Зең саңырауқұлақтары
Автор: dsdreamer01 • Ноябрь 24, 2021 • Реферат • 1,366 Слов (6 Страниц) • 751 Просмотры
Зең саңырауқұлақтары– аскомицет, гифомицет, фикомицет тобына бірігетін жетілмеген саңырауқұлақтар қатарына жататын төменгі сатыдағы өсімдіктер.
Бұларға тән ерекшелік өскен кезде үлпілдек, мамық тәрізді, түсі әр түрлі зең қабатын түзеді. Бұл қабат саңырауқұлақтың субстрат бетінде пайда болатын мицелийлерінен, спора түзгіш жіпшелерінен және спораларынан тұрады. Зең саңырауқұлақтарының түсі түріне байланысты ақ, сұр, қара, көкшіл, жасыл, тағы басқа болып келеді. Өте ылғалды жерлерде және қолайлы температурада жақсы әрі тез өседі. Споралары, мицелий бөліктері, кейде жеке гифтері (жіңішке жіпше) арқылы көбейеді, тарайды. Зең саңырауқұлақтары тағамда, өсімдік қалдықтарында, үйдің қабырғаларында (жабысып), көкөністе, тағы басқа жерлерде өсіп дамиды. Органикалық қалдықтарды ыдырату, шіріту және зат алмасу процесіне қатысады.Зең саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған, кез келген тіршілік ортасында кездеседі. Олардың кейбір түрінен адамға қажетті заттар (витамин, антибиотик, органикалық қышқылдар) алынады
Зең саңырауқұлақтар қоректік ортаға талғампаз емес, бірақ олардың көп өкілдері ауада оттегінің болғанын қажет етеді. Зеңдер – жануарлар мен өсімдіктен жасалған тағам өнімдерінде өмір сүретін өте ұсақ саңырауқұлақтар. 300000-ға жуық саңырауқұлақ түрлері белгілі. Бір жасушалы ашытқылар мен бактериялардан айырмашылығы – зеңдер көптеген жасушалардан тұрады, олар гиф деп аталатын ұзын жіптерден құралады. Микроскоптан зең мицелий деп аталатын өрімделген гифтар болып көрінеді. Гифтардың бір бөлігі споралармен аяқталады. Зеңнің түсі спораларға байланысты. Зең споралары ауа-сілекей және жәндіктер арқылы тарайды. Зеңдерде жіңішке жіптерге ұқсайтын бұтақтары мен тамырлары бар. Тамырлары субстратты мицелий деп аталады, олар көзге көрінбейді және субстраттың немесе тағамның терең ішіне кіреді. Бұтақтары ауа мицелиі деп аталады. Зеңдердің жиі серігі бактериялар болып табылады. Зеңнің жиналған жерлері жақсы көрінеді: мысалы, нан өнімдерінде, жемістер мен көкөністерде – жасыл немесе сұрғылт қара, тұздалған орамжапырақта – ақ түсті.
Егер тағамыңызды зең басса, оны алдын ала пластик дорбаға салып, лақтырып жіберіңіздер. Зеңделген тағамдарды жабылатын контейнерлерге тастаңыздар. Зең қауіпті. Адам ағзасына қауіпті микотоксиндер мен уларды шығаратын түрлері кездеседі. Зеңге мүмкіндік бермеңіздер. Тағам өнімдерін көптеп сатып алып, ұзақ мерзім сақтамаңыздар. Ал бір зат зеңделген жағдайда оны иіскемеңіздер! Ол респираторлық ауруға себеп болуы, тыныс жолдарының ауруына әкелуі ықтимал. Зеңнің кейбір түрлері аллергиялық ауруларды қоздырса, басқалары адам ағзасына зиянды заттарды шығарады. Сондықтан күдікті шикізат пен тағамдарды пайдаланбаған дұрыс. Зеңнің бір бөлігі ғана тағамдардың бетінде болады – тұрып қалған макарондағы сұр мамық немесе нанның бетіндегі жасыл мамық нүктелермен ірімшіктегі ақ шаң мен көкөністердің бетіндегі теңге тәрізді таңбалар. Тағамның бетінде көп мөлшердегі зең пайда болса, оның тамыры тереңге кеткенін білдіреді. Зеңнің қауіпті түрлерінде улы заттар тамырларында немесе солардың айналасында орналасады. Кей кезде улы заттар бүкіл тағамға тарап кетеді. Зең, негізінде, ет пен құс өнімдерінде өседі, бірақ, басқа тағамдарда да кездеседі.
Сатып алу алдында тағам өнімдерін мұқият қарап алыңыздар. Шыны ыдыстардағы консервіленген тағамдарды тексеріңіздер. Соғылған жемістер мен көкөністерді, зеңі бар тағамдарды сатып алмаңыздар. Супермаркет қызметкеріне тағамдардағы зең туралы ескертіңіздер! Жаңа сойылған мал мен құс етінде зең болмайды, бірақ, жартылай шикі және консервіленген тағамдарда зең пайда болуы мүмкін. Абай болыңыздар! Тек қана пайдалануға қауіп төндірмейтін ақ қабығы бар салями түрлерінен күдіктенбеңіздер. Қақталған шошқа еттерінде үстірт зең кездеседі, оны пайдаланар алдында қырып тастау керек. Егер тоңазытқыштың ішінде зеңделген тамақ көрсеңіздер, тез арада осындай зат сақталған тоңазытқышты немесе шкафты жуыңыз. Жанында жатқан тағамдарды тексеріңіз, себебі, зең қасқағым сәтте жанындағы көкөністер мен жемістерге тарайды. Зеңнен тағамдарды қалай сақтауға болады? Ауадағы зеңнен сақтау үшін дайын тамақты жылтыр пленкамен жабу керек. Тез бұзылатын тамақтарды ашылған консерві ыдыстарынан таза контейнерлерге салып, тоңазытқышқа орналастыру қажет. Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта екі сағаттан, тамақтың қалдықтарын 2-3 күннен артық сақтамаңыз. Қышқылдығы жоғары жеміс-жидектер, көкөністер және басқа өсімдіктер мен мал өнімдері бактериялар үшін жағымсыз орта болып табылады, ал ашытқылар мен зеңдер қышқыл ортада жақсы көбейеді. Зең саңырауқұлақтарының жойылуы үшін тағам өнімін 100 градуста (су қайнау температурасы) 1-2 минөт немесе 85 градуста 5-6 минөт қайнату жеткілікті. Ашытқылар мен зең саңырауқұлақтарының пайда болуы ашыған сүт өнімдерінде, балалар тамағында, кондитерлік өнімдерде, көкөністерде, салаттарда, сусындарда, ет өнімдерінде, консервіленген тағамдарда, майонезде анықталады.
...