялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады. Әрбір ауруда сырқаттық процестердің белгілі бір ретпен тіркесуі, белгілі бір мүшелердің олармен зақымдануы нақты ауруға тән клиникалық анатомиялық нышандардың қалыптасуына әкеліп, ол ауруды танып білуге мүмкіндік береді. Ауруларды оларға ортақ нышандар бойынша жүйелеп, жіктеуге мүмкіндік береді.
Ас қорыту мүшелері мен ішек аурулары негізгі дерт ретінде де, басқа бір дерттерге қосарлана да туындайды. Алғашқыда малды азықтандыруға да, бағып күтуге, пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылуынан, улы заттар әсерінен, микроорганизмдер мен паразиттердің әрекетінен болады. Бұл аурулардың тек бір бөлігі ғана морфологиялық тұрғыдан қабыну процестері болып табылады.
Тарылу және бітелу. Көбінесе ауыз қуысында,жұтқыншақта, өңеште, қосалқы қарында байқалады.Мүшенің тарылуы мен бітелуі толық та, жарым-жартылай да болады, өз бетінше де және басқа бір сырқаттың салдарынан екінші кезекте туындайды.
[pic 1]
Ішектің бітелуі (непроходимость кишечника)-құрсақ тұсындағы кенеттен пайда болған шаншуымен білінетін, малдың барлық түрі шалдығатын, дегенмен жылқыда жиірек кездесетін дерт.
- Туындау себебіне байланысты
- Динамикалық бітелу.Азық қорыту мүшелерінің қуыстары бос болғанымен морфо функциялық өзгерістерге байланысты олардың ішіндегісінің жылымай қалуы. Ішек құрысады не салданады.
- Механикалық бітелу.Ішектің белгілі бір жерінде қуыстың тарылып немесе тығындалып , ішіндегісінің жылжымай , сыртқа шығарылмауы.
- Тромбоэмболиялық бітелу.Мүшенің қан тамырлары алыстан қанға ілесіп келген эмболмен немесе шажырқайлық алдыңғы артериядағы гельмиеттер әрекетінен болған ұйыстан үзілген эмболмен тығындалуына байланысты туындайды . Ерекшелігіішектің қуысы бос болады , оның қабырғасы мен шажырқайы жаншылмайды.
Ішектің ұйыс эмболиялық бітелуі. Мүшенің қан тамырлары алыстан қанға ілесіп келген эмболмен не шажырқайлық алдыңғы артериядағы гельминттер әрекетінен болған ұйыстан үзілген эмболмен тығындалуына байланысты туындайды. Бұл бітелудің ерекшелігі ішектің қуысы бос болады да, оның қабырғасы мен шажырқайы жаншылмайды.
...