Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы
Автор: Айкерим Амангелдиева • Ноябрь 2, 2018 • Методичка • 10,063 Слов (41 Страниц) • 2,476 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі
1513000 - «Ветеринария» мамандығына арналған
Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы әдістемелік нұсқаулығы
Т.Рысқұлов 2017ж.
КБЖ:45
Құрастырған: Шарипов.С, Амангелді А. «Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы /әдістемелік нұсқаулық /
Т.Рысқұлов 59 бет 2017 ж
Әдістемелік нұсқаулық 1513000 - «Ветеринария» мамандығының білім алушыларына арналған.
Қысқаша мазмұны: «Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы» пәнінен 1513000-«Ветеринария» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысына сәйкес және ҚР Білім ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің Оқу- әдістемелік кеңесінің «03». 09. 2009 жылғы № 3 хаттамасымен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Әдістемелік нұсқауда «Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы» пәнінен тәжірбиелік жұмыстардын орындалу тәсілдерінің жолдары көрсетілген.
«Арнайы пәндер » пәндік циклдік комиссиясы мәжілісінде қарастырылып, бекітілді және ОӘК ұсынылды.
№______хаттама «___»________2017 ж
«Арнайы пәндер » ПЦК төрағасы _____________ Г.Алимкулова
Әдістемелік нұсқаулық ТАБСК әдістемелік кеңестің мәжілісінде қаралды
№____ хаттама____. ____ 2017 ж.
ТАБСК 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ___________________________________________4
1.Ұрғашы және еркек малдың жыныс аппаратының анатомиясы мен топографиясының түліктік ерекшеліктері_______________________________________5
2.Күйіттеуші малды дайындау және оны пайдалану_______7
3. Жыныстық циклдің феномендерін анықтау___________12
4. Буаздықты анықтау_______________________________15
5. Жаңа туған төл ауруларын анықтау_________________23
6. Бедеулікті анықтау_______________________________25
7. Жасанды қынаптың құрылысы дайындау және жинау әдістері____________________________________________27
8. Шәует алу техникасы және санитарлық биохимиялық бағалау____________________________________________30
9. Шәуетті көзбен және санитарлық бағалау____________35
10. Спермилердің тыныс алу коэфициентін, өлі тірісін анықтау___________________________________________38
11. Шәуетті сұйылту________________________________40
12. Шәуетті сақтау және тасымалдау__________________44
13. Сиырды қолдан ұрықтандыру_____________________46
14. Қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру_______________53
15. Эмбрионды көшіріп қондыру үшін малдың жыныстық циклін стимулдеу, синхрондау________________________55
Пайдаланған әдебиет______________________________58
3
Кіріспе
Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы пәнінің негізгі мақсаты - мал шаруашылығы кәсібінде аурудың алдын алу, бедеулікті азайту мен төл алуды молайту жолдарын оқыту болып табылады.
Сондықтан малдың буаздық физиологиясы мен буаздықты анықтау әдістерін білу, қолдан ұрықтандыруды тиімді іске асыру жолдарын оқыту пәннің негізгі міндеті болып табылады.
«Акушерства» деген сөз француздың «ассиосһех» - родить (туу) деген сөзінен алынған. Қысқаша айтқанда, акушерства - ұрғашы малдардың көбею, буаздық, туу кезінде, туғаннан кейін жәрдем көрсетудің физиологиясы мен паталогиясы туралы білім.
Бұл әдістемелік нұсқауда малдың жыныс мүшелерінің анатомиялық құрылысы және оның физиологиясы, буаздықтың физиологиясы мен патологиясы, оны анықтау әдістері, тудыру әдістері жазылған. Сонымен қатар қолдан ұрықтандыру үшін ұрық алу әдістері, ұрықты бағалау жолдары, әр түрлі ауыл шаруашлық малдарын қолдан ұрықтандырудың техникасы мен әдістері жазылған.
...