Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саңырауқұлақтардың морфологиясы

Автор:   •  Сентябрь 23, 2020  •  Реферат  •  526 Слов (3 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 3

Кіріспе

Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycetes) эукариотты микроорганизмдердің әртекті топтары. Саңырауқұлақтар ядролық қабықшасы бар ядродан, органеллалары бар цитоплазмадан, цитоплазмалық мембранадан (құрамында фосфолипидтер мен стеролдары бар) және глюкан, целлюлоза, хитин, ақуыз, липидтер т.б. бар күрделі жасуша қабырғасынан тұрады. Саңырауқұлақтар мицелиде шумақталатын ұзын жіңішке жіпшелерден (гиф) тұрады. Төмен деңгейдегі саңырауқұлақтар гифтерінің – фикомицеттердің – гифтері аралық қалқалары жоқ. Жоғары деңгейдегі саңырауқұлақтарда – эумицеттерде – гифтері аралық қалқалармен бөлінеді; олардың мицелилері көп жасушалы.

Саңырауқұлақтар спораларымен жынысты және жыныссыз әдістермен, сондай-ақ вегетативті жолмен (бүршіктену немесе гифтің бөлшектенуі) көбейеді (1-сурет). Жынысты және жыныссыз жолмен көбейетін саңырауқұлақтарды жетілген деп атайды. Ал, жынысты көбею жолы жоқ немесе әлі де анықталмаған саңырауқұлақтарды жетілмеген деп атайды. Саңырауқұлақтарда жыныссыз көбею домалақ құрылымның – спорангияның ішінде жетілетін эндогенді споралардың және ұрық тасымалдаушы гифтердің ұшында түзілетін кондийлердің – экзогенді споралардың көмегімен жүзеге асады.

Саңырауқұлақтарды 7 классқа бөлуге болады: хитридиомицеттер, гифохитридиомициттер, оомицеттер, зигомицетер, аскомицеттер, базидиомицеттер, дейтеромицеттер. Фикомицеттерді келесі топтарға бөледі: хитридиомицеттер немесе су саңырауқұлақтары, бұлар сапрофитті өмір сүреді немесе балдырларды зақымдайды; гифохитридиомицеттер, мен оомицеттерге ұқсас; оомицеттер – өсімдіктердің және су көгерткіштерінің паразиттері; зигомицеттер – Mucor туыстығы өкілдерін құрайды, бұлар топырақ пен ауада кең тараған және өкпенің, бас миының және басқа мүшелердің мукоромикоз ауруын тудыруға қабілетті. Жыныссыз көбеюде ұрықтық спорангия тасымаулдаушы гиф спорангия түзеді, бұл көптеген споралардың (спорангиоспорлалар) тұратын қабықшасы қалың құрылым. Зигомицеттердегі жынысты көбею (оогамия) зигоспораның немесе ооспораның түзілуі жолымен қамтамасыз етіледі.

1-сурет. Саңырауқұлақтардың жыныссыз спора түзу типтері. а – Мисог, б – Aspergillus, в – Peniacillum

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (41.6 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club