Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Дала, шөл дала және орманды дала өсімдіктерін оқыту әдістері

Автор:   •  Декабрь 21, 2022  •  Лекция  •  1,131 Слов (5 Страниц)  •  322 Просмотры

Страница 1 из 5

Тақырыбы:

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Дала, шөл дала және орманды дала өсімдіктерін оқыту әдістері

Орындаған:

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер.  Басқа көрші елдермен (РесейОрта АзияКавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш  өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге пен қырықбуынға жататыны анықталды. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.

Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялықэкологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

 Қазақстан флорасының ерекшеліктеріне байланысты аймақтарға қарай бөліп, сол аймақтардың тіршілік ерекшеліктерін, соның ішінде өсімдіктерін оқыту әдістемесі – биологияны оқытудың әдістемесінің жалпы қағидаларына сүйене отырып орындалады. Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.

Биологияны оқыту әдістерінің бірқатарын пайдалана отырып сыныпта белсенді сабақ өткізу арқылы оқытуды қарастырайық.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларда дала, шөл дала және орманды дала зоналары туралы түсінікті қалыптастыру;
  2. Оқушыларды дала, шөл дала және орманды дала өсімдіктерінің көптүрлілігі, ерекешеліктері мен айырмашылықтарымен таныстыру;
  3. Табиғат объектілеріне, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Материалдар: Қазақстанның табиға зоналар картасы, дала, шөл дала және орманды дала табиғатының суреттері бар иллюстрациялар, слайд.

Сабақтың барысы: Мұғалім картадан Қазақстанның әртүрлі табиғи зоналарын көрсетіп, олардың қандай түспен боялып белгіленгенін айтып таныстырады. Қайталап балалардан қай зона қандай түспен боялғанын сұрайды.

Суреттер немесе слайд арқылы дала, шөл дала және орманды дала зоналарын көрсетеді. Әр зонаға жеке тоқтап, ол жердің климаты, ерекшеліктері туралы айтып түсіндіреді. Қазақстандағы дала, шөл дала, орманды дала флорасына жеке  тоқталып өтеді.

Дала өсімдіктері

Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. 

Дала – үлкен ормансыз жазықтықтар, шөпті алқап. Даланың жазы құрғақ және ыстық, қысы суық және ұзақ. Жауын-шашын сирек. Әдетте жаңбыр құйып өтеді де, жерге сіңіп үлгермей буланады. Жердің ылғалдылығы төмен. Жазда жиі аптап болады. Қазақстанның барлық далалары бірдей емес. Солтүстік далалары жері егістікке жыртылған, алайда кей жерлерінде көктерек, қайың ағаштары кездеседі. Далада ағаш сирек кездеседі, олар тек көл мен өзен жағасында шоғырланған. Бұталар аласа. Қазақстанның оңтүстік-шығысында итмұрын, қараған, шалғын өскен бұталы дала да бар.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (109.6 Kb)   docx (204.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club